1. | Сабақтың тақырыбы: | «Менің Отаным — Қазақстан» |
2. | Жалпы мақсаттар: | Оқушылардың патриоттық сезімін дамыту, Тәуелсіздік алғаннан бергі Қазақстанның жетістіктерін насихаттау, басты құндылықтарды – тәуелсіздік, бейбітшілік пен келісімді нығайту. |
3. | Оқытудың нәтижесі: | Оқушылар Отанға деген азаматтық жауапкершілікті сезіне біледі. Еліміздің мемлекеттік нышандарына, дәстүрлеріне, тарихына, Қазақстан Республикасының Конституциясына деген мақтаныш сезімді оятып, оларға құрметпен қарайды. |
4. | Негізгі дерек көздері: | АКТ, маркер мен стикерлер, плакаттар, постер, ғаламтор. |
Кіріспе | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Оқыту-ды баға-лау | Уақыт |
Кезеңдері | Амандасу, оқушылардың назарын сабаққа аудару. | Сабаққа дайындық жасайды, зейіндерін аудару. | 1 минут | |
Топқа бөлу | Оқушыларды 3 топқа бөлінеді, 1 –топ: Қазақcтан; 2 – топ: Туған жер; 3 – топ: Отан ; Оқушылардан
«Сіздер қалай ойлайсыздар не себепті топтарды осы атаулармен атадық?» деген сұрақ қойылады. |
Оқушылар топқа бөліну әрекеттерін жасайды. Оқушылар өз ойларын айтып, сұраққа жауап береді. | 4 минут | |
Ойға қозғау | Интерактивті тақтадан «Менің Отаным – Қазақстан» тақырыбында видеоролик көрсетіледі. Қазақстанның өткені мен бүгіні туралы оқушылар ой қозғайды. | Оқушылар өз ойларын айтады | 8 минут | |
«Сандар сөйлейді»
|
Интерактивті тақтадан әртүрлі сандар көрсетіледі. Сол сандарға байланысты тарихи оқиғаны табуы керек. | Берілген тапсырма бойынша оқушылар өз ойларын ауызша жеткізеді | 7 минут
|
|
Ән | «Елім менің» әні. Нұрбол Ақжол | Оқушылар ән шырқайды | 4 минут | |
Тапсырма «Бүгіннен болашаққа» |
Топтар «Қазақстанның болашағы» туралы постер құрастырады. |
Топтық жұмыс (оқушылар постер қорғайды) |
9 минут |
|
Поэзия минуты
|
Өз елін мақтанышпен жырлаған ақын –жазушылар қаншама?! Оқушылар Отан, туған жер туралы өз туындыларын оқиды | Оқушылар өз шығармашылығын ортаға салады | 5 минут | |
Сабаққа рефлексия жасау | Оқушыларға стикер, маркер, таратылады.
Сурет |
Оқушылар стикерлерге өзерінің тілектерін жазып, «Тілек ағашын» толтырады. | 1минут | |
Үй тапсырмасы | «Қазақстанның дамуына қосар үлесім» тақырыбына эссе жазып келу | 1 минут |