Наурыз тойы [Дошкольное образование]
Білім беру саласы: Коммуникация Бөлімі: Көркем әдебиет Тақырыбы: Наурыз тойы Мақсаты: Наурыз мерекесі туралы балалардың түсінігін кеңейту. Қазақтың ұлттық тағамдары, ойындары, киімдері туралы білімдерін кеңейту.Салт-дәстүрімізді қолдана отырып, адалдыққа, ұлтжандылыққа, мейірімділікке тәрбиелеу. Әдіс - тәсілдері: Әңгімелесу, сұрақ-жауап,дәптермен жұмыс,дидактикалық ойын,қорытындылау. Керекті құралдар: слайд, әліппе дәптер,үлестірмелі материалдар, наурыз тойының суреттері, қазақ бұрышы. Жылы лебіз білдіру. Ата-анамыз аман болсын! Бейбітшілік заман болсын! Деніміз сау болсын! Аспанымыз ашық болсын! Еліміз тыныш болсын! Достығымыз мықты болсын! Әрқашан күніміз сөнбесін! -Тілектер қабыл болсын! Т-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? Б-Көктем мезгілі. Т-Көктем мезгілінде неше ай бар? Б-Көктем мезгілінде үш ай бар. Т-Қане, атайықшы үш айды. Б-Наурыз, сәуір, мамыр Т-Қазір көктем мезгілінің қай айы? Б-Наурыз айы. Т-Көктем мезгілінде қандай ерекшеліктер болады? Б-Көктемде қар ериді, күн жылиды, ағаштар бүршік жарады, құстар жылы жақтан ұшып келеді,жерде гүлдер, шөптер өседі. -Наурыз айында қандай мерекелерді білесіңдер? 1-наурыз Алғыс күні, 8-наурыз аналардың,қыздардың мейрамы, 22 наурыз Наурыз мейрамы. Наурыз - жыл басы, ұлыстың ұлы күні,қазақ халқының жаңа жыл мерекесі Байырғы қазақ күнтізбесі бойынша, наурыздың алғашқы күнін жаңа жылдың басы деп, ұлыстың ұлы күні деп атаған. Наурызда күн мен түн теңеледі.Бұл күні ересектер, балалар ұлттық әдемі киімдерін киіп, мерекеге келеді.Бәрі бір-біріне "Наурыз құтты болсын!",- деген сөздер айтып, қуаныштарын білдіреді.Жәнеде Наурыздан наурызға аман есен жеткендеріне шүкіршілік етіп "Бір жасыңмен!" деп қол алысып, төс түйістіріп көріседі. Киіз үйлер тігіледі.Әжелер "Молшылық болсын" ,-деп шашу шашады. Әжелер Наурыз тойының басты тағамы Наурыз көжені пісіреді. Бұл күні қазақтың ұлттық тағамдары әр үйдің дастарханынында болады.Олар Наурыз көже, бауырсақ, құрт,ірімшік,қазы,қарта,жал, жая. Сол күні қазақтың ұлттық ойындары ойналады.Олар көкпар ойыны, асық ату, арқан тартыс, күрес сияқты ойындар.Жәнеде сонымен қатар бұл күні тұсау кесу,бесікке салу сияқты қазақтың салт дәстүрлері өткізіледі. Дәптермен жүмыс: Ә. Табылдының «Наурыз тойы» өлеңін балаларға жаттату. Күн менен түн теңелді. Күн шуаққа кенелді, Соны тойлар ел енді. Наурыз тойы — салтымыз, «Көгерсін», - деп халқымыз, Көшеге тал егеміз. Балалар бізге үлкен әжеміз Наурыз көжені қалай дайындайтынын айтады. Олай болса тақтаға назар аударайық.. видео көрсетіледі - Әже қандай тағам дайындады? -Наурыз көжеге неше түрлі тағам салады? -Қандай тағамдар салады?Айтайықшы?(сүт, бидай,ет,күріш,су,тары,ас тұзы) -Жарайсыңдар,олай болса кітабымыздағы тапсырмаға қарайық. Кітапта наурыз көжеге салатын дақылдарды сызықпен қос деген. (бидай, күріш,тары). Балалар енді кішкене сергіп алайық. Бейнефильм Балалар мен тақтаға наурыз көже дайындайтын ыдыс ілдім.Енді осы ыдысқа наурыз көжеге салатын 7 түрлі тағамды салайық. Ол үшін кітаптарыңнын астында сурет бар.Әр түрлі тағамның суреті.Кімде наурыз көжеге салатын тағамның суреті болса тақтаға акеліп жапсырыңдар. Суретке назар аударайық. Осы суретке әңгіме құрайық. -Далада киіз үй құрылып тұр. -Қазан басында әжелер наурыз көже пісіріп жатыр. -Балалар алтыбақанда тербеліп ән шырқады. -Ат жарысы болды.Бір топ бала жарысты қарады. -Нұрлан домбырамен қара жорғаны тартты. -Әлия мен Саят биледі. Балалар бір сөзбен айтқанда қандай мейрам тойланып жатыр? -Наурыз тойы. Жарайсыңдар!Наурыз тойы туралы білетіндерің көп екен. Өте жақсы қатыстыңдар.Рахмет балалар. Олай болса орнымыздан тұрып Наурыз тойы күні айтылатын лебізді айтайық. Наурыз тойы салтымыз, Аман болсын халқымыз. Ұлыс оң болсын, Ақ мол болсын!