Мұғалім — мәңгі нұрдың қызметшісі

Әдістемелік қоржын
Мұғалім — мәңгі нұрдың қызметшісі

Мақала авторы: Жанназарова Шымыргүл
Жұмыс орны: Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, Қызылтөбе лицейі
Лауазымы: математика пәнінің мұғалімі
Порталға жариялану мерзімі: 10.02.2016


Сабақ- ұстаздың көп ізденуінен, көп еңбектенуінен туатын педагогикалық шығарма. Ал осы шығарманы алдында отырған оқушыларға игерту де оңай шаруа емес. Ол үшін мұғалімнің біліктілігі,іскерлігі,көптеген әдіс- тәсілдерді қолдана білуі,айтқанын оқушы жүрегіне жеткізе алатындай шешендігі,шебер ой-өрнегі болу керек.Сабақ үстінде небір күрделі қиындықтар,оқыс әрекеттер кездеседі. Шебер ұстаз соның бәріне төтеп беріп,сабақ үрдісін түрлендіріп отырады. Оқушының дарындылығын дамыту,ізденушілікке баулу,зерттеу дағдысы мен білімін игертуде мұғалімнің ролі орасан. « Қызылтөбе» лицейінің математика пәні мұғалімі Асылбаева Назгүл –осындай ұстаздың бірі . Қабілеттілік дамудың нәтижесі болғандықтан, оның туа бітуі мүмкін емес, оқушы қабілеті дегеніміз — оның педагогикалық ықпал аясында білім алуы.Оқушыны шығармашылыққа баулу, өз еңбегінің нәтижесін көруге,оны бағалауға бағыттау-өте күрделі үрдіс. Назгүл биылғы оқу жылындағы өткізілген оқушылар олимпиядасына бірнеше оқушылар дайындап, ішінен үздіктерін сайысқа салған еді. Сол сайыстарда жеңімпаз болған 9 «а» сынып оқушысы Амангелдиева Назым- Абай атамыздың «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады,бірі «ішсем,жесем,ұйқтасам» , ал екіншісі «көрсем,білсем» деп, ер жеткенде ит үрсе де, мал шуласа да, «ол неге үйтеді», «неге бүйтеді» деп көз көрген мен құлағы естігенің бәрін сұрап ,тыныштық бермейді» деген тұжырымды растайтын оқушылардың бірі. Ерінбей іздену өз нәтижесін беріп лицейішілік, аудандық,облыстық олимпиядалар жеңімпазы атанып,республикалық олимпиядаға жолдама алып отыр.Сонымен қатар, облыс көлемінде І орын алған оқушылар командалық Халықаралық сайысқа да жолдама алып отыр. Шәкіртімізге әрқашан биіктерден көріне бер деген ізгі тілегімізді білдіреміз.
«Мұғалім-мәңгі нұрдың қызметшісі,ол барлық ой мен қиял әрекетіне дәнін сеуіп, нұр құятын тынышсыз, лаулаған жалын иесі» демекші, Назгүл Асыбаеваға еңбегің жана берсін, шәкірттерің әр уақытта биіктерден көріне берсін, өскелең ұрпақты тәрбиелеуде әлі де қосар үлесің мол болсын дейміз.

Конкурстар мен олимпиадалар - https://talimger.kz

Республикалық қашықтық олимпиадалар — http://clever.zti.kz

Республикалық конкурстар, курстар, конференциялар мен олимпиадалар — https://ukz.kz

Конкурстар, конференциялар және олимпиадалар — https://tarim.kz

Халықаралық семинарлар, олимпиадалар мен конкурстар — https://mriks.ru

Халықаралық педагогтар ассоциациясы - https://iae.su

Конкурстар мен олимпиадалар - https://kzu.kz