«Өзін – өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасының» ашылу салтанатының сценарийі
«Өзін – өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» онкүндігінің ашылу салтанатына қош келдіңіздер!
- Экранда Сара Назарбаева сөйлейді
- Свеча+7 жүрек+ жүрек монологы
Айдос:
- Я, жүректен шыққан шынайы мейірімділік орасан зор рухани қуатқа айналады және сырт көзге нұрын төккен жарық дүние ретінде сезіледі. Сол арқылы жеткен барлық құбылыс айналасына қолдау мен марапат көрсетіп, шабыт пен тыныштық орнатады. Жүрек энергиясының қабілетінде шек жоқ десек те болады.
Жанай:
- Қандай керемет! Егер жүрегімізге жақсылық нұрын ұялатып, айналамызға шуақ шашып,адамгершілік іс-әрекеттерінің дәмін сезетін болсақ, өміріміз қуанышқа толы болады екен гой?!
Айдос аға, айтыңызшы, жүрек түпкірінен орын алған риясыз сүйіспеншілік, кішіпейілділік, мейірімділік, рақымшылдық, жанашырлық, сыйластық сияқты асыл қасиеттерді қайдан үйренеміз?
Айдос:
- Біз оны Өзін-өзі тану пәні арқылы үйренеміз. Өзін-өзі тану пәні адамға шынайы бақытқа, өмірлік қанағаттану мен ішкі тыныштыққа жетуге мүмкіндік береді, мінездің кемелденуін және тұтас үйлесімді тұлғаның дамуын қамтамасыз етеді. Біз өзін-өзі тану сабағы арқылы ұстаздарымыздың ісі, сөзі және ойымен нұрланып асқақ өмірдің айрықша кезеңін бастаймыз. Өзіміздің шынайы рухани табиғатымызды ашып, шабыттана отырып, өзіміздің рухани сыйымызды әлемге таратамыз. Өзін-өзі тану сабағы оқушының жүрегін ашуға мүмкіндік және рухани қорек береді.
Жанай :
– Дұрыс айтасыз! Өзін-өзі тану пәні адамның өзін-өзі тануына, өзінің ең жақсы қасиеттерін анықтауға, өз ар-ұжданын сақтап, әрқашанда АДАМ деген атқа лайық болуына ықпал етеді. Бізге осындай білім бетіп отырған жүзі жылы, әрқашан мейірім шуағын шашып, жылы шыраймен, әдемі күлкісімен біздің жүрегімізді жаулап алған ұстаздарымызға үлкен алғыс айтамын
Айдос :
- Жанай, сенің достарың бақытты балалық шақтың қамқоршысы, қорғаны, тірегі, жүрек жылуын барша шәкірттеріне күннің құдіретті сәулесі тәрізді нұр болып құя білетін ұстаздарымызға өздернің жүрекжарды тілектеріне кезек берсек…
Жанай :
- Олай болса, экранға назар аударайық!
(Экраннан видео көрсетіледі. Сосын МАД тәрбиеленушілерің биі)
Айдос:
- Ақ тілектеріңізге рахмет! Ақ тілектеріңіз періштенің құлағына шалынып, тілеген тілектерің өздеріңізге де ақ ниет болып қайтсын!
Жанай :
- Айдос аға, Сізге бір сұрақ қойсам… Ойланып көріңізші, Сіздің өмірде қандай құндылықтарыңыз бар?
Айдос :
- Айтатын болсам, ата-анам, достарым, туысқандарым, ұстаздарым, мектебім, туған елім – бұл ең жақсы көретін құндылықтарым. Ал, жақсы көріп айналысатын ісім, хоббиім – шығармашылық құндылығым.
Жанай :
- Мейірімділік, қамқорлық, адамгершілік, тәрбиелік, шынайылық, тағы да басқа құнды қасиеттер қандай құндылықтарға жатады?
Айдос :
- Бұлардың барлығы жалпыадамзаттық құндылықтарға жатады. Жалпыадамзаттық құндылықтар адам бойына тумысынан берілген сый және олар адамның рухани дамуының барлық кезеңіне нәр болады және тұлғаның адами ізгілік қасиеттерін ашуға, сонымен қатар адамның рухани дамуына ықпал етеді. Ақиқат, сүйіспеншілік, дұрыс әрекет, ішкі тыныштық, қиянат жасамау – бұл мәңгілік бес құндылық адамның ұлтына, нәсіліне, ортасына, дініне қарамайтын, уақытпен өзгермейтін құбылыс.
(Мұғалімдер оқушыларымен шығады)
Айдос :
- Ақиқат, Дұрыс әрекет, Тыныштық, Сүйіспеншілік, Қиянат жасамау сияқты адамгершілік құндылықтарды жете түсінгісі келетін кез келген адам, осы құндылықтарды іс жүзінде қолданып, оларды адал ниетпен және ақ пейілмен таратса, сол адамды нағыз білімді адам деп атауға болады.
(Ән: Аймейір – Сүйіспеншілік
Айдос :
- Біздің қазақ елі киелі, ұлы тұлғаларға кем емес. Солардың бірі-жүректерді жан жылуымен ерітіп, балалардың гүлденіп өркендеп өсуіне көп үлесін қосқан, бізге күннің шапағатты нұрын төгіп, құшағын балаларғакең жайып, жүрегі мейірімділікке , адалдыққа , сүйіспеншілікке толы анамыз – Сара Алпысқызы
Жанай :
- Сара Алпысқызы «Бөбек» қайырымдылық қорының негізін қалаушы. Сонымен бірге «Өзін-өзі тану» атты балаларға рухани-адамгершілік білім беру және тәрбие беру идеясының авторы болып табылады.
Айдос :
Қазақстанның бірінші ханымының бастамасымен елімізде жетім балаларды қорғау туралы Заң қабылданды. Осының нәтижесінде республиканың барлық өңірінде жетім балалар үшін отбасылық үлгідегі балалар қалашықтары құрылып, «Үміт», жасөскіндер үйлері ашылуда.Сара Алпысқызы республикамыздағы колледждер мен жоғары оқу орындарында білім алып жүрген жетім балалардың жағдайларына ерекше назар ұстап келеді.
Бар жақсылық бір өзіңнен табылар
Ұстазға тән қасиеті бәрі бар
Сара Алпысқызы бір өзіңе арналған
Шәкіртіңнің жыр – пейілін қабыл ал
(Фронковский 5-7 сынып оқушылары )
(Ән: Шамшырақ Рахат – Ана
Жанай :
- Күләш апай
Жүзіңізден жылылық леп жайдарлы ,
Шуағынан сәулелі нұр арайлы.
Ақылдылық ,даналылық , даралық ,
Дарындылық бір өзіңізден тарайды .
Айдос :
- Күлзипа апай
Еңбек етіп жүр екенсіз ,аянбай ,
Қиыншылық ,кедергіге қарамай.
Тербетесіз ,мектеп білім бесігін,
Айқара ашып өмір сізге есігін – дей келе күндей күлімдеген Күлзипа
апай мен біздің алтын анамыз Күләш апайды ортаға шақырамыз.
(Хор: Желаем удачи)
Айдос :
- Қадірлі қонақтар! Осындай жан дүниемізді байытатын , қиналғанда рухани байлығымызды кеңейтетін «Өзін – өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» онкүндігінің ашылу салтанаты өз мәресіне жетті. Сіздерді онкүндік аясында өткізілетін шығармашылық сабақ пен іс-шаралардың қонағы болуға шақырамыз!