Сыныбы: 6
Уақыты:
Сабақтың тақырыбы: Одағай
Сабақтың мақсаты: білімділік ─ одағай түрлерін ажырату, тыныс белгілерін дұрыс қоюды, одағай мағыналарын ажырата білуге дағдыландыру;
тәрбиелік ─ оқушылардың танымын кеңейту, үлкенді сыйлау, құрметтеу, шапшаңдыққа, алғырлыққа баулу;
дамытушылық ─ хат жаза білуге машықтандыру, орфографиялық заңдылыққа сай одағайлы сөйлемді айта алуы, мәнерлеп оқу, шығармашылық жұмыс жүргізу қабілетін арттыру.
Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты меңгерту.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, топпен жұмыс, топтастыру стратегиясы, практикалық.
Сабақтың көрнекілігі: сызба, суреттер, кесте, электронды оқулық, үнтаспа.
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды түгендеу, топқа бөлу, І топ, ІІ топ көңілді смайликтер арқылы топқа бөлу
Оқушылардың назарын сабаққа толық аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Атауыш сөздер, көмекші есімдер
Үнтаспадан атауыш сөздер, көмекші есімдер туралы ережені қайталау. 75- жаттығу (көшіріп жазып, көмекші сөздердің астын сызыңдар, олардың неліктен көмекші сөз делінетінін дәлелдеңдер)
Жаңа сабақ: Одағай сөздер
Одағай сөздер адамның әр түрлі көңіл күйін білдіреді немесе жан-жануарларды шақыру мәнінде қолданылады. Олар да сөйлем мүшесі бола алмайды. Толық мағынасы болмағандықтан, белгілі бір сұраққа жауап бермейді. Мысалы: Па, шіркін! Сөзің сөз-ақ екен!
Одағайлар ойға үстейтін мәніне қарай үш түрге бөлінетіндігін, тыныс белгілерінің қойылуын, мысал келтіре отырып слайд арқылы көрсету.
Одағай Көңіл күй, Жекіру, Шақыру болып үш түрге бөлінеді
- Бәрекелді,пәлі, ойпыр-ай, алақай, пай-пай, түу, уһ,аһ, ай, қап, әттеген-ай, беу, ау.
- Жә, тәйт, тек
- Шөре-шөре, құрау-құрау, көс-көс, айт, қош-қош, моһ-моһ, құр-құр, кә-кә, пырс, піш-піш. (үй жануарларының суреттерін көрсету арқылы түсіндіру)
- Бекіту кезеңі:
76-жаттығу (мәтіннен одағай сөздерді тауып, қандай мақсатта қолданылып тұрғанын дәлелдеңдер) І топ жаттығуды толық көшіріп жазып, ішінен одағайларды тауып, астын сызады. ІІ топ жаттығудың схемасын жасайды. Одағайларды табады.
Электрондық оқулықпен жұмыс: слайд арқылы берілген тапсырмаларды оқушылар орындайды (одағай сөздер 64 тапсырма, М.Мақатаевтың «Туған жер» өлеңін тыңдату, одағайларды табу)
Тапсырма:(Әр топқа тілмеқағаздар таратылады мәтіннен одағайларды тауып, түрлеріне қарай ажырату)
І топ:
-Түу, есім жаңа кірді ғой!
–Ой, обал-ай!
-Тәйт, не тантып отырсың?!
-Апыр-ай, Мәрзияш, әйтеуір өзің амансың ба?
— Шөре-шөре, лағым, тастан тасқа секірген шұнағым.
-Қап, әттеген-ай, бекер барыпсың-ау!
ІІ топ:
-Аһ, серім-ай, омақаса құлап, домалаң асқан жерің осы шығар?!
-Тек, қорқытпай отыр баланы!
-Түу, бауырын сағынып қалыпты ғой!
-Ойпырм-ай, не деген әумесер немелер бұлар?
-Кә-кә, Ақтөс, келе ғой қасыма!
Сөздік диктант жүргізу:
- Ойпырмай, не деген керемет!
- Жә, жетер енді, тентектігім!
- Піш-піш, келе ғой, сүтіңді іше ғой!
- Жарқ-жұрқ етіп екеуі айқасады.
- Япырау, сонау жақтан келгені ме?
- Ақтөс, кә-кә!
- Тәйт, Қайрат, олай деме!
Сергіту кезеңі: «Қалай шақырамыз?» ойыны
жылқы, қой, ешкі, түйе, сиыр, ит, тауық, мысық т.б.суреттен көрсете отырып, оларды қалай шақыратынын оқушыдан сұраймыз. Оқушы жауабы «дұрыс» болса үш шапалақпен мадақтаймыз
Жылқы ─ «моһ-моһ»
Қой ─ «пұшайт-пұшайт»
Ешкі ─ «шөре-шөре»
Түйе ─ «көс-көс»
тілмеқағаздардағы салынған суреттерді мұғалім көрсетеді оқушылар үй жануарларын қалай шақыру керектігін айтады және дұрыс болса үш шапалақпен мадақтап отырады.
Тақтамен жұмыс: (тақтада ілінген кестеге оқушылар берілген одағайларды апарып орналастырады)
Көңіл—күй одағайы | Жекіру одағайы | Шақыру одағайы |
Алақай | Тәйт | Кә-кә |
Пай-пай | Тект | Құрау-құрау |
Бәрекелді | Жә | Піш-піш, моһ-моһ |
Әттең-ай | Шөре-шөре |
Қорытынды кезең: (әр топқа берілген тест жұмысы таратылады. Берілетін уақыт
3 минут)
«Одағай» тақырыбы бойынша алған білімдерін тексеру мақсатында қосымша сұрақтар қоямын:
- Одағай нені білдіреді?
- Одағай сөздерде толық (лексикалық) мағына бола ма?
- Не себепті одағайлар сөйлемде оқшау айтылады?
- Одағайдың сөйлем мүшесі бола алмауының себебі неде?
- Одағайдың қандай түрлері бар?
- Одағайлы сөйлемде қандай тыныс белгілері қойылады?
Оқушылар одағайдан түсінгендерін топтастыру әдісі арқылы көрсетеді.
толық мағынасы жоқ көңіл-күйді білдіреді
сөз табы сөйлем мүшесі бола алмайды
оқшау сөз оқшау айтылады
ҮІ. Оқушыларды бағалау.
ҮІІ. Үйге тапсырмасырма беру.
1.Одағайға диалог құру.
- Ақындар өлеңінен үзінді жаттау. (одағайдың болуы шарт).