Менің тәрбиешім

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту
Менің тәрбиешім

Мақала авторы: Ергебек Жазира Әбенқызы
Жұмыс орны: №4М.Әуезов атындағы мектеп
Лауазымы: Тәрбиеші
Порталға жариялану мерзімі: 15.11.2016


«Менің тәрбиешім» 12.10.16о.жыл
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет: Өзін-өзі тану
Тақырыбы:«Менің тәрбиешім»
Мақсаты: «Білім», «еңбек», «сыйластық» адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
— оқушыларға тәрбиешінің, ата-ананың, үлкендердің, өмірдегі «Тәрбиеші» екенін түсіндіру;
— тәрбиешілер еңбегіне сүйіспеншілігін, кітап оқуға қызығушылықтарын арттыру.
— ұстаздарды бағалауға, сыйлап — құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: үнтаспа, сюжетті суреттер.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Жан жылуы:
Кел,балалар,күлейік.
Күлкіменен түлейік,
Қабақ шытқан не керек,
Күліп ойнап жүрейік.
Балалар бүгін біздің ұйымдастырылған оқу іс-әрекетімізге қонақтарды шақырдым.
Ол қонақтар, сендердің шағын топта мектепке бейімделуге үйреткен тәрбиешілерін.
Қонақтармен сәлемдесу.
Ой қозғау: Әңгімелесу
Тәрбиеші мен шәкірт арасындағы сыйластықты қарым-қатынастарын дамыту мақсатында әңгімелесу ұйымдастырылады.
— Тәрбиеші деп кімдерді айтамыз?
— Сендер кімдерді өздеріңе ұстаз деп санайсыңдар?
— Тәрбиешілерінді қалай қуантар едіңдер?
Ойын:
Тәрбиеші еңбектің мәні рөлдік ойын.

Мақсаты: Балаларға өз тәрбиешілерін құрметтеуге,сыйлауға,еңбектерін бағалай білуге тәрбиелеу.
Мәтінмен жұмыс
Оқушылардың тәрбиеші еңбегіне деген құрметін арттыра түсу мақсатында өлең оқу ұсынылады. «Ұстаз» өлеңі (А. Сопыбеков)
Жүректен-жүректе: Сергіту сәті.
Орнымыздан тұрайық,
Саусақтарды біріктіре.
Жүректі біз құрайық,
Жүректегі жылулықты.
Досымызға сыйлайық.
Тәрбиеші ой пікірлерді толықтыру және оқушылардың өз ойларын пайымдауларын байқау үшін «Суретке қарап, ұстаздық еңбек туралы айтып беріңдер»
Жаңа сабақ.
Оқулықта берілген «Жаңа тапсырманы» талдау арқылы тәрбиешінің балалардың өміріндегі маңызы орын алатыны түсіндіріледі.
Оқушыларға тәрбиеші еңбегінің маңызын аша түсетін жаңа оқу іс-әрекетімен танысу ұсынылады.
Дәптермен жұмыс
Тапсырма:
Балаларға тәрбиеші еңбегінің маңыздылығы мен мән-мағынасын түсіну үшін «Менің тәрбиешім» негізінде әңгімелеу ұйымдастырылады.
Қорытындылау
Жүректен жүрекке
Балалар тәрбиешіні ортаға алып, өз тілектерін арнап, ұстаздарымен қосылып ән айтады
Тәрбиеші:Ергебек Жазира

Конкурстар мен олимпиадалар - https://talimger.kz

Республикалық қашықтық олимпиадалар — http://clever.zti.kz

Республикалық конкурстар, курстар, конференциялар мен олимпиадалар — https://ukz.kz

Конкурстар, конференциялар және олимпиадалар — https://tarim.kz

Халықаралық семинарлар, олимпиадалар мен конкурстар — https://mriks.ru

Халықаралық педагогтар ассоциациясы - https://iae.su

Атаулы ертегілер - https://hansunqar.kz