Мақсаты: Ертеңгі ел болашағы болып табылатын жас бүлдіршіндерге өз елі, Отаны , рәміздері , тарихы туралы түсінік бере отырып, оларды отансүйгіштік патриоттық сезімге тәрбиелеу, ой – өрісін дамыту, сөздік қорын молайту.
Әдіс- тәсілдері: түсіндіру, ойын, сұрақ- жауап, әңгімелеу, сергіту, щаттық шеңбері.
Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының картасы, Қазақстан республикасының мемлекеттік рәміздері слайд-шоу, Астана қаласыны ң көрнекі жерлерінің суреттері , бейнетаспа.
Оқу іс- әрекетінің барысы.
Шаттық шеңбері.
Көк аспанда күн күлсін,
Бірге күлсін бүлдіршін,
Ұл қолында ту жүрсін !
Қыз қолында гүл жүрсін!
Бірге күлсін бүлдіршін.
-Балалар , қане , кім айтады, Отан дегеніміз не?
-Отан дегеніміз , адамның туып өскен жері , халқы.
Сұрақ- жауап .
-Біз қандай ұлтпыз?
-Қазақ
-Балалар, біз қай елде тұрамыз?
-Қазақстан Республикасында тұрамыз.
-Балалар , Қазақстан Республикасы егеменді , тәуелсіз ел. Биыл тәуелсіз , егеменді еліміздің 25 жылдығын тойлағалы отырмыз. Әрбір егеменді елдің өзінің рәміздері болады. Олар: әнұран , Елтаңба , ту.
Ізденушілік ұйымдастырушы
-Балалар әнұран туралы не білеміз?
— Әнұран – салтанатты ән. Оны салтанатты жағдайларда орындайды. Әнұранды орындаған кезде міндетті түрде орынымыздан тұрып, оң қолымызды жүректің тұсына қоямыз.
-Орынымыздан тұрып , әнұранымызды орындайық.
Мемлекеттік рәміздер туралы әңгімелесу.
-Біздің еліміздің туының түсі қандай?
— Мен сендерге бұл суреттің маңызын түсіндірейін. Ортасында алтын күн орналасқан, әрқашан жайнап , жарқырай берсін деп. Күн астындағы қыран- еркіндіктің , тәуелсіздіктің белгісі ,биікке самғайды. Туымыз ұлттық оюмен өрнектелген .
Балалар, ту туралы не білесіңдер?
-Ал мынау балалар мемлекетіміздің елтаңбасы екен. Елтаңбада шаңырақ, қос пырақ ат бар .Ат – адамның қанаты. Шаңырақ – үлкен ортақ үй дегенді білдіреді.
-Сендер қалай ойлайсыңдар , Елтаңбаны қайдан көруге болады?
-Қазақстан Республикасының шекарасында , маңызды құжаттарда , теңгемізде бейнеленген.
-Қазақстанның елордасы қай қала?
— Елордамыз –Астана
-Отанымыздың жүрегі, астанасы — Астана қаласы. Астанамыз жас қала, әрі бас қала. Астанамыз жылдан-жылға көркейіп, әсемденіп келеді. Қазір осы Астананы бейнетаспадан көреміз.
-Астана қаласында болғандарың бар ма?
-Бәйтеректі көргендерің бар ма?
-Бәйтерек Астананың ортасында орналасқан.
Ол өте биік әрі сұлу ғимарат.
Қане, балалар бәріміз бірге ойын ойнайық.
Ойын: «Туған жерді гүлдендір» .
(Балалар алдын ала суреттері жапсырылған түрлі- түсті гүлдерді алып әуен ырғағымен жүріп, Қазақстан картасына гүлдерді орналастырады. Ойынды қызыға ойнады.
-Балалар , туған жерді гүлдендірер ұл- қызы міне, сендерсіздер. Ол үшін терең әрі жан – жақты болу міндеттерің. «Туған жер – алтын бесік» -демекші, балалар, бүгінгі сабақта айтылғандарды өнеге етіп, , елді , жерді сүюді , қадірлеуді өмірлік мақсат етейік! Еліміздің рәміздерін қадірлеп, биікке көтеріп жүруіміз қажет.
Қорытындылау. «Жас дәуірдің түлегіміз» әні.