Өнер — өмір өрнегі

Ашық сабақтар, Этикет, Өзін-өзі тану
Өнер — өмір өрнегі

Мақала авторы: Аширова Молдир Берикбаевна
Жұмыс орны: N23 мектеп-лицей
Лауазымы: Мугалим
Порталға жариялану мерзімі: 05.02.2017


«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары
Мектеп: №23 мектеп- лицейі.
Мерзiм: 22.09.2016ж.
Мұғалiм: Аширова Молдир Берикбаевна.
Сынып : 8 Ә .
Оқушылар саны:28
№ 4 сабақ.
Тақырып: Өнер-өмір өрнегі
Құндылық: Сүйіспеншілік.
Қасиеттер: адамдарға риясыз қызмет ету,шынайылық,кешірімді болу;

Мақсаты: Оқушылардың адам өміріндегі өнердің маңыздылығын сүйіспеншілік құндылығы арқылы түсіндру.
Міндеттері:
Білімділік: оқушыларға адамдарға риясыз қызмет етуге үйрету;
Дамытушылық: оқушылардың шынайылық қасиетін дамыту;
Тәрбиелік: оқушыларды кешірімді болуға тәрбиелеу.
Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi. Баяу музыка.
Нұрға бөлену. Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте-бірте қарқындап және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын… Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын… Нұр менің ішімде… Мен Нұрмын».
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз…
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады Рахмет.
1. Сізге «тыныштық сәті» ұнады ма?
2. Қандай сезімде болдыңдар?
Үй тапсырмасын тексеру.
1.Дәптерге «Әлемнің жеті кереметін» жазып келу.
2.«Қос өнерпаз»атты ел аузынан алынған мәтінді оқып келу.(17 бет)
Мәтін бойынша сұрақтар: 1.Мәтін сендерге ұнады ма?
2. Халық өнерлі адамдарға деген құрметін қалай білдіреді? 3. Қос өнерпаз бірін — бірі қалай түсінді? 4. Өнерлі адам не себепті елге сыйлы болады?
5.Өнерлі адамдардан кімдерді білесің?
6.Өнер адамы қандай болу керек?
7.Сендердің бойларыңда қандай өнерлерің бар?
8.»Жігітке жеті өнер де аз» деген сөзді қалай түсінесің?

Ескерту

Дәйексөз.
«Өнер-адамның рухани азығы,ол-халықтың бүгіні мен келешегі, арманы мен қиялы, жалпы болмысы»
Б.Момышұлы
Б.Момышұлы (24 желтоқсан 1910 — 10 маусым 1982)  Кеңес одағының батыры, жазушы, Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы, стратег және тактик.
Нақыл сөзді қалай түсінесіңдер?
Өнер адамның рухани азығы дегенді қалай түсінесіңдер?
Өнерлі адамның жалпы болмысы қандай болады?
Бойларыңда қандай өнерлерің бар?
Оқиғаларды әңгiмелеу (мұғалімнің сыйы).
Аңыз әңгіме Жаумен күрестен, ұзақ жолдан шаршап — шалдығып келе жатқан батыр жолда кездескен ауылға тоқтап, демалмақшы болады. Жар жағасындағы көлеңкеге отырған батыр ағаштың бөлігін кесіп алып, оған аттың қылын тартып, өзі жасаған аспаптан дыбыс шығармақшы болады.
Бірақ аспап дыбыс бермейді. Оны батыр қасына қояды да, ұйықтап қалады. Бір кезде оянса, аспаптан өздігінен дыбыс шығып жатыр екен дейді. Аспапты қолына алып қараса, домбыраның басына, шектің астына салынған ағаш кертпені көреді де, мұны шайтанның ісі деп шешеді. Сонан бері, халық арасында бұл “шайтан тиек” деп аталып келеді. Ат қылынан тартылған шекті, тиексіз аспаптар ерте кезде қолданылған.
Домбыра құрылысы бірнеше бөліктен тұрады: басы, құлақтары, пернелер, мойын, шанақ, бетқақпақ, ілгек және ішектер. Сондай-ақ, оның көптеген қосымша бөлшектері бар (тиек, кемер ағаш, тұжым ағаш, бастырма, ойық, қалқа, түйме, өрнек, желкелік). Домбыра тиегі үш түрлі болады (шайтан тиек, негізгі тиек, табалдырық тиек).
1.Аңыз әңгіме сендерге ұнады ма?
2.Батыр домбыраны неден жасады?
3.Жасаған домбырадан неліктен дыбыс шықпады?
4.Домбыраның шегін неден жасады?
5.Домбыраның бөліктерін атаңыз?
6.»Шайтан тиек дегеніміз не?
7.Домбыра Қазақстанның нешінші кереметі?
8.Домбыра тиегінің түрлері ата?

Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс.
Қазақстанның жеті кереметінің жобасын жасау.
1. Қожа Ахмет Иассауи кесенесі. 2. Тайқазан. 3 .Айша бибі мазары. 4. Тамағалы кешені жартас суреттері.  5. Алтын Адам. 6. Домбыра.  7. Күлтегін ескерткіші.

Топпен ән айту.
«Өмір сыры» М.Өрісбаев
Өмір деген –
Жанымның шуағындай жарқырайды.
Көңіл деген –
Бар кезде шарықтап шалқымайды.
Арман деген –
Жүректің жұбанышы үзілмейтін.
Үміттің серігің ғой көз ілмейтін.
Өмір ғой несіне таң қаласың.
Қ/ы
Бұл дүниені
Жарығым қайта оянып көрер болсам,
Өмірге қайта айналып келер болсам
Сезер – ек бақыттың шын бағасын.
Бақыт деген –
Уақыттың сүйіп өткен ақ самалы.
Уақыт деген –
Өзгермес сұрапыл соқса тағы.
Арман деген –
Жүректің жұбанышы көз ілмейтін.
Үмітің серігім ғой көз ілмейтін.
Өмір ғой несіне таң қаласың.
Қ/ы
Үй тапсырмасы.
1.Өз бойындағы өнерлері туралы эссе жазу.
2.Келесі сабақ. №5″Адам өмірі» аңыз әңгімені оқу.(20 бет)
Сабақтың соңғы тыныштық сәтi.
Баяу әуен ойнап тұрады. Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.
Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз…,арқамызды тіктейміз…, қолдарыңды тізеге қоюға болады…
Д е м а л….. ш ы ғ а р… (жаймен 9-10 рет) немесе 1………………2 [3].
Балалар бүгінгі сабақтан меңгерген құндылықтар мен қасиеттерді жүректерімізге түйіп аламыз. Бүгінгі сабақта белсенділік танытқандарың үшін көп рахмет!

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп,жүрегімізге сақтайық.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.Өзін-өзі тану. Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық.. Алматы: «Бөбек» ҰПББСО — 2010.
2.Өзін-өзі тану: Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқушы дәптері. Алматы. «Бөбек» ҰПББСО —  2010ж
3.Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы. 2005ж.
4. https://yandex.kz/video/search?text=«Өмір%20сыры»

Конкурстар мен олимпиадалар - https://talimger.kz

Республикалық қашықтық олимпиадалар — http://clever.zti.kz

Республикалық конкурстар, курстар, конференциялар мен олимпиадалар — https://ukz.kz

Конкурстар, конференциялар және олимпиадалар — https://tarim.kz

Халықаралық семинарлар, олимпиадалар мен конкурстар — https://mriks.ru

Халықаралық педагогтар ассоциациясы - https://iae.su

Атаулы ертегілер - https://hansunqar.kz