«Оқушылардың сабаққа деген ынтасын қалай арттыру»
тақырыбы бойынша коучинг жоспары
l деңгейлі мұғалім Айкупешева С.М.
Коучинг тақырыбы: | Оқушылардың сабаққа деген ынтасын қалай арттыру |
Мақсаты: | Оқу процесінде оқушылардың сабаққа ынтасы төмен болу себептерін анықтау және оны арттыру жолдарын қарастыру . |
Күтілетін нәтижесі: | Мұғалімдер әр- түрлі тәсілдермен оқушының сабаққа деген ынтасын арттырады, оқушының ойлау қабілетінің дамуына, шығармашылық дағдыларын жетілуінежол ашады. |
Қолданылган ресурстар: | Мұғалімге арналған нұсқаулық, үлестірме материалдар, интерактивті тақта, постер, стикерлер, шарлар |
Коучинг барысы
|
|
Коучинг- сессияның жүргізу кезеңдері |
Коуч пен қатысушы мұғалімдердің іс- әрекеті |
Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық көңіл- күй орнату
«Қырықбуын» әдісі Топқа бөлу |
Қатысушылар бірінін артынан бірі түрады, жаттығулар жасау кезінде араларындағы шарды жібірмеу тиісті.
«бас» «жүрек», «қол»суреттер арқылы |
Ой қозғау | Оқыту табысты болу үшін не қажет?
|
Топтық жұмыс
Постер қорғау |
1 топ- Қазіргі таңда оқушылардың сабаққа деген ынтасы төмен болу себептері неде?
2топ- Оқушының оқуға ынтасын арттыру жолдарын қарастыру |
Бағалау | «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы топтар бір-бірінің жұмыстарын бағалайды
|
Таныстырылым көрсету
|
Тақырып бойынша таныстырылым көрсетіп, мағлумат беру |
«Танграм» ойыны | Мұғалімдердің логикалық дамуына ықпал ететін ойыны ойнатылады
Жасалған фигураларды топтар бірін- біріне қонаққа барып көреді |
Мұғалімдер пәндер бойынша топқа бөліну, презентация жасау | Мұғалімдер оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттыру мақсатында қолданылатын әдіс-тәсілдерді ойластырып,таныстыру
|
Рефлексия | «Бес саусақ» әдісі бойынша кері байланыс орнату
|