Менің Отаным

Тәрбие сағаты
Менің Отаным

Мақала авторы: Ибраева Алтынгуль Амангельдиевна
Жұмыс орны: №18 М.Сатыбалдиев атындағы жалпы орта білім беретін мектеп
Лауазымы: Мектеп директорының оқу ісінің орынбасары
Порталға жариялану мерзімі: 01.02.2016

Тақырыбы: «Менің Отаным»

Мақсаты: 1. Оқушыларды елін сүюге, Отанға деген мақтаныш сезімін арттыруға, еліміздің тәуелсіздігінің паш ететін түрлі тарихи оқиғаларды зерделей отырып, егемен елімізге қамқор болу, мемлекетімізді одан әрі нығайту, еліміздің ертеңі жастардың қолында екенін ұғындыру.

  1. Патриоттық тәрбие беру, өз елін, Отанын сүюге, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру.
  2. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеп, қастерлеу, тәуелсіздігіміздің тұғырын биік ұстауға үлес қосуға атсалысуымыз керектігін түсіндіру.

Көрнекілігі мен жабдығы:  Интерактивті тақта, Астана, рәміздер суреттері, сызбалар, мақал – мәтелдер, бейнекөрсетілім.

Шараны өткізу әдісі: түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап.

Шараның жүру барысы:

Мұғалім:

Біздің Отанымыз-Қазақстан. Мемлекетіміз тәуелсіздік алғалы Қазақстан Республикасының жетістіктері өсуде. Осынау жылдарда елдігімізді танытып, еңсемізді көтерген қаншама ұлы оқиғалар бар. Қазақстан Республикасы 1991 жылы16 желтоқсанда өзінің тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет болды. Осы өткен жолдарымызға қарасақ, әр жылдың өз шежіресі, сыры, тарихы, қасиеті бар. Қазақстанды мекендеген барлық халықтардың ұлттық мәдениетін көркейтіп, бірлігі мен ынтымағын жарастырып отырған ұлы елміз. Осыған орай «Менің Отаным-Қазақстан!» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз.
Естігенде көк аспанның астында,
Тік тұрындар айтылғанда Әнұран.
Бар қазақтың үніндей шарықта,
Шарықташы, Әнұраным, шарықта!
Оны айтуға, жас ұлан, жалықпа.

ӘНҰРАН  орындалады.

Мұғалім:

-Балалар, Отан деген не?

Әсемай:

«Отан» деген сөзді күн сайын естіп жүрміз, оны бала кезімізден білеміз. Отан дегеніміз-адамның туып өскен жері, туған – туысқандарымен, жақындарымен бірге тұратын атамекені.

Мұғалім:

-Отан  туралы қандай тақпақтар білеміз?

Ералы:

Отан – сенің ата-анаң,

Отан – досың, бауырың.

Отан — өлкең, астанаң,

Отан – аудан, ауылың.

Бекет:

Отан-тарих, Отан-тіл,

Жасаған елің, ер халқың.

Отан — өлең, отан-жыр,

Көтерген көкке ел даңқын.

Әмина:

Отан – осы, достарым,

Көңілге мұны түйе біл.

«Отан» деп өс, жас қауым,

Оны ардақтап сүйе біл!

Мұғалім:

  • Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады?

Хормен:

Біздің Отанымыз Қазақстан Республикасы деп аталады? (Видео, слайд)

Мұғалім:      Балалар, Қазақстан Республикасында 14 облыс, 90-ға жуық қала, 150-ден астам аудан бар.Республика халқының саны -15 миллион. Қазақтанда басқа 130-дай ұлттар тұрады. Қазақстан жері —  ұлан байтақ. Батыстан Шығысқа 3000км, Солтүстіктен Оңтүстікке қарай 1600 км-ге созылып жатыр. Жер көлемі бойынша – Қазақстан әлемде – 9 орында. Құстың 480түрі, балықтың 150 түрі кездеседі. Пайдалы қазбаларға өте бай. Дәрілік өсімдіктің 250 түрі бар.

-Ендеше, балалар, ақын Мұқағали Мақатаевтың  «Отан туралы» өлеңін кім айтып береді?

Нұртаза:

Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,

Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем.

Мен оның қасиетті тілін сүйем,

Мен оның құдіретті үнін сүйем.

Сабина:

Тауды көрсең күн көзімен таласқан,

Аспан көрсең Ай мен Күнге жол ашқан.

Менің Байтақ Республикам таулары,

Менің көгім мөлдіреген көк аспан.

Ернұрбек:

Көгінде күн нұрын төккен,

Жерінде гүл жұпар сепкен.

Неткен сұлу, неткен көркем,

Осы менң туған өлкем.

Мұғалім.

-Балалар, Қазақстан Республикасының Президенті кім?

Хормен:

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев./инт. тақтадан Н.Ә.Назарбаев суретін көрсету/

Мұғалім:

Қазақстан Республикасының астанасы қай қала?

Астана қаласы.

Астананың бұрынғы атауы қалай аталған?

Хормен:

Ақмола қаласы.

Мұғалім:

Астанамыз Алматыдан Ақмолаға қай жылы көшті?

1997ж

Мұғалім:

Ақмола атауы Астана болып қай жылы өзгертілді?

1998ж.

Мұғалім:

Балалар,  Сиқырлы сандар не дер екен? (слайд)

1919-1925 жж .Қазақстанның астанасы-Орынбор қаласы,

1925-1929 жж. Қызылорда қаласы.

1929-1997 жж. Алматы қаласы.

1997ж. Ақмола қаласы Астана атанды.

1998ж . Ақмола атауы Астана болып өзгертілді.

Интерактивті тақтадан Астананың суреттерін көрсету.

Мұғалім.

-Балалар, Астанамыз туралы қандай өлең білеміз?

Аружан:

Қадамың бар баспаған,

Асуың бар аспаған.

Халқың жетсін мұратқа,

Ей, бас қала – Астанам!

Бекнар:

Тың жылдарды бастаған,

Жалған атын тастаған.

Қайта түлеп құлпырған,

Ей, бас қала -Астанам!

Нұрбақыт:

Шырқап көкке аспан -ән,

Болашаққа бас қадам.

Қазақ рухын биіктет,

Ей, бас қала-Астанам!

Мұғалім:

-Балалар, біздің еліміз қандай мемлекет?

-Хормен: Тәуелсіз мемлекет.

Мұғалім. Біз тәуелсіздігімізді қашан алдық?

Хормен:

1991ж. 16 желтоқсан.

№11 оқушы: Сабина

Бір шаңырақ астында,
Қазақстанда тұрамыз.
Бірге сайран құрамыз,
Бір үйде біз тұрамыз.

№12 оқушы: Әнуар

Құт, береке-шаңырақ,
Орын алған ол төрде.
Билігім өз қолымда-
Еркіндігім- Елімнің!

ХОР:  ДОСТЫҚ ӘНІ

Мұғалім:   «Таңбасыз ел болмайды, Найзасыз ер болмайды- демекші егемен ел болу үшін Қазақстан Республикасының ұлттық белгілері болу керек. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері 1992 жылы 4 маусымда қабылданды. Кәне, кім атап береді мемлекеттік рәміздерді?

Оқушылар:

  1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы
  2. Қазақстан Республикасының мемелекеттік Елтаңбасы
  3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұраны

№13 оқушы – Миіржан:

Айнымайды аспаннан
Біздің тудың бояуы.
Оны халық қашан да
Биікке іліп қояды.
№14 оқушы – Ералы

Туымызға жас туған
Бір қарамай өтпейді.
Сол көк тудың астында
Көгереміз көктейміз.

№15 оқушы – Әсемай

Қатар шапқан қос тұлпар,
Ай астында қазақ үй.
Қалықтаған жас сұңқар,
Шарықтаған таза күй.
Бұл таңбасы елімнің,
Елдігімнің, белгісі.
Мұғалім:  — Адамды мұратқа жеткізер – ана тілі мен ата дәстүрі. Егеменді қазақстан елінде ана тілімізге мемлекеттік мәртебе берілді. Тіл туралы заң қабылданды.

№15 оқушы- Ернұрбек

Туған тілім
Туған тілім-бабам тілі — өз тілім!
Туған тілім- анам тілі — өз тілім!
Туған тілім –далам тілі-өз тілім
Туған тілім- өз тілім!

№16 оқушы — Әмина
Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнімменен сәнім бар.
Туған тілім тіл болудан қалса егер,
Жүрегімді суырып алыңдар.

Қорытынды: Мұғалім:

Балалар, біздер тәуелсіз қазақ елінің ең жас ұландарымыз. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді әкелер мен аталарымыз сияқты қадірлеуге, сүюге қорғауға тиіс екенімізді естен шығармайық. Саналы, білімді азамат болып шығуымыз үшін не істеуіміз керек?

Балалар :

Еңбек етуіміз керек.

Мұғалім:

Біздің қазіргі еңбегіміз не?

Балалар:

Оқу.

Мұғалім :

Отанымыз, Туған жеріміз, Оқу, білім туралы қандай мақал –мәтелдер  білеміз.

  1. Отан –оттан да … / ыстық/
  2. Отансыз адам,

Ормансыз  …  / бұлбұл/

3.Кітап білім  …. / бұлағы/

4.Оқу   ….   құдық қазғандай  /инемен/

  1. Туған жердей …. болмас /жер/

Туған елдей …. болмас /ел/

  1. Кісі елінде сұлтан болғанша,

Өз еліңде …. бол  /ұлтан/

Мұғалім:  Үш бақытым

Ең бірінші бақытым- халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кеңін.
Ол бар болмаса, мен бармын, қор болмаймын,
Қымбаттырақ алтыннан нарқым менің.
Ал, екінші бақытым-тілім менің,
Жас жүректі тіліммен тілімдедім.
Бақытым бар үшінші –Отан деген.
-Кім мықты? – десе біреу «Отан» дер ем!
(хормен)
Бүгінгі «Менің Отаным – Қазақстан» атты тәрбие сағатымызды   ″Ақ көгершін″ әнімен аяқтаймыз.

Бүгінгі «Менің Отаным – Қазақстан» атты тәрбие сағатымызды   ″Ақ көгершін″ әнімен аяқталды

Конкурстар мен олимпиадалар - https://talimger.kz

Республикалық қашықтық олимпиадалар — http://clever.zti.kz

Республикалық конкурстар, курстар, конференциялар мен олимпиадалар — https://ukz.kz

Конкурстар, конференциялар және олимпиадалар — https://tarim.kz

Халықаралық семинарлар, олимпиадалар мен конкурстар — https://mriks.ru

Халықаралық педагогтар ассоциациясы - https://iae.su

Атаулы ертегілер - https://hansunqar.kz