Өзiн – өзi тану сабағының жоспары
Мектеп: Федоровка қазақ жалпы орта білім беретін мектебі
Мерзімі: 13.03.2017 жыл
Мұғалiм: Габдуллиева С.У.
Сынып: 7 «б»
Оқушылар саны: 15
Тақырып: № 25 сабақ Өмір, қымбатсың маған!
Құндылық: қиянат жасамау
Қасиеттер: татулық, бірлік,құрметтеу.
Сабақ мақсаты:
Оқушыларға өмірде бір-біріне риясыз жақсылық жасау керек екендігін түсіндіре, отырып, қиянат жасамау құндылығының мәнін ашу. Сабақтың міндеттері: 1.Оқушыларға өмірде бір-бірімен тату болудың маңыздылығын ұғындыру 2. Қандай іс-әрекет істеуде бірлікте болу дағдыларын дамыту. 3.Оқушыларды бірлікте болуға, жақсылық жасауға,құрметтеуге тәрбиелеу. |
Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)
Оқулық, дәптер, АКТ, үн таспа, күнделік |
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңi. Өзін-өзі тану сабағының ережесі «5-Т» қайталау. Тыныштық сәті: Нұрға бөлену. |
|
2. Үй тапсырмасын тексеру
№ 25 сабақ 121 – беттегі . Ш.Сариев «Өмір деген тұрмайды қап-қарадан» атты өлеңді сұрақтар арқылы талдау. Талқылауға арналған сұрақтар арқылы талдау: -Ақын «ақ» және «қара» деп нені меңзеп отыр? – Адам бойында ізгі қасиеттер болса олар қандай жақсылықтар жасайды? – Татулық, бірлік,құрметтеу қасиеттері адам бойынан табылса,оның әрекеті қандай болады?
|
Оқулық |
2. Дәйексөз
Қиянат жасамау шексіз сүйіспеншілікті білдіреді, өз кезегінде шексіз жанашырлықты білдіреді. М. Ганди
Талқылауға арналған сұрақтар: 1.Өмірде риясыз қызмет жасау адамды неге жетелейді?
|
Карамчанд ГАНДИ (02.10.1869-30.01.1948 ж.ж.) — Үндістан ұлт-азаттық қозғалысының қайраткері.
Өмірі өтірік айтпаған. Махатма Шын аты – Мохандас Карамчанд.егер сөйлесе жалған айтады, уәде берсе бұзады және аманатқа қиянат жасайды”, – деп сақтандырған жағымсыз қасиеттерден аулақ болды. |
3. Әңгiмелеу. Мұғалімнің сыйы.
Үндістанның ұлы перзенті Махатма Ганди –үнді халқының оның көзі тірі кезінде аты аңызға айналған көсемі..Сөзі мен ісі үнемі бірлікте болған М. Гандидің өмірі бұрын-соңды адам баласы басынан кешіп көрмеген теңдесі жоқ үлгі- өнегеге толы. Ол ешқандай қарсылықсыз, қантөгіссіз, күш көрсетусіз,асқан төзімділікпен Үндістан халқын Тәуелсіздікке жеткізуді армандаған. М.Ганди бүкіл Үндістанды жаяу аралап, барлық дін орындарында болып, адамдарды ұлтына, дініне, әдет- ғұрпына бөлмей ортақ күреске шақырады. Бұған ол тек қана өзін- өзі тазарту жолымен жете алды. Сондықтан ол өз өміріне одан әрі де өзгерістер енгізе бастады. Өзін жетілдіру үшін тежеле білуді, талғамын көндіктіруді үйренді.Ата- бабасынан келе жатқан үйіндегі барлық асыл заттарды банкке өткізіп, ол ақшаны жетім- жесірлерге жұмсап отырды. Мәтін бойынша талқылау сұрақтары: 1. Махатма Гандидің бойынан қандай құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді байқай алдыңыздар? 2. Өз бойларыңдағы қандай қасиеттерді шыңдауға болады? 3. Адам баласы бірігіп,татулықпен істеген іс-әрекеті неге жетелейді? |
|
4. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
1топ: жағдаят: Сіз саябақта достарыңызбен серуендеп келе жатқанда, бір топ балалар ағаштың жапырағын жұлып, бұтағын сындырып жатқанын көрдіңіз. Сіз не істейсіз? 2 топ: жағдаят: Қарт атай аулаға алма ағашын отырғызып жатыр. Екі немересі асыр салып ойнап жүр. Атайдың маңдайынан шүмектеп тер ағып,шаршап қалды.Оның дем алуға отырғаны сол еді,үлкен немересі жүгіріп келіп,атасының шаршаңқы жүзіне қарап -Ата, несіне әуре болдыңыз,сізге оның қажеті қанша,-деді.-Маған қажет болмағанмен сендерге қажет,ертең-ақ жемісін жейсіңдер,-деді атасы. 3топ: жағдаят: Бір жігіт жолда кетіп бара жатып ойда жоқта қомақты әмиан тауып алды. Жан-жағына қараса ешкім көрінбейді.Жігіттің әрекеті….. |
Дәптер |
6. Үй тапсырмасы.
1. 26 – сабақ. « Қызыққа толы қас қағым » мәтінін оқу, ой толғанысын жасау.
|
Оқулық |
7. Топпен ән айту.
«Мейірімді болайықшы бауырлар» Сөзі: Серік Қалиев Көктем етіп көркейтсе де маңайын, |
Әндер жинағы
|
8. Сабақ соңындағы тыныштық сәті.
Жақсылық ойлайық, Жақсылыққа қарайық, Жақсылықты естиік, Жақсылықты айтайық, Жақсылық істейік,- Бақытқа бастар жол осы! Барлық жақсылықтар жүрегімізде сақталып, іс жүзіне асырылсын » Жайлап көзімізді ашамыз |
|