Мәтіндік редактор интерфейсі

Информатика
Мәтіндік редактор интерфейсі

Мақала авторы: Аубакирова Арайлым Бакытжановна
Жұмыс орны: "Парасат" мектеп-лицейі
Лауазымы: Информатика мұғалімі
Порталға жариялану мерзімі: 23.02.2016


Сабақтың тақырыбы: Мәтіндік редактор интерфейсі.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды мәтіндік редакторыорындай, қорытындылай отырып  интерфейсі және сол мәтіндік редакторды пайдалана отырып, құжатқа мәтін жазуды үйретіп жүйелеу;

Дамытушылық: Оқушыларды осы тақырыпты пайдалана отырып, мәтінді қатесіз жазу шеберлігіне баулу, сол шеберлікке ұмтылу барысында логикалық және фантазиялық ойлау қабілеітін арттыру, танымдық белсенділігін арттыру, іздендіру, оқушылардың компьютермен жұмыс істеуіндегі жетістіктерін одан әрі арттыра түсіп, алған білімдерін басқа пәндер үшін, сабақтан тыс жұмыстар үшін және жалпы келешекке өздері үшін пайдалана білулеріне ықпал ету;

Тәрбиелілік: Еңбекке баулу, ұлттық салт – дәстүрге, пәнді сүюге, өзінің Отанын сүюге, қызығушылыққа, қайырымды болуға, дарындылыққа тәрбиелеу.

Сабақта қолданылатын көрнекіліктері:  компьютер, презентация, жұмыс дәптері.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасу, түгендеу, сынып тазалығын тексеру, оқушылар назарын сабаққа аудару

II.Үй тапсырмасын тексеру:

Сөзжұмбақ

W
1 H O M E 6
R C
2 P A G E D O W N A
3 P A G E U P
4 A 7 S H I F T
5 E N D L
N O
T C
E K
R
 

1.

Мәтін бойынша жолдың басында қандай пернелермен жылжытуға болады?
2. Мәтін бойынша бір бетке төмен қандай пернелермен жылжытуға болады?
3. Мәтін бойынша бір бетке жоғары қандай пернелермен жылжытуға болады?
4. Қандай пернені абзацтың соңында басады?
5. Мәтін бойынша жолдың соңында қандай пернелермен жылжытуға болады?
6. Бас әріппен бірнеше сөз енгізу үшін қандай перне қолданылады?
7. Бас әріпті немесе символды енгізу үшін қандай перне қолданылады?

 

 

ІІІ . Дәптермен жұмыс   «Кім шапшаң»

  • тапсырма

WordPad  мәтіндік редакторының терезесін жазып шығыңыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  • тапсырма

Сәйкестендіріңдер

 

Enter Абзацты енгізуді аяқтау
Delete Курсордың оң жағындағы сөзді жою
Ctrl+5 Мәтінді белгілеу
Ctrl+Z Соңғы әрекеттен бас тарту
End Жолдың соңына апару
Ctrl+V Кірістіру
Ecs Таңдалған бұйрықтан бас тарту
Insert Мәтінді енгізгенде  ауыстыру режиміне  көшу
Ctrl+X Қиып алу
Ctrl+С Көшіру
BackSpace Курсордың сол жағындағы сөзді жою
CapsLock Бас әріптерді теру режиміне өту үшін
Shift+Delete Нысынды қоржынға орналастырмай жою үшін

 

  • Тапсырма

WordPad  мәтіндік редакторының батыраларының қызметтерін жазыңыз.

 

Батырма Қызметі
Жаңа құжат құру
Сақталған құжатты ашу

 

Құжатты сақтау
Құжатты баспаға шығару
Қиып алу
Көшіру
Қою

 

Сергіту сәті

Практикалық жұмыс. Қауіпсіздік жұмысын еске алу. Компьютерде деңгейлік тапсырмаларды орындау.

А- деңгейі

Өлеңді теріп жазып, сақта.

 

СЕНБЕ ЖҰРТҚА, ТҰРСА ДА ҚАНША МАҚТАП

 

Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап,

Әуре етеді ішіне қулық сақтап.

Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,

Еңбегің мен ақылың екі жақтап.

 

Өзіңді сенгіштікпен әуре етпе,

Құмарпаз боп мақтанды қуып кетпе.

Жұртпен бірге өзіңді қоса алдасып,

Салпылдап сағым қуған бойыңа еп пе?

 

Қайғы келсе қарсы тұр, құлай берме,

Қызық келсе, қызықпа, оңғаққа ерме.

Жүрегіңе сүңгі де, түбін көзде,

Сонан тапқан —  шын асыл, тастай көрме.

АБАЙ

 

 

 

 

 

С – деңгейі

Мәтін теру ережелерін  сақтай отырып, теріңдер.

Калькулятордың  тарихы

1963 жыл: Англияда бірінші жалпы қолданыстағы ANITA MK VIII калькуляторы шығарыла бастады.  Ол газоразрядты шамдарда жұмыс істейтін.

1974 жыл: Кеңестер одағында бірінші қалтаға салып жүретін Электроника БЗ-04 калькуляторы шығарыла бастады. Онымен қарапайым нақты сандарға  қолданылатын  арифметикалық амалдар мен  тұрақтыларды  пайдаланып есептеулер орындауға  болатын. Оны жасаумен 27 адамнан тұратын  топ айналысып, 9 ай мерзім  жұмсалған еді.  Калькулятордың    негізгі ерекшелігі – сұйықкристалды  индикатор  мен мамандандырылған жоғары дәрежелі,  шоғырланған микросызбалар қолданылады.

 

В- деңгейі

Өлеңді теріп жазып, оған ат  беріңдер.

Туған жер.

Бұл жарыққа аяқ басып туған жер,

Кіндік кесіп, кірім сенде жуған жер.

Жастық – алтын, қайтып келмес күнімде

Ойын ойнап, шыбын – шіркей қуған жер.

 

Жаратылдым топырағыңнан, сен – түбім,

Жалғаны жоқ, бәрі сенен жан-тәнім.

Сене басқа жерде маған қараңғы,

Жарық болар Шолпан, Айым, сен – Күнім.

 

Тәтті суың дәмі аузымнан еш кетпес,

Қалың нуың, қыр, суыңа жер жетпес.

Кең далаңда ойын ойнап қалсамшы

Жазу болып адамзатқа ер жетпес!.

 

Бекітуге арналған . Тест

 

  1. Қате енгізілген символдарды өшіру пернелері

а) Backspace, Del     ә) Enter     б) Shift, Ctrl

  1. Құжатты бірінші рет сақтау әрекеті

а) Файл→ деп сақтау ә) файл→бет параметрі→сақтау          б) файл→шығу

  1. Бас әріптерді тұрақты іске қосатын перне?

а) Shift                                        ә) Esc                     б) CapsLock

  1. Сандық пернелер тобына қандай перне кіреді?

а) NumLock        ә) CapsLock           б) Tab

 

  1. Windows-та өшірілген файлдар қайда жіберіледі?

а) себетке               ә) өшіріледі                    б) орнында қалады

 

Үйге тапсырма. Суретке қарап   мәтін    құр    дәптерге    жазып     келу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Рефлексия

 

Бағалау .

 

 

 

 

 

 

Өзін — өзі бағалау

 

  1. А
  2. А
  3. Б
  4. А
  5. А

Конкурстар мен олимпиадалар - https://talimger.kz

Республикалық қашықтық олимпиадалар — http://clever.zti.kz

Республикалық конкурстар, курстар, конференциялар мен олимпиадалар — https://ukz.kz

Конкурстар, конференциялар және олимпиадалар — https://tarim.kz

Халықаралық семинарлар, олимпиадалар мен конкурстар — https://mriks.ru

Халықаралық педагогтар ассоциациясы - https://iae.su

Атаулы ертегілер - https://hansunqar.kz