Кто читал эти книги в школьние годы? Обязательно поставьте лайки.

Сейчас молодеж читает Японские сказки. Может мы подскажем, в каких книгах больше морали?!

Мы запускаем новый проект 100 книг в старшей школе. Начали обратно перечитывать старые книги из школьных годов. Помогите составить список тех книг, которых рекомендуете старшим школьникам. После составления списка мы сделаем приложение в виде мобильной библиотеки.

Комплект из двух книг самого известного романа Драйзера. Основанная на реальных событиях криминально-судебная история. Психологическая драма и одновременно суровая отповедь «американской мечте» стала сюжетной основой нескольких фильмов. Привлекательный мир богатства, роскоши и развлечений — и отчаянная погоня за успехом и преступление как две стороны американской мечты.
...

2 4

В преддверии празднования всемирного дня учителя приглашаем всех педагогов принять участие в языковых олимпиадах "Wonder Words". 5-го октября все победители будут награждены знаками отличия. Подробнее: https://wonder.zti.kz ...

3 0

Познавательная олимпиада для дошкольников и школьников 1-6 классов. Олимпиада проводится в игровой форме и в этой игре используется один из самых лучших дидактических методов обучения. Вопросы викторины составлены лучшими учеными Казахстана, России и Бразилии. ...

2 1

Уважаемые участники образовательных мероприятий и авторы статей. Теперь на наших порталах в разделе результатов участий в открытом доступе не будут отражены данные участников. Документы можно будет проверять только путем ввода регистрационных номеров и сканированием QR. А в журнале "ADISTEME.KZ" из общего доступна будут скрыты сведения об авторах. В списке авторов будут указаные только имена и первые буквы фамилии. Данные будут видны только самим авторам. Также мы временно прекращаем публикацию энциклопедических журналов в онлайн формате. Это делается в целях обеспечения безопасности наших подписчиков. В последнее время стало очень много мошенников.

Также обратите внимание:
- Мы не звоним и не отправляем письма с приглашениями на участие в образовательных мероприятиях.
- Наши операторы никогда не просят смс или другие личные данные.
- Мы не пользуемся приложением ZOOM для организации конкурсов.
- Мы не продаем отличительные знаки.
- Мы не просим переводить взносы на счета физических лиц.
- Наши операторы ведут переписку только через защищенный канал Business WhatsApp и не раздают свои личные номера.
- Мы используем только Instagram, YouTube, WhatsApp и Mail.ru.
- Курсы совершенствования проводим только в своих порталах по темам использования авторских дистанционных образовательных технологий.
...

3 1

Білім саласында ең үздік компьютерлік ойын графикасының дизайнын құрастырғаны үшін Виллиан Цельсо Зарпеллон (Бразилия) "Тәлімгер" медалімен марапатталды. Өз ісінің нағыз маманы болған, шәкірт тәрбиелеген мамандар марапатталады.

За создание лучшего графического дизайна компьютерной игры в сфере образования награжден медалью "Наставник" Виллиан Цельсо Зарпеллон (Бразилия). Данная награда выдается специалистам, которые стали наставниками в своем деле и обучают других.

For the creation of the best graphic design of an educational computer game, Willian Celso Zarpellon (Brazil) was awarded the "Mentor" medal. This award is given to professionals who have become mentors in their field and teach others.
...

7 1

Нәзір Төреқұлов Халықаралық қорының Президенті профессор Сапарбаев А.Ж. тұңғыш дипломат Нәзір атамыздың өсиетін білім беру аясында жандандырып, оны халықаралық деңгейде шыңдата білгені үшін "Қоғам қайраткері" медалімен марапатталды. ...

10 3

My name is Kokon. I'm fighting villains from the Land of the Know-Nothings. Help me win this educational battle and we'll be good friends. I need smart friends. To everyone who helps me, I will send a friend certificate with the results of participation. And we will award the best student with the medal "For Special Achievements in Studying". ...

2 0

Меня зовут Кокон. Я сражаюсь со злодеями из страны Незнайек. Помоги мне выйграть эту образовательную битву и мы станем хорошими друзьями. Мне нужны умные друзья. Всем кто помогает мне я буду отправлять сертификат друга с результатами участия. А самого лучшего отличника мы наградим медалью "За особые успехи в учении". ...

4 2

Бастауыш білім негіздері аясында "Kokon's Quiz" жобасы іске қосылды. https://kokon.kz порталында орналасқан. Android, IOS, Windows платформаларына арналған қосымшалары бар. Ойынды ойнау тегін. Тіркелу міндетті емес. Бала ойнап отырып, білімді жақсы игереді. Ойынның негізгі мақсаты білімді дәріптеумен қатар, балаға сенімділік пен жеңіс сезімін сыйлау болып табылады. Сондықтан ойынды құрастырған техника ғылымдарының мамандары мен тіл филологтарының құрметіне лайк басып, таратып қойыңыздар. Ал, біз басқа түрлерін құрастырамын. Ұсыныс болса комментарияға ұялмай жазыңыздар. ...

4 3

Ескерту: Мақала сапасы туралы ақпараттарды, сертификат, анықтама және журналға тапсырыс беру батырмаларын мақала авторы немесе журнал тілшісі ғана көре алады.

Оқытудың жаңа технологияларын педагогикалық процесте пайдаланудың тиімділігі мен ерекшеліктері

Плагиат

Әдістемелік қоржын
Оқытудың жаңа технологияларын педагогикалық процесте пайдаланудың тиімділігі мен ерекшеліктері

Мақала авторы: Редакция ғана көре алады
Жұмыс орны: Алматы Аграрлық колледжі
Лауазымы: Арнайы пәндер оқытушысы
Порталға жариялану мерзімі: 05.07.2016
Журнал қорына жариялаған: Д.



Плагиат көшірме: https://ust.kz/word/oqyty_urdisindegi_innovaciyalyq_tehnologiyalardy_paidalany-163934.html

А.Байтұрсынұлы ұлы педагог ғалым айтқандай «Білімдіден не пайда, білгенін көпке айтпаса, Үйреткеннен не пайда, қайырымы қайтпаса» дегендей
әлемнің жетекші елдерінің көпшілігі білім беру жүйесін, білім берудің мақсатын, мазмұны мен технологияларын оның нәтижесіне қарап бағалайтын болды. Білім берудің қазіргі негізгі мақсаты білім алып, білік пен дағды, іскерлікке  қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке – ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану, жылдам қарқынмен өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеде лайықты өмір сүру және жұмыс істеу болып табылады.

XXI ғасырда әлемдегі қайта құрулар, экономиканы дамытудағы жаңа стратегиялық бағдарламар, қоғамның ашықтығы, оның жедел ақпараттануы мен қарқынды дамуы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті.

Дүние жүзіндегі инновациялық процестердің барлығы кез — келген мемлекеттің экономикалық дамуының жоғары деңгейін қаматамасыз етумен бірге, ғылыми-техникалық ілгерілуін де едәуір жылдамдатады. Өйткені, мемлекет дамуының негізі болып табылатын инновациялық саясат кез — келген бәсекеге қабілетті мемлекеттегі ғылым дамуының бағытын анықтайды. Сондықтан да ғылыми — техникалық процесс бүкіл әлемде «инновациялық процесс» — ұғымымен тығыз байланыста болуды талап етеді.

Инновациялық процесс жаңа бір өнімнің алынуын білдіреді де, ол идеяның пайда болуынан бастап, оның коммерциялық тұрғыда жүзеге асырылуына дейінгі ұзақ жолды қамти отырып, әр түрлі қарым — қатынастар (өндіру, алмасу, тұтыну) кешенін өз қарамағына алады.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеті — оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» —  деп атап көрсеткендей, қазіргі кезеңде әрбір мұғалімнің алдына қойып отырған басты міндеттерінің бірі- оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияны меңгеру .

Осы орайда, білім берудің мақсаты – қазіргі қоғам талабына сай алынған терең білім, білік, дағдылар мен құзырлықтардың негізінде еркін бағдарлай білетін, қойылған мақсатқа танымдық қызмет жасау арқылы жете алатын, өз бетінше дұрыс, тиімді шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Оны жүзеге асыру – білім беру мекемелерінде жеке тұлғаның танымдық белсенділігін арттыруға септігін тигізетін оқу процесін ұйымдастырудың тәсілдерін, әдістері мен нысандарын іздестіруге өзекті сипат береді.

Білім беру мекемелерінің алдына қойып отырған мақсаты — инновациялық оқыту технологиясы арқылы оқу мен тәрбие жұмысын дамыту, елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту бағытында жеке тұлғаға жүйелі, нақты білім беру. Алайда, инновациялық педагогикалық технологияларды  қажетті деңгейде қолдану және осы арқылы жеке тұлғаның білім деңгейін, шығармашылық қабілетін қоғамдық сұранысқа сай қалыптастыру  барлық білім беретін мекемелердің дағдылы ісіне айнала қойған жоқ. Әлі де болса көптеген оқу орындары оқыту процесін ұйымдастыру мен жүргізуде оқытудың дәстүрлі әдістері мен тәсілдерін пайдаланумен шектелуде.   Инновациялық педагогикалық технологияларды қолдану оқу процесін сапалы түрлендіруге, жаңашыл жобаларды енгізуге, оны тиімді басқаруға негіз болып, әрбір білім мекемесінде өзіндік даму жолын табуға, әрбір мұғалімге өзінің әдістемелік жүйесін құруға септігін тигізер еді. Сондықтан қазіргі кезеңде оқытудың инновациялық технологияларын оқу орындарының практикасына белсенді түрде ендіру – қоғам талабы.

«Технология» — ұғымы соңғы кездері ең көп қолданылатын ұғымдардың біріне айналды. Технология ұғымының оқытудың технологиясы, педагогикалық технология, білім беру технологиясы, тәрбие технологиясы, қарым-қатынас технологиясы,  даму технологиясы, қалыптасу технологиясы, модульдік технология, топтық оқыту технологиясы сияқты психологиялық-педагогикалық ұғымдармен байланысы саналуан. Жоғарыда аталған технологиялардың қай түрі болмасын, өзінің  мәнін  анықтап, сипаттама беруді қажет етеді. Қазіргі кезеңдегі ғылыми айналымда «технология» және технологиямен байланысты жеке ұғымдарға берілген анықтамалар баршылық. Алайда білім беру жүйесінде дәл қазіргі кезеңде жүріп жатқан процестердің технологиясының мәнін ашып, түсіндіретін жалпы анықтама әлі де болса бір жүйеге келген жоқ

Білім беру жүйесі басқару органдарынан, түрлі типтегі және деңгейдегі білім беру мекемелерінен, жүйенің жұмыс істеуі және дамуын қамтамасыз ететін қаржы қорлары мен материалдық объектілерден, ғылыми орталықтардан тұратын күрделі құрылым болып табылады. Технологиялық тәсіл білім беру жүйесінің кез-келген саласында (басқару, білім беру, қаржыландыру, мониторинг т.б.) қолданылуы мүмкін. Сондықтан, «білім беру технологиясы»  — деген сөз тіркесін бірыңғай түсіндіру мүмкін емес. Бұл ұғымды тек қана оқытушы мен оқушы арасындағы арнайы ұйымдастырылған процестерге ғана қатысты қолданады. Егер осы процесті оқыту процесі деп атайтын болсақ, онда оған технологияның осы салаға арналған жиынтығы жатады.

«Білім беру технологиясы» —  ұғымын  мұғалімдер мен оқушылардың білім берудің жоспарланған мақсаттарына бағытталып, арнайы ұйымдастырылған өзара қарым-қатынас процесі технологиясы ретінде қолданамыз. Білім берудін технологиясына — оқытудың техникалық құралдары, білім беруде қолданылатын ақпараттық технологиялар, қашықтан оқыту да жатады. Сырттай қарағанда, технологияның әдістемесі мен оқыту үрдісіңдегі әдістемелік және технологиялық әдіс-тәсілдер арасында  қарама-қайшылық жоқ. Себебі, «оқытудың әдістемесі» — ұғымы «білім беру технологиясы» — ұғымынан әлдеқайда кең.  Дәлірек айтсақ, әдістеме «не үшін, неге және қалай оқыту керек?» —  негізгі үш сұраққа жауап беруге тырысады.  Ал, технология болса, мақсат белгілі болып, оған жетудің нақты іс-әрекетін, жолдарын анықтау қажет болған сәтте ғана іске кіріседі. Олай болса, технология әдістемелік процестің құрамына еніп, әдістемені жүзеге асыруға қызмет етеді деген қорытынды жасауға болады.

Педагогикалық технологияларға барлық елдер ғалымдары қызығушылық танытуда. Шетел зерттеушілері педагогикалық технологияны психология, әлеуметтік философия, басқару және мақсат қою теориясы, техника, қарым-қатынас, аудиовизуалды білім беру және кибернетика элементтерінен тұратын пәнаралық конгломерат ретінде қарастырады.

Сонымен, педагогикалық технологияны — оқыту үрдісін түгелдей қолдану және бағалау, сол сияқты, білімді адамдар мен техника ресурстарын ескеру арқылы білімді игеру, және осы жолда тиімді түріне жету үшін оларды жоспарлаудың жүйелі әдісі ретінде қарастыруға болады.

Білім берудің технологиясы педагогикалық пән ретінде дидактикадан кейінгі орынды алады. Оқытудын технологиясын —  қолданбалы дидактика десе де болады. Бір сөзбен айтқанда, оқытудың технологиясы — оқыту іс — әрекетінін әдіс-тәсілдері мен құралдарын ұйымдастыру және қолдану теориясы.

Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру тұлғаның интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие процесін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Қазіргі педагогика жаңалықтарын пән ерекшелігіне қарай қолдана білу — оқыту мақсатына жетудің бірден — бір жолы. Осы жолда педагогикалық технология оқыту мақсатына жетудің тиімді, нақты жолдарын көрсетеді. Оқытудың жаңа технологиясы іс-әрекеттің жоспарланған нәтижесіне жетудің шартты тәсілі ретінде қарастырылатын жаңа әдістердің жиынтығынан тұрады. Оның дәстүрлі оқыту технологиясынан ерекшелігі мынада:

—  білім алушы тұлғаның интеллектуалды дамуы аз уақыт ішінде қабылдау дәрежесінің жоғары мөлшеріне жетуіне бағытталғандығы;

—   білім алушы мен мұғалімнің белсенділігінің сәйкес болуы;

—  мұғалім мен білім алушының өзара қарым — қатынасында жауапкершіліктің міндеттілігі.

Оқытудың дамыту функциясы білім алушы тұлғасын жетілдіруге бағытталған арнайы дайындалған кейбір оқыту технологиясында, әдістемелік жүйелері мен әдістерде жүзеге асырылады. Оларға бүгінгі өркендеп келе жатқан жаңа сипаттағы жаңа технологияларды жатқызуға болады. Олар: «Дамыта оқыту технологиясы», «Модульдік оқыту технологиясы», «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы» т.б. жатады.

Қорыта айтқанда, инновациялық технологиялардың қай түрін алсақ та,  олардың тиімділігі тек қана мұғалімнің шеберлігімен және осы шеберлікті шыңдай түскендігімен ғана шын күшіне ие бола алады. Сондықтан білім алушылардың ынтасын арттыруға арналған әдістемелік құралдардың жүйесі мен амалдары әр мұғалімнен оларды терең игеруін, іске асыруын және оған сай болатын іскерлікті талап етеді.