М.Әуезов «Жетім» 4 сынып

Бастауыш сынып
М.Әуезов «Жетім» 4 сынып

Мақала авторы: Әлмаханова Қалдыгүл Дастанбекқызы
Жұмыс орны: Қызылорда қаласы №179 А.Хангелдин атындағы орта мектебі
Лауазымы: Бастауыш сынып мұғалімі
Порталға жариялану мерзімі: 07.02.2016


 Қызылорда қаласы   №179 А.Хангелдин атындағы орта мектептің  бастауыш сынып мұғалімі Әлмаханова Қалдыгүл Дастанбекқызы (ІІІ деңгей курс өткен )

Пәннің аты:

 Әдебиеттік оқу

Уақыты:

04.12.2015 ж

Сынып:

4

Мұғалім:

Әлмаханов Қ

Сабақтың атауы М.Әуезов  «Жетім»   4 сынып
Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Сабақтың жабыдығы

Түрі

Білімділігі: М. Әуезовтің шығармашылығы жайлы мәлімет бере отырып, әңгімені мәнерлеп оқып, мазмұнымен таныстыру.
Дамытушылығы: Оқиғаны елестетіп, жүрекпен жете сезіну қабілетін және өзіндік ойын айтып,
Тәрбиелілігі: Табиғат пен адам баласының арасындағы байланысты салыстыра отырып, мейірімділікке, әлсізді қорғауға үйрету, тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: әңгімелеу, топпен жұмыс, сатылай кешенді талдау.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, М. Әуезов суреті, мәтінге байланысты материалдар.
Психологиялық ахуал Ана тілім — айдыным,
Ана тілім ай — күнім.
Ана тілім болмаса
Керегі не байлықтың
А) Үй тапсырмасын сұрау.
Асқар Дулатов «Аяулы Жақаң»  әңгімесінің мазмұнын айтуӘ) Ізденіс тапсырмаларына шолу

1.  1-топқа: М.Дулатовтың өмір жолы

2-топқа: Міржақыпқа сипаттама бер.

Сыртқы түр әлпеті

3-топқа: Міржақыптың ерекшелігі

4-топқа: Автордың көзқарасы, ойы.

2. Сұрақ-жауап әдісі

1.      Естелікті кім жазған?

2.      Міржақыптың анасының үміті мен сенімі ақталды ма?

3.      М.Дулатов нені армандады?

4.      Дулатотың кітабының аты қандай?

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
Бағалау «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» Топтар бірін-бірі бағалайды
Сергіту сәті «Көңілді күн» әуені (қимылмен)
Қызығушылықты ояту ІІ. Мағынаны тану.
1. «Абай жолы» кітаптары көрсетіледі. Авторы сұралады
— М. Әуезов кім? 2 — 3 сыныптарда қандай шығармаларымен таныстық?
сұрақ — жауап арқылы әңгіме жүргізіледі.
2. М. Әуезов туралы әңгімелеу.Мұхтар Әуезов

( 1897 – 1961 )

1897ж  28 қыркүйекте Семей облысы Абай ауданында туған

Әкесі Омархан, атасы Әуез

11 жасында әкесі қайтыс болған соң, қаладағы немере ағасы Қасымбектің тәрбиесіне көшеді.Осыдан былай қарай оның оқу-білім жолындағы сапары басталады.

1919 ж Семейдің мұғалімдер семинариясын бітірген соң, Семей облысында қоғамдық қызметке араласады.

1923 ж Ленинград Мемлекеттік университетінің филология бөліміне оқуға түседі.

Әңгімелері:

«Қорғансыздың күні», «Қараш-қараш оқиғасы», «Көксерек», «Үш күн», «Білекке -білек» т.б.
3.«Ой бөлісу».
— М. Әуезовтің «Жетім» мәтінімен танысамыз.

Оқушыларға түрткі сұрақтар қою
— Ол мәтінде не туралы жазылуы мүмкін деп ойлайсыңдар?

-Жетім дегенді қалай түсінесіңдер?
4. «Балалар үйі»  дегеніміз не?

Оған балалар не үшін барады?

Біздің Қызылорда қаласында ондай үй бар ма?

Жетім — ата — анасының екеуі де немесе жалғыз басты ата — анасы қайтыс болған бала болып табылады.
5. Оқулықпен жұмыс.
— Мәтінді оқушылар тізбектей дауыстап оқиды.
6. Сұрақтарға жауап беру.

1.      Әңгіме қалай басталады?

2.      Жападан жалғыз келе жатқан бала кім?

3.      Қасым жетімдіктің қорлығын қалай көрді?

4.      Әңгімеге қараңғы түндегі елес қалай берілді?

5.      Қасымның қөз алдына нелер елестеді?

7.Шығармашылық тапсырма

1-топқа: Егер сендер  Қасымның орнында болсаңдар не істер едіңдер?

2-топқа: Қасымға жетімдіктен құтылудың қандай жолын айтар едіңдер?

3-топқа: Қасымның әжесінен айырылған кездегі жылап айтқан жоқтауын мәтіннен тауып оқыңдар.

4-топқа: Қасымның тағдыры неліктен қиын болды?

«Жетімдер» туралы видеоролик көрсету (Оқушылардың ойын тиянақтау үшін)
8. Дәптермен жұмыс.

Сөздік жұмысы жасалады.

Қиянат – әділетсіздік, зорлық, өктемдік.

Қаға беріс – шеттеу, бұрылыс, тасалау жер.
9.Кесте толтыру.

Табиғат пен баланың көңіл — күйін суреттеу арқылы байланысын табу.

Табиғаттағы өзгеріс Баланың көңіл-күйі
1.      Қалың қара бұлт

2.      Үрейлі түн

3.      Ызғарлы жаз

1.      Жалғыз жаяу бала

2.      Қасым шын жетім

3.      Шошынған бала, аянышты өлім

Мағынаны тану
Ой толғаныс Тақырыпқа байланысты мақал-мәтелдерден постер қорғау

Төрт топ постер қорғайды.

«Әкесі жоқ тек жетім, анасы жоқ тұл жетім»

«Жетім көрсең жебей жүр»

ІІІ. Ой толғау. «Жетім» мәтініне сатылай кешенді талдау жүргізу.
1. Тақырыбы. (М.Әуезов «Жетім»)
2. Мәтін.
3. Мәтінге ат қою. (Қасымның өмірі)
4. Мәтіндегі негізгі ой. (Жетімдіктің азабын тарту)
5. Мәтіннің түрлері. (Әңгімелеу)

6.Өз пікірім. (Ешқашанда жетімдер болмасын, әр бала өз ата-анаымен ғана бақытты).
ІУ. Оқушылар шығармашылығы.
«Бал балалық» тақырыбына салған суреттері көрсетіледі.

Қорытындылау Қазақстанның әр қаласында жетімдерүйі салынған. Онда балаларға толықтай жағдай жасалады. Тастанды немесе ата-анасына айырылған балалар сол жетімдер үйінде тәрбиеленеді. Қазақстан Республикасының бааның құқықтары мен міндеттері заңының 3-тарауы 10-бабының 1-тармағында мемлекет баланың жеке басына ешкімнің тиіспеуін қамтамасыз етеді. Бүгінгі таңда елбасымыз Н.Назарбаевтың «Қазақстанның болашағы – білімді, дені сау ұрпақ. Оларға ата-ананың аялы алақаны, мейірімді жүрегі керек, жетім балаларға үлкендер көмек көрсету керек» — деп атап өткен.
Үйге тапсырма Мәтінді жоспар бойынша әңгімелеу.

Кейіпкерге хат жазу

Күнделіктеріне жазып беремін
Бағалау Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

 

Не ұнады? Не ұнаған жоқ? Нені түсінбедің? Парақшасына стикерлер жапсыру
Кері байланыс Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

 

 

Конкурстар мен олимпиадалар - https://talimger.kz

Республикалық қашықтық олимпиадалар — http://clever.zti.kz

Республикалық конкурстар, курстар, конференциялар мен олимпиадалар — https://ukz.kz

Конкурстар, конференциялар және олимпиадалар — https://tarim.kz

Халықаралық семинарлар, олимпиадалар мен конкурстар — https://mriks.ru

Халықаралық педагогтар ассоциациясы - https://iae.su

Конкурстар мен олимпиадалар - https://kzu.kz