Ұстаздарға және оқушыларға арналған порталдар тізімі

  1. "Clever Quizzes" пән олимпиадалары - http://w.zti.kz/4a623c
  2. "Clever Library" ата-аналар мен педагогтарға арналған кітапхана - http://w.zti.kz/crviy
  3. Лингвистикалық олимпиадалар - https://wonder.zti.kz
  4. Бастауыш білім беру негіздері бойынша 3 тілдік олимпиадалар - https://kokon.kz
  5. Итальяндық дойбы бойынша киберолимпиадасы - https://doiby.zti.kz
  6. Интеллектуалды шахмат киберолимпиадасы - https://chess.zti.kz
  7. Жарыстар, конференциялар, олимпиадалар - https://kzu.kz
  8. Республикалық конкурстар, курстар, конференциялар мен олимпиадалар мен курстар - https://ukz.kz
  9. Зияткерлік сайыстар, конференциялар мен олимпиадалар – https://tarim.kz
  10. Мұғалімдерге арналған әдістемелік журнал - https://adisteme.kz
  11. Республикалық қашықтық олимпиадалары – https://clever.zti.kz
  12. Жарыстар, конференциялар, олимпиадалар - https://talimger.kz
  13. Менің психологиям - http://w.zti.kz/oqvmc

Ескерту: Мақала сапасы туралы ақпараттарды, сертификат, анықтама және журналға тапсырыс беру батырмаларын мақала авторы немесе журнал тілшісі ғана көре алады.

Мұғалімнің кәсіби дамуы – білім беру жүйесін жаңартудың негізі

Шығармашылық бұрышы
Мұғалімнің кәсіби дамуы – білім беру жүйесін жаңартудың негізі

Мақала авторы: Есмурзаев Ерлан Жаманбалаұлы
Жұмыс орны: Сүгір Әліұлы атындағы жалпы орта мектебі
Лауазымы: Мектеп директорының бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары
Порталға жариялану мерзімі: 22.04.2017
Журнал қорына жариялаған: Е.

Егемен еліміздің көк туын биікке желбіретер, тәуелсіздігімізді шарықтатар, егемендігіміздің еңсесін биік ұстай отырып, ұлтымызды болашаққа бастар –  келешек ұрпақ болып табылмақ. Дана қазақ ежелден бесіктен белі шықпаған балаға халықтық дәстүр мен халықтық өнерді бойына сіңіріп отырған. Бұғанасы қатпаған балаға «Әке көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» деп шешендік өнер мен тұрмыстық тәлім – тәрбие беруді алдыңғы орынға қойған. «Баланы жастан» деп бала тәрбиесін ежелден ерекше назарға алған.
Бүгінгі  таңда  елімізде  білім беру мазмұны жаңа бағытқа бет бұрды. Елбасы  Н.Ә.Назарбаев өз сөзінде: «Біз қазір «Білім – ғылым – инновация» атты үштік үстемдік құратын постиндустриялық әлемге қарай бағыт алып барамыз», – деген болатын. Ендеше, еліміздің әлемдік үрдістерге енуі  білім беру жүйесінің жаңа сапалық деңгейге өту қажеттілігін арттыруда екені түсінікті.

Еліміздің ертеңі жас ұрпақтың қолында, жас ұрпақты болашақ өмірге сеніммен аттандыру  ұстаздың қолында. Ұстаз осы жолда аянбай еңбек етіп, тынбай ізденуі, оқытуға қажетті жаңа, тиімді әдіс – тәсілдерді іріктеп, сұрыптап алуы шарт.

Ж.Аймауытовтың «Сабақ беру –үйреншікті, жай шеберлік емес, ол үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер….» деген сөздерін мектебіміздің ұстаздары өздеріне түйін ретінде алып, жан – жақты дамыған, өзгерістер ағымына әңғайлана алатын ұстаз болуды мақсат етті. Өз мақсатын жүзеге асыру үшін әр түрлі әдіс – тәсілдерді, инновациялық білім беру жүйесі ұсынған деңгейлік оқыту бағдарламасының мұғалімдер біліктілігін арттыру курсы нұр үстіне нұр болды.

Ағымдағы жылдың 14 сәуір күні Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Сүгір Әліұлы атындағы жалпы орта мектебінің базасында «Назарбаев Зияткер-лік Мектебі» ДББҰ Педагогикалық Шеберлік Орталығы Шымкент қаласын-дағы филиалы, Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімі және С.Әліұлы атындағы жалпы орта мектебі бірлесе ұйымдас-тырған аудандық «Мұғалімнің кәсіби дамуы – білім беру жүйесін жаңартудың негізі» тақырыбында аудандық семинар болып өтті. Оқу мен оқыту барысында жаңа әдіс – тәсілдерді мұғалімдердің іс – тәжірибесіне енгізу үдерісін көрсету, мұғалімдердің шығармашылық құзыреттілігін көтеру, жаңа идеялар мен озық тәжірибелерді насихаттау, білім беру жүйесіндегі жаңа әдіс – тәсілдерді қолдану бойынша өзара тәжірибе алмасу мақсатында өткізілген шараға «НЗ» ДББҰ Педагогикалық Шеберлік Орталығы Шымкент қаласындағы филиалының тренерлері, білім бөлімінің әдіскерлері мен аудан мектептерінің деңгейлік бағдарламалар бойынша сертификатталған мұғалімдері қатысты.

Семинардың ашылу барысында сөз алған білім бөлімі әдістемелік кабинетінің меңгерушісі С.Маликайдаров пен мектеп директоры Г.Момбекова семинарға қатысушыларға жылы лебіздерін білдіріп, сәттілік тілесе, директордың бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары Е.Есмурзаев «Оқыту мен оқу сапасын арттыру үшін сабақтарда жаңа әдіс – тәсілдердің  қолданылуы»,  «НЗМ» ДББҰ ПШО тренері А.Қажымбетова «Деңгейлі бағдарламаның мұғалімнің ақпараттық құзыреттілігінің өсуіне тигізетін ықпалы», «НЗМ» ДББҰ ПШО тренері С.Нұржаутов «Білім мазмұнын жаңарту аясында критериалды бағалау жүйесінің маңызы» тақырыптарында баяндамалар оқыды.

Мектеп ұстаздарының  жаңа форматтағы ҰБТ-ға дайындаудың үздік әдістерін, қалыптастырушы бағалау түрлері мен оны қалай жүргізуге болатындығын, “Kahoot” бағдарламасын қолдану және пәндердің кіріктірілуі әдісін өздерінің сабақтарында іс жүзінде көрсетіп, өзара тәжірибе алмасты. Ал, «НЗМ» ДББҰ ПШО тренерлері Б.Ерекеев, Б.Нияз, С.Нұржаутов, Ү.Байсейтова ұйымдастырған «Белсенді сабақтағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеттері», «Интерактивті жаттығулар:оқушыларды еліктіру мен шабыттандырудың үздік тәсілі», «Критериалды бағалау жүйесінің маңызы және түрлері», «Эффективность планирования стратегий обучения» тақырыптарындағы шеберлік сыныптарының ұстаздардың тәжірибесіне өзіндік әсері мол болды.

Семинар қорытындысында өздерінің алған әсерлерімен, ой – пікірлері және ұсыныстарымен бөліскен шараға қатысушылар алдағы уақытта да осы секілді бірлескен шараларды өткізудің маңызы зор екендігіне тоқталды.