Шертіп күйін, әнін айтқан,
Өнер сыйын елге тартқан.
Өнер сүйген ақжарқын ел,
Өреніңбіз сенім артқан.
Музыканттар!
Музыканттар!
Өнерімен өңірге гүл,
Өмірге нұр құйдырған.
Ерекше жан, бар әлемді,
Жүрегіне сыйдырған.
Жандай болып жарқын ашық,
Таңдай болып шалқып атып.
Қазағымның көк аспанын,
Біз тұрармыз жарқыратып.