М дыбысы мен әріпі

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту
М дыбысы мен әріпі

Мақала авторы: Ергебек Жазира
Жұмыс орны: №4М.Әуезов атындағы мектеп
Лауазымы: мектепалды даярлық тәрбиешісі
Порталға жариялану мерзімі: 08.10.2016


М дыбысы мен әріпі
• ББілім беру саласы: Қатынас
Оқу іс — әрекет түрі: Сауат ашу
Тақырыбы: «Мм» дыбысы мен әріпі»
Мақсаты: М дыбысы мен оның әріп таңбасы туралы түсінік беру.
М дыбысын сөз ішінен таба білу, дауыссыз дыбыс екенін түсіндіру
М дыбысына мысалдар ойлату арқылы сөздік қорларын молайты. Дидактикалық ойындарды ойнатып, баланың ойлау қабілетін, қиялдарын, зейіндерін дамыту. Әдемі — көркем жазуға қолдарын жаттықтыру.
Көрнекілігі: кеспе әріптер, таяқшалар, суреттер, дыбыстық талдауға арналған дөңгелектер,

Ұйымдастырылған оқу іс — әрекет барысы: Жылулық шеңбері:
— Сәлеметсіңдер ме балалар?
Қане, шеңбер бойына тұрып, бүгінгі күнмен сәлемдесейік.
Кел балалар күлейік,
Күлкіменен түлейік.
Қабақ шытқан не керек,
Көңілді боп жүрейік.
— Рахмет балалар.
(Балалар шеңберге тұрып, өлең мазмұнына сәйкес қимылдар жасап айтады)
— Балалар, біз өткен оқу іс — әрекетінде қандай дыбыспен таныстық?
— Д дыбысымен
— Ол қандай дыбыс?
— Дауыссыз дыбыс
— Дауыссыз дыбысты қандай белгімен белгілейді?
— Көк белгімен
— Қандай сөздермен таныстық?
— Доп,домбыра,сандық, т. б.
— Жарайсыңдар балалар, мен сендерге бір жұмбақ жасырғым келіп тұр. Жұмбақтың шешуін табамыз ба?
— иә
— Олай болса мұқият тыңдаңдар.
Мұртын сипап тілімен
Бетін сусыз жуады
Тышқанды аңдып түнімен
Көзі оттай жанады. (Мысық)
Дұрыс балалар.
Бүгінгі сабағымызда «М»дыбысы мен әріпімен танысамыз.
Мына суретте не көріп тұрсыңдар.Моншақ,мақта,мысық.машина
-Балалар машина қандай көлік түріне жатады?
-Жер көлігіне жатады
-Жарайсыңдыр.
-Мысық қандай жануар.Жабайы ма,әлде үй жануары ма?
-Үй жануары.
— Жарайсыңдар балалар, «мысық» сөзін буынға бөлейік. Мы — сық
— Неше буын бар?
— Екі буын бар
-Екі,енді неше дыбыс бар санайық М-ы-с-ы-қ 5 дыбыс 5+2=7дұрыс.
-«Мысық» деген сөзде «М» дыбысы сөздің қай жағында келіп тұр?
— Басында
— «М» дыбысы қандай дыбыс?
— «М» дыбысын атайықшы, қалай айтылып тұр?
— М…, М…, М…
1 — тапсырма: «М» дыбысы қалай айтылады.
«М» дыбысы дауыссыз дыбыс
— Жарайсыңдар балалар, сендер бәрін біледі екенсіңдер.
— Дұрыс балалар, созылмайды, кедергіге ұшырап барып айтылады.
— «М» дыбысынан келетін қандай сөздер бар екен?
— Мұрат,Мадина, Мысық, маймыл, маса, мұз, машина, маска, мектеп
2 — тапсырма: «М» дыбысы неге ұқсайды?
Түйе өркешіне қарайық,
Ұқсайды оған қай әріп.
Әткеншекке қарашы,
Қай әріппе ұқсайды.
— М дыбысы неге ұқсайды екен?
— түйе өркешіне, әткеншекке ұқсайды

3 — тапсырма: «Сиқырлы сандық»
Әрбір суреттің атауынан «М» дыбысын тап және оның қай сөздің қай бөлігінде тұрғанына байланысты әрбір сөзді сандыққа сал. «М»дыбысы бар сөздің басында келсе, 1 — ші сандыққа саламыз. Сөздің ортасында келсе, 2 – ші сандыққа, сөздің соңында келсе, 3 — ші сандыққа саламыз.
Балалар тапсырмаларды орындайды.
Мысық — 1 — ші сандыққа
Кәмпит — 2 — ші сандыққа
Маса — 1 — ші сандыққа
Тамшы — 2 — ші сандыққа
Жүзім — 3 — ші сандыққа
Алмұрт — 2 — ші сандыққа салады.
— Дұрыс балалар, тапсырманы жақсы орындадыңдар.
4 — тапсырма:«М»әріпін жазуды үйренейік»
Олар бас әріп және кіші әріпке бөлінеді. Балаларға «М» әріпінің жазылу жолдарын ауада жазып көрсету. «М» әріпін ауада жазу.
— Ал, енді балалар, «М» әріпін мына таяқшалардан құрастырайықшы. («М» әріпін таяқшалардан құрастырады)
М –әрпінен жаңа буынмен танысамыз.М әрпі кедергіге ұшырап қиналып айтылатын болғасын ол қасына а-әрпін шақырады. ма буын пайда болады.
Сергіту сәті.
Дәптерімізді ашайық,
Қолға қалам алайық.
Салақтықтан қашайық,
Көркем етіп жазайық.
Дәптермен жұмыс.
Қамшы,машина,қалам сөздерінде м –әрпі сөздің қай жерінде кездесіп тұрғанын сұрау .
Дәптердегі сөздерді таныстыра, оқыту.
1)алма,мата,шам.сөздерін тақтаға жазғызу..
2) Сурет бойынша сөйлем құрастыру.
Дәптерді ашып, «М» әріпін жазуды ұсыну.
(Балалар «М» әріпін дәптерге жазады)
«Сөз ойла, тез ойла» дидак — қ ойыны
Ойын шарты: Бүгінгі танысқан «М» дыбысына байланысты заттарға сөйлем құрап айту керек.
( «М» дыбысына келетін заттарға байланысты сөздер айтады)
— Қандай тапсырмалар орындадық, қандай дыбыспен таныстық?
-«М» дыбысымен
— «М» дыбысы қандай дыбыс?
— Дауыссыз дыбыс
— Дауыссыз дыбысты қандай белгімен белгілейді? — Көк белгімен
— Жарайсыңдар балалар, бәрің де тапсырманы орындап, тамаша жауап бердіңдер.
Балаларды бағалау.
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: «М» дыбысының дауыссыз дыбыс екенін, дыбысты айту барысында тамақтарында діріл пайда болатынын, оның үні бар дыбыс екенін;
Талаптанды: Қоршаған ортаның алуын түрлілігін, әдемілікті сақтай білуді;
Жасай алады: «М» әрпін танып, көрсете білуді.

Тәрбиеші: Ергебек.Ж.Ә.

д

№4 М.Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп

Сауат ашу
«М м дыбысы мен әрпі»
( 0 «В» сынып)

Тәрбиеші: Ергебек.Ж.Ә.
2015-2016 оқу жыл

Конкурстар мен олимпиадалар - https://talimger.kz

Республикалық қашықтық олимпиадалар — http://clever.zti.kz

Республикалық конкурстар, курстар, конференциялар мен олимпиадалар — https://ukz.kz

Конкурстар, конференциялар және олимпиадалар — https://tarim.kz

Халықаралық семинарлар, олимпиадалар мен конкурстар — https://mriks.ru

Халықаралық педагогтар ассоциациясы - https://iae.su

Конкурстар мен олимпиадалар - https://kzu.kz