Массаждың адам организміне пайдасы [Сестринское дело]
Массаждың зиянынан гөрі пайдасы өте коп және массаж бірнеше аурулардың алдын алу,оларды емдеуге көмектеседі.
Массаждың адам организміне пайдасы.
Қазырғы таңда массаждың түрлері өте көп. Мысалы: тай,емдік,спорттіқ, нүктелі, стоун,антицеллюлиттік, банкамен және балмен жасалатын массаждың түрлері.Мен емдік массаждың классикалық түрін ұсынамын.Оның адам организмне корсететін әсері оте зор. Бірақ массажда ең коп қолданылатыны және тиімдісі бұл – классикалық массаж есептелінеді.
Массаждың түрлері қазырғы таңда күнедлікті омырде,спорт саласында,сауықтыру орталықтарында,емделу процесстерінде,амбулаторыялық-стационарлық ем жургузуде және де косметология салаларындада кеңінен қолданылады.
Емдік массаж - адамдардың жарақаттарын,ауруларын емдеу олардың алдын алу ушын қолданылады. Бұл массаждың түріне классикалық массаж -арнайы дененін бірғана болігіне жасалынса,периостық массаж есе- сүйек ауруларында , сүйек зақымдағанда үсынамыз.Одан бөлек тағы сегментарлық рефлекторлық,нуктелік массажда кеңінен емдеу сауықтыру процесстерінде қолданылады.
Спорт саласында Спорттық массаж – спортшыларды жаттықтыруға, бәсекеге дайындауға, шыдамдылығын арттыруға, шаршауды жоюға және дене шынықтыруды күшейткеннен кейін тәнді қалпына келтіруге арналған арнайы әзірленген массаж техникасымен жасалынатын массаждын түріде бар.
Массаждың ағзаға химиялық немесе қандай да бір кері әсері жоқ. Керісінше, дене бұлшықеттеріне табиғи әсер беріп, қан айналымын жақсартып ,организмнің бұзылған функцияларын қалпына келтіруге көмектеседі. Шлактар мен токсиндердің шығуын қамтамасыз етеді. Бірақ массаж қабылдауға да қарсы көрсетілімдер бар екенін ұмытпаған жөн. Массажды жылына екі рет, профилактикалық тұрғыда 10 күн алу ұсынылады.
Массаж алуда жас шамасына қарай отырып массаж жасау техникалары таңдалады.Жалпы массажды түылған нәрестеден бастап қарт жасындағы адамдарғада жасауға болады, егерде дәрігердің қарсы корсетілімдері болмаса.
Массажды онкологиялық, тері ауруы,жұқпалы ауруларда, жоғары температурасы бар, жүкті әйелдерге,тері ашық жаралары бар адамдарға жасауға тиым салынады. Кішкентай балалар тез өсіп, дамиды. Сондықтан оларға қолдарына,аяғына, табанына, табанында орналасқан нүктелерге массаж жасауға кеңес береміз. Егерде мойын бұлшықетінде қан айналымы бұзылса, оттегі жетіспей, қан қысымы көтерілсе,даму кезеңінде потологиялық озгерістер кездессе дәрігерге жүгініп ем шараға массажды қосып, дәрі-дәрмек пен химиялық заттарды пайдаланбай-ақ, массаждың көмегімен қалыпқа келтіріп, емдеуге болады.
Массаждың қарт адамдарға пайдасы
Адамның жасы үлкейген сайын организм әлсіреп, метаболизм баяулап, денесінде-териде әр түрлі потологиялық өзгерістер байқалады. Сондықтан үнемі күтімжасау,дұрыс тамақтану,дене шынықтырумен айналысу керек. Массаж есе дене шынықтыруға,денсауылықты нығайтуға,аурулардың алдын алуға оларды жеңуге қосымша көмек береді. Массаждың көмегімен әлсіздікті жеңіп,қатайған бұлшық еттерді босаныстырып,жүке жүйені тыныштандырып, шлактардан токсиндерден арылтуға болады.
Спортшыларға массаждын пайдасы
Спортшыларға массаж өте пайдалы және де міндетті түрде алу қажет.Жалпы спортшыларға жаттығу жарыстардан алдын-қыздыратын,жарыстан кейін есе қалыпқа келтіретін массаж жасаған тиымды. Массаждан кейін спортшының күші еселеніп, ауыртпалықтары кетіп келесі жаттығуға дайын болады. Қазырғы таңда көптеген адамдар, спортшылар, бапкерлер, мәдениет саласының қызметкерлері және т.б. массаждың пайдасын түсініп,денсауылықтарын күтүде,адеміліктерін сақтау мақсатында жиі массаж алып тұрады. Массаж жасаудың ең танымал әдісі – май жағып сипау.Әр түрлі майлар,жақплар,гельдерді пайдалана отырып массаж жасалынады.
Массаж жасаудың әдістері:
- Сипау -денені жылыту,қан тамырларынаәсер ету ;
- Ысқылау-денеге қан жүгірту,жүйке талшықтарына әсер ету ;
- Уқалау-бұлшықеттерді қыздыру, бұлшық етке әсер ету;
- Вибрация-шапалақтау.
Жалпы қай массаж түрін таңдасаңызда әр массаждың өз ерекшеліктері,жасау техникасы,организмге пайдасы өте зор.Массаж ала отырып денсауылықтарыңызды күтіп,әр қашанда сау-әдемі, бай-қуатты бөліп жүріңіздер