Әр бір мұғалімдің мақсаты бүгінгі заман талабына сай зерделі шығармашыл, қабілетті, білімді, өзгермелі ортаға сай тез бейімделгіш жеке тұлға бейнесін қалыптастыру.
Бұл қасиеттердің қалыптасуына мұғалімдің сабақ барысында оқушылардың қызығушылықтарын ояту, бағдар беру, дамыту арқылы қол жеткізуге болады. География сабағы да өте қызықты да күрделі, осы пәнге қызықтыру үшін мұғалімнен үлкен шеберлікті, ғылым мен техника жаңалықтарын, жаңа педагогикалық технологияларды әр сабақта тиімді қолдануды талап етеді.
География пәнінің оқыту нәтижесінде оқушылар Жердің түкпір-түкпірін, қасиеттерін, байлықтарын, оларды пайдалану жолдарын және табиғатты аялауға, сыйлауға, сақтап қалуға үйренеді. Сол білімді балаларға жеткізу үшін ойын – сабақ, викториналық – сабақ, сабақ – конкурс, топтық сайыс сабақ, географиялық саяхат сабақ, интеграциялық сабақ, блок сабақ, сабақ – конфиренция – реферат немесе – оқушылардың өзіндік шығармашылық жұмыстарын қорғау сияқты сабақ түрлерімен толықтырылады.
Дайындық барысында мен әрдайым оқушының географиялық білімін жетілдірудің негізі – оқушының өз бетінше ізденуін, көзден тыс қалдырмаймын, үнемі оқушы кітап көлемімен шектеліп қалмасын деп, қосымша ақпарат іздеп ,зерттеп келуге арналған, проблемалық ситуацияларды шешуге тапсырмаларды ұсынамын. Оқушыларға сапалы білім беру мен саналы тәрбие беруде электронды оқу құралдары, қашықтықтан оқыту және дидактикалық тапсырмалар мен оқыту секілді заман талабына сай әдіс тәсілдерді қолданып жүрмін. Осындай жұмыс түрі оқушының өзіндік ізденісіне жол ашады.
Әр мұғалім өз шәгіртін үлкен тұлға ретінде көруге армандайды, ал сол арманға жету үшін көп жұмыс жасау керек. Біздің ұрпағымыз білімді, шығармашыл, дамыған қабілетті болып қалыптасатынына сенімдіміз.