Орталық Қазақстанның шаруашылығы

География
Орталық Қазақстанның шаруашылығы

Мақала авторы: Жанибекова Светлана Айдыновна
Жұмыс орны: Қызылорда облысы, Байқоңыр қаласы, №274 орта мектебі
Лауазымы: география пәні мұғалімі
Порталға жариялану мерзімі: 23.03.2016


Мақсаты:  Орталық Қазақстан шаруашылығы жайлы білімдерін қалыптастыру.

Білімділік: Орталық Қазақстан экономикалық ауданының шаруашылығы, өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, көлік кешені туралы білімдерін кеңейту;

Дамытушылық: өз бетімен ізденуге дағдыландыра отырып,оқушының ойлау қабілетін дамыту;

Тәрбиелік: топпен, жұппен жұмыс істей білуге, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін қалыптастыру, шығармашылық ізденіске баулу.

Сабақтың көрнекілігі: Қазақстанның физикалық, Орталық Қазақстанның экономикалық картасы, слайдтар, А3 форматты қағаз, бағалау парағы.

Сабақтың типі:  жаңа білім меңгерту

Сабақтың әдіс-тәсілдері: топтастыру, жұптық жұмыс,сұрақ-жауап, пікірлесу.

Пән аралық байланыс: тарих, биология.

Сабақтың барысы:

І.  Ұйымдастыру кезеңі

  1. Оқушылар назарын сабаққа аудару.
  2. Сын тұрғысынан ойлау әдісі арқылы топқа бөлу.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

  1. «Сандар сөйлейді» ойыны.
  2. «Ғажайып алаң» викториналық сұрақтар

ІІІ. Жаңа сабақ

  1. Дәптерге жаңа тақырыпты, жоспарын жаздыру. Әр топқа §21.тақырыпшаларын бөліп, өзара оқыту арқылы постер қорғату. (Әр топтың жауабын өзім толықтырып отырдым)
  1. 2. «Ой шақыру» стратегиясы

І  топқа.Сіздің ойыңыз…

Атластағы “Көлік жүйесі” картасындағы темір жолдың бағыттарына қарай отырып Орталық Қазақстанды республикамыздың басқа экономикалық аудандарының қандай қалаларымен жалғастыратынын анықтаңыз? Орталық Қазақстанның көлік түрімен қамтамасыз етілуіне және сыртқы сауда қатынасын дамыту мүмкіншілігіне қорытынды жасаңдар.

 

ІІ топқа. Анықтаңыз… 

Суретке баға беріп, Орталық Қазақстандағы экономикалық белсенді халықтың үлес салмағын анықтаңыздар?  Негізгі халық жұмыстың қандай түрінде қызмет етеді?  Қандай қорытынды жасар едіңіз?

ІІІ топқа. Табыңыз…

Орталық Қазақстан қандайминералды  ресурстарға бай? Олардың негізінде құрылған комбинаттаржәне оларды игеруге көмектесіп отырған шетел компаниялары?

І топ. Салыстырыңыз.  Аумақтағы шаруашылық түрлерінің

дамуына әсер ететін жағымды және жағымсыз факторлар.

ІІ топ. “Жүйрік ой”. Орталық Қазақстанның болашақтағы дамуына сараптама жасаңыз.

ІІІ топ.  Дәлелдеңіз.  Картаны қолданып, Орталық Қазақстанның  экологиялық жағдайы?

ІV. Кескін картамен жұмыс.

Кескін картаға Орталық Қазақстандағы қара және түсті металлургия орталықтарын түсіру.

  1. Сәйкестендіру тесті

Сәйкестендіру тестін әр оқушыға беріп, жауабын бір-біріне (жұптық) тақтадан слайдтан көрсетіп, тексерту, бағалату.

Қарағанды                                         түсті металлургия орталығы

Теміртау                                              балық зауыты

Балқаш                                                кокстелетін тас көмір

Теміртау                                               резина, техникалық бұйымдар

Абай, Қарағанды, Теміртау           ауыр машина жасау зауыты

Саран                                                    күкірт қышқылы

Балқаш                                                 ЖЭС

Қарағанды                                          синтетикалық каучук

Жезқазған, Балқаш                          қара металлургия

 

VІ. Қорытындылау

Орталық Қазақстанның минералды базасы мықты болғанымен су ресурстарынан тапшылық көріп отыр. Халқының негізгі бөлігі өнеркәсіп саласында жұмыс істейді.Жалпы алғанда Орталық Қазақстан сауда-экономикалық қарым-қатынас жасауға таптырмайтын аймақ. Республикамыздың ресурсы жеткілікті, ауыр өнеркәсіп салалары жақсы дамыған индустриалды ауданы.

VІІ. Бағалау

VІІІ. Үйге тапсырма беру:

  1. 21.Орталық Қазақстанның шаруашылығы.
  2. Кескін картамен жұмысты аяқтау.

Топ жетекшілері бағалау парағы бойынша әр оқушының ұпай санын есептеп, бағалайды.

                                          Бағалау парағы

 

 

Топ мүшелері

 

Сандар сөйлейді

 

Ғажайып алаң

 

Постер қорғау

 

Ой шақыру

 

Картамен жұмыс

Сәйкес- тендіру тесті

 

Жалпы балы
1.
2.
3.
4.
5.
6.
7.
8.

 

Конкурстар мен олимпиадалар - https://talimger.kz

Республикалық қашықтық олимпиадалар — http://clever.zti.kz

Республикалық конкурстар, курстар, конференциялар мен олимпиадалар — https://ukz.kz

Конкурстар, конференциялар және олимпиадалар — https://tarim.kz

Халықаралық семинарлар, олимпиадалар мен конкурстар — https://mriks.ru

Халықаралық педагогтар ассоциациясы - https://iae.su

Атаулы ертегілер - https://hansunqar.kz