Өмірден өз орныңды таба біл!

Шығармашылық бұрышы
Өмірден өз орныңды таба біл!

Мақала авторы: Бижанов Сембай Нағашыбайұлы
Жұмыс орны: "№4 орта мектебі" ММ
Лауазымы: Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Порталға жариялану мерзімі: 27.12.2016


Қазақстанның өткені мен бүгінін қозғай отырып, еліміздің тәуелсіздікке қол жеткізуінің оңай жолмен келмегенін, сонау ата-бабамыздың заманында ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен елін, жерін, Отанын қызғыштай қорғап, тәуелсіз ел болуды аңсап өткені баршамызға аян. Алайда, ата-бабамыздың аңсап кеткен арман-тілектері 1991 жылы еліміз тәуелсіз ел болғаннан кейін орындалды. Бұрынғы ата-бабамыздың кейінгі ұрпақтары 25 жыл ішінде Қазақстан Республикасының барлық аймақтарында көптеген игі іс-шаралар атқарып келеді.
Биылғы жыл еліміздің тәуелсіздігіне 25 жыл толып отыр. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай, облыс, аудан көлемінде оң нәтижесін беріп, небір-небір шаралар өткізіп отырса, ал, сол тәуелсіздіктің 25 жылдығына тұспа-тұс келіп отырған № 4 орта мектебінің мектеп түлектеріне биология пәнінің мұғалімі Еңсепова Күнжәмила Орынбасарқызы «Өмірден өз орныңды таба біл!» тақырыбында пікірталас-әңгімелесу ұйымдастырды.
Шара барысында оқушыларға мамандықтың түрлері, олардың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік бере отырып, өз бейіміне сәйкес мамандық таңдай білуіне, олардың қоғамға деген азаматтық позициясын қалыптастыра отырып, кәсіби бағдар беру мақсатында түрлі тапсырмалар беріп, өз пікірін еркін айтып, өзгенің пікірін сыйлай білуге қалыптастыра білді.
Сонымен қатар, Абайдың ұлағатты сөздері арқылы мамандыққа сәйкес әр түрлі сауалдар қойып, мамандық таңдауда олардың өмірден өз орнын табуына септігін тигізсе, ал, оқушылар сауалдарға нақты жауаптарын айтып, ой бөлісті.
Шара соңында, пән мұғалімі оқушыларға рефлексия өткізіп, сол рефлексияда әр оқушы сабақтан түйген жақсы әсерлерін ортаға салды.
Шараға қатысқан география пәнінің мұғалімі Бұрқан Гүлжайнар сөз алып, тәуелсіздіктің 25 жылдығымен құттықтай келіп, әрбір оқушының өмірде өз орнын табатындай мамандық таңдай білуде баса назар аудару қажеттігін атап өтті.

Конкурстар мен олимпиадалар - https://talimger.kz

Республикалық қашықтық олимпиадалар — http://clever.zti.kz

Республикалық конкурстар, курстар, конференциялар мен олимпиадалар — https://ukz.kz

Конкурстар, конференциялар және олимпиадалар — https://tarim.kz

Халықаралық семинарлар, олимпиадалар мен конкурстар — https://mriks.ru

Халықаралық педагогтар ассоциациясы - https://iae.su

Атаулы ертегілер - https://hansunqar.kz