Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруда сыныптан тыс жұмыстардың берері көп [Английский язык]
Организация : Жетіарал мектеп - балабақша кешені
Должность : ағылшын тілі пәнінің мұғалімі
Дата : 08.01.2018
Номер журнала : 01-09-2018
«Балалар бақытты балалыққа әрқашан да қақылы. Олардың уақыты қуаныштың, бейбітшіліктің, ойынның, оқу мен өсудің уақыты болу керек. Олардың болашағы әріптестіктің үйлесіміне негізделуі қажет. Олардың өмірі, келешегі кемелденіп, олар тәжірибе жинақтаған сайын жарқын бола түсуі керек».
Бала құқықтары туралы Конвенциядан “Қазақстандық білімді жетілдіру тұжырымдамасы қазіргі кезеңдегі жалпы білім берудің мақсаттарын анықтап береді. Мектеп әмбебап білімдердің, іскерлік пен дағдылардың тұтас жүйесін, сондай-ақ білім алушылардың өзіндік қызметі мен жеке жауапкершілігін, яғни заманауи білімнің сапасын анықтайтын негізгі біліктілікті дамытуға міндетті. Оқушыларда бастамашылық, өзіндік, толеранттылықты қалыптастыру тәрбие берудің басты міндеті болып болып табылады. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, шығармашылық қабілеттерін дамыту мен дайындық сапасын көтеруге сабақтан тыс жұмыстар (факультативтер, пәндік үйірмелер) үлкен мүмкіндік береді”. Ағылшын тілі пәнінен де сыныптан тыс жұмыстар ұйымдастырылады. Жеті жұрттың тілін біл, Жеті түрлі білім біл – Қазақстандық қоғам көпұлттық, көптілділік және көпмәдинеттілік жағдайда. Сондықтан осы қоғамға бейімделген көп тілді меңгерген мәдениетті түлға қалыптастыру – өзекті мәселелердің бірі. Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Біз алдағы уақытта әлемдік биіктерді бағындыра беретін боламыз. Сондай биік белестердің бірі – Қазақстанның дүние жүзіндегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіруі. Осы мақсатқа жету үшін, ең алдымен, әрбір қазақстандық бәсекеге қабілетті болу керек» - деген болатын. Сонымен қатар Н.Ә.Назарбаев қазақстандықтардың жаңа ұрпағы ең кем дегенде үш тілді біліп, қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін білу тиіс екендігін айтты. Шәкірттер қазақ тілін толық әдеби нормада меңгеріп, орыс тілі мен ағылшын тілін еркін білу қажет. Ал ғалымдардың зерттеуінше, бала жас кезінде тілді қиналмай әрі еркін меңгереді екен. Осы ретте Білім және Ғылым министірлігінің ағылшын тілін бастауыш сыныптан бастап үйретуге назар аударуы – дұрыс талап. Бүлдіршін жаста меңгерілген білімнің іргетасы берік әрі мықты болмақ. Ал осы берік әрі мықты білімді санаға себелеп, жанға ұялататын әрине- мұғалім. Қазіргі кезде біздің тіліміз халықаралық, экономикалық, саяси және мәдени байланыстарын ұлғайтып келеді. Әсіресе, экономика саласында шетелдік инвестициялардың көптеп таралуы ағылшын тілін сөйлей білуді талап етеді. Сондықтан қазіргі мектептің алдында тұрған міндет ағылшын тілінде еркін сөйлей, жаза алатын оқушылар дайындау. Бұл мақсатқа жету жолында сыныптан тыс жұмыстардың маңызы өте зор. Оқушылардың тілді меңгеріп оқуды, жазуды, сөйлеуді, бір тілден екінші тілге аударуды, біліктілікті үйреткенде біз оларға басқа халықтың мәдениетіне әрі дүние жүзі мәдениетіне жол ашамыз, яғни басқа халықтармен қарым – қатынас жасауға мүмкіндік туады. Сыныпта, үйде, кітапханада әдебиеттер мен баспасөз беттерінен, оқулықтардан ақпарат алу, түрлі хабарлар дайындау, жоспар түзу, реферат жасау және екі – екіден топпен жұмыс жүргізу де кең түрде қолданылады. Мұндай жұмыстар арқылы оқушылардың шығармашылық зерттеу қабілеттерін арттыруға мүмкіндік туады. Сыныптан тыс жұмыстар нәтижесі мектеп бойынша айлықтар, жарыстар, концерттер, ертеңгіліктер өткізгенде көрінеді. Сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың белсенділігіне, шығармашылығына негізделеді, сонымен қатар әр оқушының икемі, қызығушылығы ескеріледі. Әр жаңа материал түсінікті, жеңіл түрде беріліп жұмыстың әр түрлі формалары мен тәсілдері қолданылып, аудио – видео құралдары қолданылуы қажет, оқушы өз жұмысының нәтижесін көріп, қанағаттануы қажет, өзінің жетістігін көре білуі қажет. Сыныптан тыс жұмыстардың мынадай түрлері бар: а) жеке ә) топтық б) көпшілік
Жеке түрі – мұнда мұғалім бір оқушымен жұмыс істейді. Жұмыстың бұл түрі оңай және көп жетістікке қол жеткізуге болады. Мен өз оқушыма мақал – мәтел жаттауға беремін, әрине үш тілде, ол бар құлшынысымен ізденуге кіріседі. Ол бірнеше мақалдарды өзінің дәптеріне көшіріп алып келеді. Мысалы: Live and learn. Ученье свет, а не ученье тьма. Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ. Where a will there is a way. Где хотенье, там и уменье. Іздеген мұратына жетеді. A good name is better than riches Добрая слава лучше богатства Жақсы сөз – жарым ырыс. Мақал – мәтелдер ғасырлар бойы халық даналығынан туындаған. Оқушылар мақалдарды неғұрлым көп білсе, соғұрлым тілді түрлендіріп, сөз қоры көп болары сөзсіз. Сонымен қатар баланың өз ойымен, өз ана тілімен есіне сақталған мақал – мәтелдерді ешқашан ұмытпайды және сол оқушыны тәрбиелеуде алатын орны ерекше болады. Оқушыға ағылшын тілін оқытуда ән мен музыканың да рөлі өте зор. Әнді айта отырып, оқушы сөздердің мағынасын түсінеді, оларды қайталай отырып есте сақтайды. Әндер арқылы оқушының білімін өміріне байланыстырып, үйреніп жатқан тілде сөйлейтін елдердің өнерімен, мәдениетімен танысады және өнер жұлдыздары туралы білімдерін молайтады. Мұнда мен өз Әнұранымыздан бастағанды жөн көрдім: Алтын күн аспаны, Алтын дән даласы, Ерліктің дастаны, Еліме қарашы! Ежелден ер деген, Даңқымыз шықты ғой. Намысын бермеген, Қазағым мықты ғой! Менің елім, менің елім, Гүлің болып егілемін, Жырың болып төгілемін, елім! Туған жерім менің – Қазақстаным! Golden sun in the sky, Golden green in the field. Look at my merry field, With a joy and fun. How so brave our work, How so brave our land. How so brave our men, How so brave our plan. My native land, My native land. I want to be, Four flower land. I want to be, Your merry singer, I’m future beadier of my Kazakhstan! Весна Пришла весна, весна пришла, Ушла холодная зима. Подует теплый ветерок И май наступит и пройдет. Вернутся птички издалека. Их песен будет нежна, глубока. Луга покроются цветами, Заполнятся сады плодами. Spring It is spring, it is spring. Cold winter is past. Warm breezes are blowing. And May here at last. The birds are returning. Their songs fill the air And meadows are smelling With blossoms so fair.
Топтық түрі – көбінесе оқушылардың сүйікті ісіне байланысты ұйымдастырылып, үнемі жүргізіліп отырады. Олар ойын, хор, ауызша сөйлеу, драма, әдебиет және өнер, ертегі қою, сондай – ақ альбом жасау, газеттер шығару, буклет жасау жұмыстары жүргізіледі. Топтық жұмыстар арқылы оқушылар бойында жауапкершілік, сыйластық, достық мол болады. Әр жұмыстың соңында практикалық нәтиже, яғни қай оқушы материалды қалай меңгергені көрінеді. Мысалы: 6 – 7 сыныптар арасында «Тіл мерекесі-ел мерекесі » - атты кеш өткіздім. Онда 6 – ші сынып оқушылары үш тілде өлең оқып, ән айтып, мақал жарыстырды. Жоғарғы сыныптар арасында «Robert Burns», «William Shakespeare» -шығармашылығына арналған кеш өтті. Сонымен қатар «ABC», «The club of funny friends», «English land», «English around us» «Who is champion?» «First think, then speak» «The leader of the XXIcentury» атты сайыстар үнемі өткізіліп отырылады.
Массалық түрі – ағылшын тілінде диспуттар, дискуссиялар, ток– шоулар, конференция, кештер, ертеңгіліктер өткізу жатады. Мысалы: 6– 7 сыныптар аралығында « The best polyglot» - атты кеш өткіздім. Мазмұны: I Іntroduce themselves (топтың аты, ұраны, эмблемасы) II Friendly numbers III Diagram IV Countries of the world V What time is it? VI Letter lines T E B R X P C A T L X Q L M Z U N C L E D O G H O D W Y A Q G U V W O R K E R O T X A K A Z A K H S T A N T E A O P L T U N F S J Z T E A C H E R L H E T C H R I S T M A S R A T Бірінші топтар өз аттарын, ұрандарын, эмблемаларын таныстырып өтті. Келесі кезең «Friendly numbers», мұнда оқушылар берілген сөздерді әріптердің орналасу ретіне сай тауып отырды. Үшінші кезең «Diagram», оқушылар берілген тақырыпқа сай сөздерді таңдайды. Төртінші кезең «Countries of the world», оқушылар берілген туға қарап елдердің атауларын табулары қажет. Көрермендерге де қызықты болуы үшін «Do you know…», яғни сирек кездесетін аңдар туралы мағлұмат берілді. Бесінші кезең «What time is it?»,оқушылар берілген уақыттарды ағылшын тілінде айтулары керек. Соңғы кезең «Letter lines» оқушылар берілген әріп тізбектерінен сөздер табулары қажет. Сыныптан тыс жұмыстарда мен оқушының білімді өз бетімен тауып, зерттеп, бірлесе отырып жаңа идеялар мен тұжырымдарды әр түрлі жолдармен ұсынатындарын, жаңа білімді белсенді түрде талдап, жинақтап, оларды күнделікті өмірдегі жағдайлармен байланыстыратындарын, бір – біріне деген сенімділіктері мен түсінушіліктері дамитынын байқадым. Сыныптан тыс шараларға қатысқан оқушылардың барлығын марапаттап отыру қажет. Қорыта келгенде мынаны ескеру қажет: а) Сыныптан тыс жұмыс – ағылшын тілін оқытудың құрамдас бөлігі. ә) Сыныптан тыс жұмыс әртүрлі формаларда мүмкіндігінше көп оқушыны қамту керек. б)Сыныптан тыс жұмыста алдыңғы қатарлы жаңа технологияларды қолдану қажет. Ауылдағы балалардың қызығушылығын арттырып, оқуға ұмтылыс беру үшін көп жұмыс жасау керек екендігі сөзсіз, өйткені «Шетел тілі» деп саналатын ағылшын тілі балалар үшін үлкен жаңалық және болашағы үшін баға жетпес байлық болып есептеледі.
Әдебиеттер
- Ағылшын тілін оқытудың әдістемесі Амандықова Г.Н.,Мұхтарова Ш.Е.
- Баймұқанова Б.С., Бисенғалиева А.Н. Жайық ұстазы
- « Ағылшын тілі мектепте» журналдары
- «Шет тілі мектепте» журналдары
- «Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар» журналдары