Ұстаздарға және оқушыларға арналған порталдар тізімі

  1. "Clever Quizzes" пән олимпиадалары - http://w.zti.kz/4a623c
  2. Лингвистикалық олимпиадалар - https://wonder.zti.kz
  3. Бастауыш білім беру негіздері бойынша 3 тілдік олимпиадалар - https://kokon.kz
  4. Итальяндық дойбы бойынша киберолимпиадасы - https://doiby.zti.kz
  5. Интеллектуалды шахмат киберолимпиадасы - https://chess.zti.kz
  6. Жарыстар, конференциялар, олимпиадалар - https://kzu.kz
  7. Республикалық конкурстар, курстар, конференциялар мен олимпиадалар мен курстар - https://ukz.kz
  8. Зияткерлік сайыстар, конференциялар мен олимпиадалар – https://tarim.kz
  9. Мұғалімдерге арналған әдістемелік журнал - https://adisteme.kz
  10. Республикалық қашықтық олимпиадалары – https://clever.zti.kz
  11. Жарыстар, конференциялар, олимпиадалар - https://talimger.kz

Ескерту: Мақала сапасы туралы ақпараттарды, сертификат, анықтама және журналға тапсырыс беру батырмаларын мақала авторы немесе журнал тілшісі ғана көре алады.

Махаббат – өмір нәрі

Өзін-өзі тану
Махаббат – өмір нәрі

Мақала авторы: Ержанова Сәуле Болатбекқызы
Жұмыс орны: "№ 3 жалпы білімберу орта мектебі" КММ - сі
Лауазымы: "Өзін - өзі тану" пәні мұғалімі
Порталға жариялану мерзімі: 29.01.2018
Журнал қорына жариялаған: У.


Бекітемін: _________________________                                 Мерзімі: ________________

Пәні: «Өзін  өзі тану»

Сыныбы: 11  А – Ә

Мұғалім: Ержанова  Сәуле

Сабақ № 7 – 8

Сабақтың тақырыбы: «Махаббат – өмір нәрі»

Көрнекіліктері:

–          Оқулық

–          Дәптер

–          Оқу құралдары

–          Ақ қағаздар

Сабақтың мақсаты: Адам бойындағы махаббат сезімін, өзіне, өзгеге деген сүйіспеншілігін танып, оны құрмет тұтуға баулу.
Міндеттері:1.      Білімділігі: махаббаттың бар адамға ортақ көп қырлы, оның тек қана адамға тән іңкәрлі сезім екенін білдіру;

2.      Дамытушылығы: адамды, табиғатты, өмірді сүйе білуге оны құрметтеп, қадір тұтуға баулу; –

3.      Тәрбиелігі: адамгершілікке, сенімділікке, сезімталдыққа, нәзіктікке тәрбиелеу;

Сабақ барысын талдау Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

–          Оқушылармен сәлемдесу

–          Оқушыларды түгендеу

Сабақ қызықты, тиімді өтуі үшін бес ережені сақтаны

1.      Тәртіп

2.      Талап

3.      Тыныштық

4.      Тазалық

5.     Татулық

  Тыныштық сәті.
         Ыңғайланып отырыңыз, көзіңізді жұмыңыз денеңізді босатып тынышталыңыз. Көз алдыңызға енді атып келе жатқан шуақты таңды елестетіңіз. Сіз тауға алып барар жалғыз аяқ жолмен келе жатырсыз. Таза ауа, салдырлаған мөлдір бұлақ суы, құстардың сайраған дауысы, сіз жеңіл дем алудасыз, сіз күш қуатқа толысыз. Жер анаға, табиғатқа деген махаббат, сүйіспеншілік барлығы өзіңе деген махаббатпен тығыз байланысты. Күн шуағы сізге сәуле шашуда, самал жел сіздің шашыңызды тербетіп сізге көрік беруде. Бүкіл табиғат күші сізге өз махаббатын сыйлап, сізді таң нұрымен қарсы алады. Ал енді бұл күш сіздің бүкіл денеңізге сіңіп, қуат беріп тұрғанын сезініңіз. Бұл күшпен өзіңізге жақын адамдар мен достарыңызбен бөлісіп жатқаныңызды елестетіңіз, Бұл қуат сіздің өміріңізбен тығыз байланысты. Сіз әлемдегі ең бақытты жансыз.
Жаңа сабақ Әңгімелесу

–         Сендерді жақсы көретін адамдарға қалай жауап беріп жүрсіңдер.
– Ана мен баланың арасындағы қандай махаббат.
– Қызбен жігіт
– Туған жер, табиғат қандай сезім тудырады?
– Мөлдір махаббат, шынайы махаббат, ұғымдарына анықтама берер едіңдер.

Дәйексөз
«Өзіңе деген махаббат – тамаша нәрсе, өткені ол – адамның  өз қабілетін сезінгеннің белгісі»Т.Гоббас
– Осы дәйексөз сөздің мағынасын қалай ашар едіңіз? «Өзіңе деген махаббат» деген сөйлемді қалай түсінесіңдер?
Әңгімелеу
Ей, перзентім, адамның табиғи сұлулығы(сыпайы, биязы мінезі) болмаса, ғашық бола алмайды, өйткені махаббат дегеннің өзі табиғи сұлулыққа байланысты екені даусыз. Табиғи сұлулық дегеніміз – оның ұнамдылығы. Әрбір ұнамды мінез – құлық пен келісімді көріктен әдемілік пайда болады. Егер сен ғашықтықты көңілдің еркіне берсең, лажсыздан құмарлықтың құлы боласың.
Абай жолы( үзінді)
– Тоғжан сұлу етіп тұрған қандай күш?
– Махаббаттың адам өміріне, оның айналасындағыларға әсері қандай?
Шығармашылық жұмыс   топтық жұмыс.
Оқушыларды 3 топқа бөлу.
Туған жер табиғатқа деген махаббат, өзіңе деген махаббат, алғашқы махаббат тақырыптары бойынша әр топ пікірлерімен ашып қорғау.
Топпен ән айту: Алғашқы махаббат
Тыныштық сәті:

          Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңізді сынып есігіне қарай беттетіп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауа жұтып, шашыңызды желбіреткен желді және бетіңізді сәл – пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз, Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен жылылығын сезініңіз. Гүлдің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы.
Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және бақытты сезіну қандай. Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетініміз бен қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиянымыз тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің кез келген уақытта келіп демалатын орныңыз бар. Ал қазір мектептен қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір ірет қараңыз, таза ауадан терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым – жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңде сақтаңыз. Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз!

 

Ұстаздарға және оқушыларға арналған порталдар тізімі

  1. "Clever Quizzes" пән олимпиадалары - http://w.zti.kz/4a623c
  2. Лингвистикалық олимпиадалар - https://wonder.zti.kz
  3. Бастауыш білім беру негіздері бойынша 3 тілдік олимпиадалар - https://kokon.kz
  4. Итальяндық дойбы бойынша киберолимпиадасы - https://doiby.zti.kz
  5. Интеллектуалды шахмат киберолимпиадасы - https://chess.zti.kz
  6. Жарыстар, конференциялар, олимпиадалар - https://kzu.kz
  7. Республикалық конкурстар, курстар, конференциялар мен олимпиадалар мен курстар - https://ukz.kz
  8. Зияткерлік сайыстар, конференциялар мен олимпиадалар – https://tarim.kz
  9. Мұғалімдерге арналған әдістемелік журнал - https://adisteme.kz
  10. Республикалық қашықтық олимпиадалары – https://clever.zti.kz
  11. Жарыстар, конференциялар, олимпиадалар - https://talimger.kz