Оқушыларды өзін-өзі тануға тәрбиелеудің ғылыми-теориялық негіздері

Өзін-өзі тану
Оқушыларды өзін-өзі тануға тәрбиелеудің ғылыми-теориялық негіздері

Мақала авторы: Тандыбаева Г. Т.
Жұмыс орны: "Зырян қаласы №9 орта мектеп"КММ
Лауазымы: өзін-өзі тану мұғалімі
Порталға жариялану мерзімі: 25.01.2017


Ата-ананың қай-қайсысы болса да балалары қабілетті, тапқыр, талантты болып өссе, олар басқа балалардан кем емес, артық болса деп армандайды. Алайда, қымбатты достар, бұл туралы емес, бала жақсы Адам болса деп армандау керек. Ол адамдарға пайдалы болып, қоғамға зардап келтірмей, пайда әкелетіндей әрекет етуі керек. Адам деген жоғары атақты бүкіл өмір сындарынан абыроймен алып өту қажет…
Сара Алпысқызы, «Өмір әдебі» кітабынан

Соңғы кезде қоғамымыздағы саяси және экономикалық жағдайлардың тұрақсыздығы, тұрмыстағы қиыншылықтар, жұмыссыздықтың көбеюі, бағаның өсуі қоғамдағы қасиеттердің құнын кетіріп отыр.Оған қоса әлеуметтік-экономикалық қыспақтың салдарынан адамдардың бір-біріне деген көзқарасының төмендеуі жас ұрпақ тәрбиесін ізгілендіру мәселесін күн тәртібіне қоюда.
Білім беру саласында өскелең ұрпақты дамыған елдердің қатарында көру үшін үздіксіз еңбек етуде кез – келген мұғалімнің алдына қойған мақсаты – сабақ сапасын көтеру үшін оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттырып, танымдық қабілетін дамыту.Бұл мақсатты жүзеге асыру мұғалімнің шеберлігі мен біліктілігіне байланысты.
Әлем тарихындағы ең қатыгез ғасырлардың бірі ХХ ғасыр адамзат ақыл-ойының ұлылығын көрсетумен бірге оның осал тұстарын да байқатты.Рухани-адамгершілік өлшемнен айырылған ақыл-ой сананың адасуына есерлікке жол ашады.Тек адамгершілік, рухани принциптер мен нақтылы қайырымдылық қана мөлшерді білмейтін рационализмді тежей алады.
Заман талабына сай Жаңа үшінші мыңжылдықта Қазақстан «базалық білім беру» ұғымын түпкілікті өзгертетін Бүкіләлемдік білім беру декларациясы мен Бала құқықтары туралы конвенцияның бағдарламалық ережелерін ұстануда. Егер бұрын базалық білім беру ұғымы аясында жас ұрпақтың сауатын ашу мен оларға ғылым негізін игеру әрекеті түсініліп келсе, қазіргі таңда бұл ұғым жастардың бойына адами құндылықтарды: қайырымдылықты, әділдікті, махаббатты, зорлық-зомбылық жасамауды, бақытты бағалай білуді сіңіріп, тәрбиелеуді талап етеді.
«Бала тәрбиесі — мемлекеттің маңызды міндеті» — деген сөзді Платонның өзі де бекер айтпаған болар. Әрбір қоғамның өз дамуына байланысты бұл мәселе әрқалай шешіліп отыр. Бүгінгі таңда мектептің басты максаты — білімді, мәдениетті, шығармашыл, белсенді және адамзаттық күндылықтары толысқан түлға калыптастыру болып отыр.

Білім беру саласындағы осындай бүкіләлемдік өзгерістер аясында адами қасиеттерді жүзеге асыру идеясын елімізде тұңғыш рет «Бөбек» қорының президенті, бар балаға қамқорлық нұрын төккен Сара Алпысқызы Назарбаева ұсынды.Сара Алпысқызының өркениетке өріс алған еліміздің дамуына деген зор сенімі, ертеңгі өскелең өрендерімізге деген сүйіспеншілігі мен қамқорлығы өмірге өзін-өзі тануды алып келді.

Конкурстар мен олимпиадалар - https://talimger.kz

Республикалық қашықтық олимпиадалар — http://clever.zti.kz

Республикалық конкурстар, курстар, конференциялар мен олимпиадалар — https://ukz.kz

Конкурстар, конференциялар және олимпиадалар — https://tarim.kz

Халықаралық семинарлар, олимпиадалар мен конкурстар — https://mriks.ru

Халықаралық педагогтар ассоциациясы - https://iae.su

Конкурстар мен олимпиадалар - https://kzu.kz