Прозвенел последний звонок этого учебного года. Ура каникулы! В летнее время дети должны отдыхать, правильно питаться и обязательно вдоволь насытить организмы летними витаминами. Если дети желают играть в компьютерные игры, то пускай наиграюся сейчас. Единственное нужно контролировать контент детских игр. А то мы знаем, какие нынче игры? Специально в помощь родителям мы подобрали список дистанционных летних кружков. Если ребенку нравится точные науки, тогда рекомендуем приобрести абонементы по итальяснким шашкам (doiby.zti.kz) или международным шахматам (chess.zti.kz). Если ребенка тянет к языкам, то запишите на лингвистические олимпиады "Wonder Words" (wonder.zti.kz). ...

Приглашаем всех желающих принять участие в лингвистической олимпиаде "Wonder Words" по казахскому языку на портале https://wonder.zti.kz ...

Приглашаем всех желающих принять участие в лингвистической олимпиаде "Wonder Words" по русскому языку на портале https://wonder.zti.kz ...

Баланың ғаламтордағы уақытын ақылмен қолданыңыздар! Шахмат кибер олимпиадасы баланың ой өрісін дамытып, ақылын жетілдіреді. Нақты ғылымдарды игеруге ықпал жасайды.
Онлайн шахмат клубына жазылыңыздар: https://chess.zti.kz
...

Мы являемся разработчиком систем дистанционного образования и на базе своих авторских порталов постоянно организовываем предметные олимпиады и другие образовательные мероприятия. На протяжении многих лет мы оказываем рекламные услуги организациям образования высшего и средне-специального звена (далее - рекламодатель) путем размещения рекламных баннеров, с приглашениями на образовательные мероприятия наших рекламадателей в выходных документах выдаваемых по итогам дистанционных олимпиад. Каждый участник получив диплом или сертификат от наших порталов приобретает скидку на обучение в курсах или приглашение на участие в мероприятиях наших рекламодателей. Договора на предоставление рекламных услуг заключаются только напрямую с рекламодателем без участия третьих лиц, или представительских организаций. Подробнее: https://zti.kz/ads/ ...

Как получить журнал за 2 дня? Данная возможность уже функционирует с начала 2022 года на портале www.kzu.kz. Но, многие об этом не знают. И мы решили, расскрыть этот секрет... Если у вас есть готовая статья, то вы можете ее публиковать на сайте www.adisteme.kz. Это бесплатно. Также вы можете принять участие в конференции. В этом случае ваш доклад будет в автоматическом режиме опубликована в специальном номере журнала для конференционных докладов. У журнала будет свой ISSN. В этом случае у вас будет возможность получить электронный вариант журнала в течений двух дней. Вот и все. Одним выстрелом примете участие в конференции и получите журнал, что не сомненно будет учитываться в период прохождения аттестации. ...

По результатам анализа радиационно-гигиенической обстановки на территории Республики Казахстан значительный вклад в дозу облучения населения вносит медицинское облучение за счет диагностических рентгенорадиологических исследований. Об этом расскажет автор Системы учета доз радиационного облучения доктор Тлеубаева Асел Бакытбековна в одноименной статье. Подробнее: https://adisteme.kz/sudro.html ...

Сколько нужно слов чтобы знать Английский?
- ответ знают учёные из Оксфордского университета. Составляя учебные материалы для студентов, они подсчитали главные слова для каждого уровня.
• 250 слов необходимый старт для новичков.
• 600 достаточно чтобы говорить на базовые темы в повседневной жизни.
• 1200 повысить твой уровень до уверенного среднего.

Мы создали систему быстрого запоминания «Wonder Words» в её основе метод интервальных повторений, доказанный учёными. Приложение предлагает все слова, которые максимально расширят твой словарный запас. https://wonder.zti.kz
...

Ескерту: Мақала сапасы туралы ақпараттарды, сертификат, анықтама және журналға тапсырыс беру батырмаларын мақала авторы немесе журнал тілшісі ғана көре алады.

Мерейлі спорт мектебі

Мектеп тарихы
Мерейлі спорт мектебі

Мақала авторы: Сералимова Роза Сейілбекқызы
Жұмыс орны: «Қ.Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» республикалық мемлекеттік мекеме
Лауазымы: қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі
Порталға жариялану мерзімі: 09.05.2017
Журнал қорына жариялаған: Сералимова Роза Сейілбекқызы


Мерейлі спорт мектебі
Аралап талай жерді, сан қаланы,
Күресіп талай алып, дәуді жыққан.
Ел кезіп, елден асқан палуанның
Талайын қол ұшымен ойнап сыққан.
Сәкен Сейфуллин
Ұрпақ тәрбиесінің ұлы ісіне өмір жолы болар тұлғаларымыз баршылық. Солардың шоғырында Қажы Мұқанның жұлдызы ерекше жарық. Өз ұлтының бойындағы барлық асыл қасиеттерді, ұлттық салт-дәстүрлерді, тілінің бар байлығын шебер игеріп, саналы ғұмырында сақтап өткен асыл азамат әкім-ұлықтардың емес, қарапайым халқының жүрегінде мәңгі орын алды. Ұлттық намысты ту етті, әлсіздік пен пендешілікке бой ұрмады. Артына үлгі болар жақсы өнегесін қалдырды.
Әлемге қазақ деген ел бар екендігін танытып, дүние жүзі халқына еріксіз таңдай қақтырған, небір азуы алты қарыс мемлекеттердің атағы жер жарған саңлақтарын сан соқтырып, жеңіс тұғырына сан мәрте табан тіреген тұңғыш қазақ спортшысы Мұқан бабамыз көтерген туды қазіргі ұрпақ түсірмей көкте желбіретіп келеді. Олай дейтін себебім, осынау Елордамыз Астана қаласының төрінде табан тіреп тұрған қара шаңырақ спорт мектебі осы Қажы Мұқан бабамыздың атында.
Қазақта «Атына заты сай» деген сөз бар. Атаулы мектеп – келешек олимпиада чемпиондарын даярлап баптайтын, темір болаттан соққандай етіп соғатын ұстаханасы деуге де болады. Біздің мектеп олимпиада резервін жастайынан баптайтын республикалық мамандандырылған спорт мектеп-интернат-колледжі.
Тарихқа көз жүгіртетін болсақ, Қажы Мұқан Мұңайтпасов атындағы спортта дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернаты 1971 жылы құрылды. 1971-1972 оқу жылын мектеп-интернатының алғашқы 58 түлегі бітірген. 1971-2016 жылдар аралығында мектепті 3642 түлек аяқтап, қазіргі таңда Қазақстан Республикасының көк туын желбіретіп, үлкен додаларда өздерін көрсетіп жүр. Сонымен қатар олар спорт және басқа салаларда да қызмет етуде.
Біздің мектебіміздің Қажы Мұқан Мұңайтпасовтың атымен аталуының өзі үлкен міндет арттыратыны сөзсіз. Еліміздегі жүріп жатқан саясат, түрлі реформалар ХХІ ғасырда біздің елімізді әлемдегі 30 ең дамыған елдердің қатарына қосу бағытында болса, соған жеткізер бір-де бір құрал осы спорт болса керек. Өйткені спортты дамыту арқылы ұлттың сау болуына қол жеткіземіз. Спорт жетістіктері арқылы әлемге әйгілі боламыз. Өнер мен спортта шек жоқ, спорт арқылы біздің елімізді таниды. Ал осындай танымал болу оңайлықпен келмейді, ол үшін талай тер төгу қажет.
Осыншама уақыт ішінде мектеп өзінің тамаша түлектерін, республика бойынша спортта дарынды Қажы Мұқан ізбасарларын тәрбиелеп, әлемдік тұғырға көтеріп келеді. Ал осы сөзіміздің дәлелі ретінде әр түрлі кезеңде мектеп-интернатынан түлеп ұшқан спортшыларымыздың бағындырған белестеріне тоқталып өтетін болсақ, олар: еліміздің түрлі чемпионаттарынан бастап, Әлем, Азия чемпиондары, қала берді тіпті Олимпиада ойындарының жүлдегері. Аты аңызға айналған, Қазақстан спортына еңбегі сіңген даңқты спортшылары: Шәміл Серіков, Ольга Кривошеева, Виктор Шашерин, Дәулет Тұрлыханов, Валерий Тихоненко, Елена Чебукина, Мәулен Мамыров, Ислам Байрамуков, Ермахан Ыбрайымов, Нұрбақыт Теңізбаев, Елдос Сметов т.б. Бұл тізімді жалғастыра беруге болады, өйткені бұл ұстаханада отта балқып, өз кезегін күтіп тұрған болаттар көпшілік.
Аталмыш жыл Қазақстан Республикасының Мәдениет және Спорт министрлігі спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» Республикалық Мемелекеттік Мекемесі үшін мерейлі жыл болып отыр. Себебі биыл мектеп өзінің 45 жылдығын атап өтпекші.
Мектептің қазіргі ісін айтсақ, өзінің жарты ғасырға жақын қызметінде мемлекеттік тұрғыда жас спортшыларға барлық жағдай жасалуда. Бүгінгі таңда спорттың он сегіз түрінен жаттығып дайындалуға мүмкіндік бар. Сонымен қатар, біздің түлектеріміз білім жағынан да жалпыға білім беретін мектеп оқушыларымен білім таластырып, мектебімізді үздік және жақсы аяқтап жоғарғы оқу орындарына түсуде. Осы жаттығу мен білімді қатар алып жүрген жас түлектеріміздің өсіп-өніп жетілулеріне мектебімізде жасалатын жағдайлар туралы айтатын болсақ, сынып кабинеттері жаңа дәуірге сай технологиялармен жабдықталған, сабақ интербелсенді тақтаның көмегімен, ғаламтор арқылы қашықтықтан, электрондық оқулықтар арқылы жүргізілетіндіктен жарыста немесе оқу-жаттығуда жүрген спортшылармен әрдайым байланыс жасалып отырады. Ұстаздарымыздың 70% пайызынан асқаны — жоғары санатты өз ісін жетік білетін жандар.
Осы қаршадай жасынан жырақта жүріп, спорт арқылы Қазақстанның туын көкке желбіретемін деп жүрген жас түлектеріміз үшін әке орнына әке, шеше орнына шеше болып жүрген тәрбиешілеріміз бен сүйегі сырқыраса қасынан табылатын ақ халатты медициналық қызметкерлердің де еңбектері зор.
«Ас – адамның арқауы» демекші олардың жаттықтыру, жарыс барысында нәтижеге жетуіне және шаршаған ағзаларын қалыпқа келтірудегі асхана қызметкерлерінің де үлесін айтпай кету мүмкін емес.
Ал бәйгеге шабатын тұлпарды баптайтын, мектеп-интернат-колледж оқушыларымен жаттығу жүргізетін 70-тен астам біліктілігі жоғары дәрежедегі жоғары санатты, Халықаралық дәрежедегі спорт шеберлігі, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы атағы бар жаттықтырушылар қызметін ерекше атау орынды болар. Әрине, қажымай еткен еңбектің жемісі болары сөзсіз, сондықтан біздің мектебіміздің түлектері әлі талай әлем додаларында көк туымызды көкте желбіретіп, Әнұранымызды асқақтатады деген сенімдеміз.
Осы барлық мақтан тұтар жетістіктеріміздің ішінде биылғы оқу жылының басында, Білім күні қарсаңында Қажы Мұқан бабамыздың 145 жылдығына арналған асқақ мүсіні мен мектебміздің даңты спортшылары және үздік түлектеріне арналып жасалған мектеп алдындағы аллеяны айтуға болар. Қазіргі таңда аллея тақтасында олимпиада жеңімпаздары мен үздік оқушылардың саны тең болмаса да, болашақта бұл тақта жарыса толықтырылатынына кәміл сенеміз.
Ойымды қорыта келе мақаламды атағы жер жарған Қажы Мұқан бабамызға Тұманбай ағамыздың арнаған мына бір өлең жолдарымен аяқтап,
Талай-талай мықтымен тайталасып,
Ұрпағы оның ерлігін қайталасын.
Қажы Мұқандай ұл туған қазағымды,
Күштен кем деп қалайша айта аласың,
дей отырып, осындай ұл туған қазағымның жолын ардайым ашық қылсын демекпін!