Оқушылардың білім сапасын арттырудағы мұғалімнің рөлі

Әдістемелік қоржын
Оқушылардың білім сапасын арттырудағы мұғалімнің рөлі

Мақала авторы: Карагулова Асия Койшановна
Жұмыс орны: ГУ "Средняя школа села Карабулак" город Степногорск управления образования Акмолинской области
Лауазымы: учитель казахского языка и литературы
Порталға жариялану мерзімі: 10.02.2016


ХХ ғасыр – ғылым ғасыры. Сондықтан жас ұрпаққа, жас буынға жаңаша білім беру жолында түбегейлі өзгешеліктер жүріп жатыр. Жеке тұлға яғни дарынды, шығармашылық тұлға қалыптастыру білім мен тәрбие берудегі мемлекеттік істің ең маңыздысы. Мақсатты білім беру – тұлға дамуын жүзеге асыратын мәселе. Адамзат баласының өз ұрпағын оқыту тәрбиелеудегі ең озық тиімді ізденістерін, тәжірибелерін жалғастырып, тың жолдар іздеу педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен дамыту жалғаса бермек. Елбасымыз Н.Назарбаев «Бәсеке басы — білім» деген. Ендеше ұстаздар қауымы ел басқаратын болашақ жастардың білімділігі мен біліктілігін қамтамасыз етіп, Елбасының үкілі үмітін ақтауға барлық күш – қуатын жұмсаған жөн. Болашақ жастардың білімділігі мен біліктілігін қамтамасыз етудің ең биік шыңы – білім сапасын арттыру. Сапалы білімді қамтамасыз етуде қазіргі қолданылып жатқан әдіс-амалдар өте мол, оқушылардың қызығушылығын арттыруда жаңа технологиялар да артуда, тек әр ұстаз, өз оқушыларына ыңғайлысын қолдана білуден ұтады. Соның бірі орыс тілді мектепте қазақ тілін оқытуда қолданылған шығармашылық тапсырмалар, оқушылар өздері ізденеді, тілге деген құрметі артады, әр тақырыптың мәні ашылып, талданады, қазақ халқының салт-дәстүрімен таныстырылып, сыйластыққа үйретеді, пәнге деген қызығушылықтары да арта түседі деп ойлаймыз. Оқушының білім сапасын арттыру — өз пәнін жетік білетін, оқушының шығармашылығы мен дарындылығының дамуына жағдай жасай алатын, тұлғалық – гумандық бағыттылығы жоғары, педагогикалық ақиқат пен ондағы өзінің іс – қимылын жүйелілікпен арттыруға қабілетті, оқытудың жаңа технологияларын меңгерген және білімдік мониторинг негізінде ақпараттарды таба, таңдай, сараптай алатын, отандық және шетелдік тәжірибелерді шығармашылықпен қолдана білетін мұғалімге байланысты. Білім беру үрдісінің субъектісін дамыту шарты — оқушының білім сапасын арттыру болғандықтан, сабақ жүргізетін кез – келген мұғалім сабақ өткізудің ең тиімді, ең қызықты, ең қажетті, ең тартымды, ең өзекті үрдісін таңдап алу қажет. Мұндай үрдіс оқушының білім сапасын арттырып қана қоймайды, оның білімге деген біліктілігін арттырып, ізденімпаздылық пен шығармашылыққа деген іскерлік пен дағдыларын қалыптастырады, білім кеңістігіне жол ашады.

1- тоқсан
Орыс сыныптарының қазақ тілінен білім көрсеткіштері .

Сыныптар 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 Қорытынды
Оқушылар саны 11 8 10 14 3 7 6 8 4 65
«5» 4 0 0 5 1 0 2 2 2 14
«4» 1 7 4 3 1 4 2 3 2 25
«3» 6 1 5 6 1 3 2 3 0
«2» 0 0 1 0 0 0 0 0 0 0 1
Үлгерімі % 100 100 90 100 100 100 100 100 100 ###### 98
Сапасы % 45 88 40 57 67 57 67 63 100 ###### 60

2 –тоқсан Орыс сыныптарының қазақ тілінен білім көрсеткіштері .

Сыныптар 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 Қорытындысы
Оқушылар саны 11 8 10 14 4 7 6 8 4 72
«5» 5 0 0 5 1 0 2 3 3 19
«4» 2 6 5 1 0 3 2 3 1 23
«3» 4 2 5 8 3 4 2 2 0 0
«2» 0 0 0 0 0 0 0 0 0 0 0
Үлгерімі% 100 100 100 100 100 100 100 100 100 #### 100
Сапасы% 64 75 50 43 25 43 67 75 100 #### 58

Оқушылардың білім сапасын нақты көрсететін жекелеген пәндердің сапа көрсеткіші мен үлгерімі екендігі бәрімізге аян. Олай болса, сол пәндерден білім беріп, сынаққа дайындаған ұстаздар қаумының білгірлігі мен біліктілік деңгейі де осы ҰБТ кезінде көрінді.

Қаңтар айында өткен 10 орыс сыныбының қалалық ҰБТ нәтижесінің көрсеткіші ( Біздің мектепте 11 сынып оқушылары жоқ)

№ Аты -жөні Қазақ
тілі Бағасы
1 Какенова А 12 4
2 Жакупова Н 24 5
3 Маева А 20 5
4 Черномазова Р 16 4
5 Орташа балл 18

Сөзімді қорытындылай келе, бүгінгі қаламызда жүргізіліп жатқан білім жүйесін жалпы талдай отырып, өзіндік кемшіліктер мен артықшылығына, осы жүйені кешенді жолға қоюдың тиімділігі мен нәтижелілігіне көңіл аудардық. Жіберілген кемшіліктерімізді мойындау – атқарған жұмысымызды сыни бағалауға әсерін тигізіп, мүмкіндігінше объективті талдап, болашаққа мақсатты жоспар құруға мүмкіндіктер береді деп ойлаймын. Бүгінгі мектеп қабырғасындағы бүлдіршіннің ертеңгі еліміздің тізгінін қолына ұстайтын азамат болуын қалыптастыру бәріміздің міндетіміз болып келеді және міндетіміз болып қала бермек. Қазіргі таңдағы кез – келген мұғалім өз ісінің хас шебері, өз жұмысының алдыңғы қатарлы машинисі . Баяндаманың соңында: Жай мұғалім – хабарлайды
Жақсы мұғалім – түсіндіреді.
Керемет мұғалім көрсетеді.
Ендеше, асқақ мақсат жолында бәріміз бір кісідей жұмылып, нақты іске кірісейік! Біз бірлесе қимылдап, біліктілік танытар болсақ, кез келген сыннан лайықты шығатынымыз сөзсіз. Оған біздің толық мүмкіндігіміз бар! Биылғы жаңа оқу жылы баршанызға жаңа табыстар әкелсін!

Степногорск қаласының білім бөлімі
«Қарабұлақ селолық орта мектебі»ММ

Баяндама
Тақырыбы: «Оқушылардың білім сапасын арттырудағы мұғалімнің рөлі»

Әдістеме бірлестігінің жетекшісі: Қарағұлова Ә. Қ.

2015-2016 оқу жылы

Степногорск қаласының білім бөлімі
«Қарабұлақ селолық орта мектебі»ММ

Баяндама
Тақырыбы: «Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың функциональдық сауаттылығын арттыру»

Әдістеме бірлестігінің жетекшісі: Қарағұлова Ә. Қ.

2015-2016 оқу жылы

Конкурстар мен олимпиадалар - https://talimger.kz

Республикалық қашықтық олимпиадалар — http://clever.zti.kz

Республикалық конкурстар, курстар, конференциялар мен олимпиадалар — https://ukz.kz

Конкурстар, конференциялар және олимпиадалар — https://tarim.kz

Халықаралық семинарлар, олимпиадалар мен конкурстар — https://mriks.ru

Халықаралық педагогтар ассоциациясы - https://iae.su

Атаулы ертегілер - https://hansunqar.kz