Мейоз

Биология
Мейоз

Мақала авторы: Таушанова Қырмызы Санаевна
Жұмыс орны: М. Бегенов атындағы орта мектеп
Лауазымы: Мұғалім
Порталға жариялану мерзімі: 17.11.2020


Сабақтың тақырыбы: Мейоз
Мақсаты: Білімділік — Мейоздың бөліну нәтижесінде хромосомалардың 2 есе азайып, гаплоидты жиынтығы бар гаметалардың түзілуі туралы түсінік қалыптастыру.
Дамытушылық — Оқушылардың қосымша материалдары пайдалануға дағдыландыру, ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелілік — Адамның ұрпақ жалғастырып,өзінің баласын дүниеге келтіріп, өсіруі мен көбеюін түсінуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Плакат, тест, әртүрлі тапсырмалар
Сабақтың өткізу әдісі: Сұрақ- жауап,баяндау.
Пәнаралық байланыс: Экология. Ұрықтануға, көбеюге, нәрестенің дүниеге келуіне қоршаған ортаның әсері.
Валеология: Алкоголь мен шылым шегудің, есірткі заттардың ұрпаққа зияны.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру.Оқушыларды түгендеу
2. Ой шақыру
1. Жасушаға тән қандай тіршілік әрекеттері болады?
2. Тірі ағзалар қандай жолмен көбейеді?
3. Тірі ағзаларға көбею не үшін қажет?
4. Тірі ағзалардың жыныссыз және жынысты жолмен
көбеюінің бір-бірінен айырмашылығы неде?
Жаңа сабақты түсіндірместен бұрын төмендегідей проблемалық сұрақтар қойылады.
1.Флора мен фаунада көбеюдің қандай формалары кеңінен таралған?
2.Хромосомалардың гаплоидты және деплоидты жиынтығы деген не?

Пайдаланған әдебиеттер:

1. Жалпы генетика Е. Стамбеков Алматы,
1993жыл.

2. Адам анатомиасы Е.Керімбеков Алматы,
1992 жыл.

3. «Шипагерлік баян» Ө. Тілеуқабылұлы.
1996 жыл.

4. «Биология және химия» 1998 жыл №4

5. Ә. Қисымова «Оқыту технологиясы» — Алматы
2007 жыл.

6. Сәтңмбеков Р. Биосфераның пайда болуы мен
эволюциясы // 76 – беттер

7. Сидоров Е.П. Общая биология. М., 1998

111.Ұғыну
1.Жасушаның бөлінуі мейоз
2.Мейоздың бірінші бөлінуі немесе редукциялық бөліну
3.Мейоздық бөліну немесе эквационды бөліну.
4.Мейоздың биологиялық маңызы
5.Митоз және мейоздық бөлінуі бір-бірінен ұқсастығы мен айырмашылығы.
Хромосомалық жасушалардың барлығында хромосомалар жиынтығы диплоидты пісіп жетілген жыныс жасушаларында
хромосомалардың жиынтығы гаплоидты болып сақталады. Ендеше хромосомалардың гаплоидты жиынтығы қалай сақталады деген сұрақ туындайды.Бұл сұрақтың түсінігін митоздан өзгеше мейозды бөліну береді.Осы мейозды бөліну нәтижесінде хромосомалардың жиынтығы гаплоидты болып
келетін гаметалар түзіледі. Мейоз әрекеті екі кезеңнен тұрады.
1.Мейоздың бірінші бөлінуі немесе редукциялық бөлінуі.
2.Мейоздың екінші бөлінуі немесе эквационды бөліну
Биология тұрғысынан қарағанда мейоздың ең маңызды нәтижесі хромосома жиынтығы екі есе азаяды. (диплоидтықтан гаплоидтыққа дейін) мейоз процесінде ДНК синтезі өтпейді, бірақ хромосомалардың күрделі қайта құрылуы бақыланады.

1. Мейоздың 1-ші бөлінуі.
1. Профаза дамудың маңызды роль атқарады және генетикалық, материалдық күрделі қайта құру жүйесі болып табылады. Әдетте онда, 5 саты белгіленеді. Л, 3, П, Д, Д.
Лентонема хромосомалардың спиральдануы басталады, олар жіңішке жіп қалпында ядрода шумақталып жатады.

Әрбір хромосомдық жіп ортақ центромермен қосылған, екеуі бара бара сіңлілі хроматидтерден құрылады.

Зигонема- гемологиялық хромосомалардың жақындасуы мен коньюгациясы өтеді.Пахинема-хромосомалар,коньюгациясы аяқталады да олар әрі қарай спиральданып қысқарады және жуандайды. Гемологиялық хромосомалар биваленттер құрайды.
Диакинез-хромосомалар спиральдануы мен қысқаруы одан әрі жүруімен сипатталады.
Хиазмалар-хромосом,соңдарына жылжиды.Ядрошықтар жойылады,ядро қабықшасы бұзылады.

1.Метафаза
Ядролық қабықшасы еріп,ядрошықтар жойылады.Бөліну ұршығы қалыптасады.
Гемологиялық хромосоманың біреуі экватордың бір жағында,екіншісі екінші жағында болып шеп құрады.
1.Анафаза
Қосарланған гемологтық хромосомалар ахроматин жіпшелеріне бекиді. Хроматидтер жасушасының қарама-қарсы полюсіне ажырайды. Хромосомдық жиындық диплоидтық түрінде қалады.
1.Телофаза
Бұл сатыда гемологиялық хромосомалар екі полюске жиналады.Телофазаның мерзімі қысқа болады,ядро қабықшасы пайда болады. Ядрошықтар синтезделеді,нәтижесінде 1 ядродан 2 жас ядро пайда болады. Әрбір ядроға хромосомалар саны гаплоидты жиынтыққа айналады.
1-ші мейоздық бөлінуді редукциялық бөліну деп аталады.Адамда мейоздың 1-ші бөлінуі бірнеше аптаға созылады,ал екіншісі 8 сағат шамасы.

Мейоздың биологиялық маңызы.
1. Коньюгация және айқаспа барысында гендердің қайтадан
комбинациялануының жүзеге асырылуы.Демек ата-енелердің
қасиеттері өзара алмасып,жыныс жасушаларында тұқым қуалау
өзгергіштігі пайда болады.
Хромосомалардың комбинациялануы салдарынан тұқым қуалау өзгергіштігінің күшейе түсуі, яғни жаңа формалардың пайда болуы.
2. Мейоздың биологиялық мәні хромосомалар саны екі
есе азайып, гаплоидты жиынтығы бар гаметалардың түзілуі
болып табылады.
IV.Білімді тиянақтау.

— жаңа білімді қабылдау
— жаңа білімді тияқнақтау
— Өз бетімен жұмыс жасауға дағдылану
— Тексеруге
— Өзін-өзі бағалау
Кубизм әдісі. Тапсырма №1
1 Суреттеңіз -Мейоз фазалары
-Мейоздық профаза
-Маңызы
Белгілеңіз
Тест жұмысы 1 нұсқа
1. Мейоз дегеніміз:
а)жасушаның тікелей бөлінуі
в) жыныс жасушасының қосылуы
с)ұрықтанбаған жұмыртқа жасушасынан жаңа ағзаның дамуы
д)пісіп жетілу аймағындағы жыныс жасушасының бөлінуі
2.Биологиялық хромосоманың коньюгациалануының жүретін фазасы
а) мейоздық анафаза с)мейоздық телофаза
в)мейоздық профаза д)мейоздық метафаза
3.»Редукция» мағынасы
А) екі есе көбею В) екі есе азаю
С) бөлінуі Д) ширату
4.Профазадағы мейоздың ІІ бөлінуінде хромосомаларда неше хроматид болады.
А)1 в)2 с)3 д)4
5.Диплоидты ядроның мейозды жолмен бөлінген кезде хромосомаларда гаплоидты гамета түзіледі.
А) неше хроматид в)триплоидты
А) гаплоидты с)диплоидты д)тетраплоидты

 

 

Бағалау критерийлері: «5» — 5; «4» — 4;
«4» — 4; «3» — 3; «2» — 2

Тапсырма №2 Семантикалық карта
Диплоит
ды аналық жасуша Мейоз Ұрық
тану Сома жасушалар Гаплоидты жыныстық жасуша
Митозды бөлінуде қандай жасуша түзеді?
Мейозды бөлінуде қандай жасуша түзеді?
Ағзадағы қандай әрекет диплоидты хромосомалар гиплоидты жиынтыққа айналады
Қандай әрекет нәтижесінде гаплоидты хромосомалар диплоидтыға айналады?
Қандай жасушалар диплоидты
І-нұсқа.
1. Сома жасушалары қалай бөлінеді?
А) амитоз. Ә) митоз. Б) мейоз. В) жынысты
2. Бөліну кезеңі қалай аталады?
А) интерфаза Ә)анафаза б) телефаза в) митоз.
3. Ядроның бөлінуі.
А) амитоз ә) митоз б) кориокинез в) мейоз.
4. Ядродағы хромосомалардың толық жиынтығы?
А)диплоидты ә) гаплоидты б) триплоидты в) тетроплоидты
5. Ұрықтанған жасуша.
А) зигота ә) гамета б) сперматозоид в) диакинез.
ІІ нұсқа
1.Жасушаның тікелей бөлінуі дегеніміз не?
А) митоз ә) мейоз б) амитоз в) жынысты
2.Бөлінуге дайындық кезеңі қалай аталады?
А) профаза ә) интерфаза б) метафаза в) анафаза
3.Жыныссыз көбеюге қандай дара қатысады?
А) 3 ә) 2 б) 4 в)1
4.Жыныссыз көбеюде болмайды?
А) митоз ә) мейтоз б) зигота в) амитоз
5.Ата-ананың ақпараты қай фазада алмасады?
А) зигонема ә) пахинема б) диплонема в) диакинез
6. Эквационды бөліну қандай әрекетпен жүреді?
А) митоз ә) мейоз б) жынысты в) жыныссыз
ІІІ нқсқа
1. Жыныс жасушалары пайда болады:
А) мейозда Ә) митозда Б) амитозда В) жынысты көбеюде
2. Ядродағы хромосомалардың жартысы?
А) диплоидты Ә) гаплоидты Б) триплоидты В) тетраплоидты
3. Аталық гомета қалай аталады?
А) жұмыртқа жасуша Ә) зигота Б) сперматазоид В) спора
4. Редукциялы бөліну дегеніміз не?
А) хромосомалардың саны 2 есе азаяды
Ә) хромосомалардың саны сақталады
Б) хромосомалардың саны 2 есе көбейеді
В) диплоидты
5. Кроссинговер қай сатыда жүреді?
А) зигонема Ә) пахинема Б) диплонема В) диакинез
6. Жасушадағы жіңішкерген жіпшелердің сатысы?
А) лептонема Ә) пахинема Б) зигонема В) диплонема
Тапсырма: №3 Тест жұмысы
— Жаңа білімді қабылдау
— Жаңа білімді тиянақтау
Сабақты өткізу әдісі: сұрақ-жауап, баяндау
V. Мағынаны тану

Тапсырма №4 топтастыру стратегиясы.
Тапсырмалар Тапсырманы орындаңыз

 

Редукциялы бөліну

Мейоздың екінші
бөлінуі

VI.Түйсіну.
Дәптермен жұмыс, кесте толтыру
Рефлекция не алғанын анықтау
1. Бүгін не үйрендік?
2. Өз ойыңыз, пікіріңіз?

VII.Бағалау
VIII.Үйге тапсырма § 23

Конкурстар мен олимпиадалар - https://talimger.kz

Республикалық қашықтық олимпиадалар — http://clever.zti.kz

Республикалық конкурстар, курстар, конференциялар мен олимпиадалар — https://ukz.kz

Конкурстар, конференциялар және олимпиадалар — https://tarim.kz

Халықаралық семинарлар, олимпиадалар мен конкурстар — https://mriks.ru

Халықаралық педагогтар ассоциациясы - https://iae.su

Конкурстар мен олимпиадалар - https://kzu.kz