Электромонтаждық операциялар мен жұмыстарды жүргізу [Физика]

Автор статьи : Гүлсезім М.
Организация : Алматы құрылыс-техникалық колледжі
Должность : арнаулы пән мұғалімі
Дата : 23.10.2019
Редакционная коллегия: онлайн нұсқада ғана жариялауға рұқсат етілген

Пән: Өндірістік электроника негіздерімен электротехника Модуль  атауы: А2 Электромонтаждық операциялар мен жұмыстарды жүргізу Іс-әрекет: Электромонтаждық операциялар мен жұмыстарды жүргізу Сабақ түрі сайыс сабағы Сабақ типі қайталау Сабақ әдіс-тәсілі ізденіс, түсіндірмелі Оқу мақсаты: 1)білімділік  Студенттерді тапқырлыққа, табандылыққа, іскерлікке дағдыландыру. 2)дамыту     Студенттерді өз бетімен ізденуге, білімін шығармашылық тұрғыдан дамытуға, өз бетімен қорытынды жасауға үйрету. 3)тәрбиелік  Студенттерді мақсатқа жету барысында жауапкершіліктерін жетілдіру, күшіне деген сенімін арттырып үлкен жетістіктеріне жетуіне тәрбиелеу   Пәнаралық байланыс: Жарықтандыру және жарықтандырғыш желілері. Электрожетек Әдістемелік қамтамассыздандыру 1)оқу көрнекілік құралдары 2)үлестірмелі материалдар 3)техникалық оқыту жабдықтары   І. Ұйымдастыру кезеңі студенттердің сабаққа дайындығын тексеру; студенттердің сабаққа қатысуын тексеру; психологиялық әзірлеу; ІІ. Өткен тақырып бойынша білімдерін тексеру Сайыс №1. «Сергіту» Жарысты бастамас бұрын дайындалып алайық. Сонымен, бірінші сайыс «Сергіту». Әр бір командаға кезекпен сұрақтар беріледі, сұрақтарға жылдам жауап беру қажет, әр бір дұрыс жауап-1 балл, егер команда жауап беруге қиналса басқа команда немесе жанкүйерлер жауап беруге болады. Және оларға да балл қосылады.

  1. Жоғарғы кернеуге қандай вольттарды атаймыз? (1000 В. жоғары)
  2. Электр энергиясын өлшеу бірлігі қандай ғұламаның құрметіне берілген? (Джоуль)
  3. Электрлік қозғалтқыштың негізгі құрылысы қанда? (статор және ротор)
  4. Айнымалы токтың үш фазалы генераторын кім ойлап тапты? ( М.О. Доливо-Добровольский)
  5. Айнымалы токтың кернеуін жоғарылатуға немесе төмендетуге арналған электр приборы (трансформатор)
  6. Белгілі бір уақыт бірлігі ішінде істелінген жұмыстың сол уақытқа қатынасымен өлшенетін физикалық шама. (қуат)
  7. Аккумуляторды зарядтау кезінде оның қақпақтарын ашып қояды неге? (аккумуляторды зарядтау кезінде сутегі мен оттегі бөлінеді. Егер қақпақ ашылмаса жиналған газ аккумуляторды жарып жіберуі мүмкін.)
  8. ВВГ4х2,5 – 380 электрлік бұйымының баламасы (мыс өзекті кабель, өзек изоляциясы – ПВХ, қабығы – ПВХ, 4 өзекті, аудан қимасы – 2,5 мм2, номинал кернеуі – 380 В)
  9. Тізбектей жалғанған кедергілердің жалпы кедергісін қалай табамыз? (барлық кедергілерді бір біріне қосамыз)
  10. Барлық тұтынушылар бірдей кернеуде болады, егер

Сайыс №2. «Мықты болсаң жалғап көр» үш фазалы қозғалтқыштарды ток көзіне жалғау Бұл кезеңде екі топқа бірдей сұлба беріледі. Бір топтан 2 студент шығады. Сұлба бойынша электр қозғалтқышты берілген электржабдықтармен уақытқа жинайды. Ең жоғарғы балл 10 балл. Тапсырма: Сайыс №3 «Епті қолдар» Бұл кезеңде екі топқа бірдей сұлба беріледі. Бір топтан 2 студент шығады. Сұлбада екі бөлмелі үйді монтаждау берілген. Осы сұлбаны берілген электржабдықтармен уақытқа жинайды. Ең жоғарғы балл 10 балл Тапсырма: «Электрмен қамтамасыздандыру» кабинкасы арқылы екі бөлмені электрмен қамтамасыз ету. Яғни екі батырмалы ажыратып қосқыш арқыл екі шамды жағып, екі таратқыш қорапты жалғау. Қозғалыс датчигі бар жарықтандырғыш құрылғыны қосу. Розетканы жалғау. Сайыс №4 «Зертханалық сайыс» Бұл кезеңде екі топқа бірдей сұлба беріледі. Бір топтан 1 студент шығады.. Ең жоғарғы балл 5 балл Тапсырма: Резистивті тізбектер және Айнымалы резисторлар платасы арқылы тапсырмаларды орындау. Платаларды сұлбаға сай жинау және соңындағы сұрақтар мен тесттерге жауап беру. Сайыс №5 «Сұлбалар сөйлейді» Бұл кезеңде әр топтан 3 студент біріге отырып берілген үйдің сұлбасына электр тартылымдарын жүргізеді. Электр тартылымдарды жүргізу барысында стандартқа сәйкес шартты белгілерін сызып көрсету. Және қажетті материалдарды есептеп шығару. Ең жоғарғы балл 10 балл. Сайыс №6 «Ситуациялық тапсырмалар» І. Теледидарды жөндеу барысында электр тоғының шамадан тыс артуы болды. Теледидарды жөндеген шебер есінен танып қалған. Оның қолы сымдардың бумасын бөлшектермен тығыз қысуды жалғастыруда. Дұрыс жауаптарды таңдап, оларды дұрыс орналастырыңыз

  1. «Жедел жәрдем» шақыру.
  2. Сырт жақтан адамдарды көмекке шақыру.
  3. Мүмкіндігінше тезірек жүректің тікелей емес массажына кірісу.
  4. Сымдарды пышақпен не балтамен кесіп тастау
  5. Әр сымды әр түрлі өлшемде еткізіп бөлек-бөлек кесу.
  6. Басының астына жастық қою.
  7. Тамыр соғуының болуына көз жеткізу және ішіне қарай бұрып жатқызу.
  8. Тамыр соғуының болуына көз жеткізу, зардап

шегушінің көкірек тұсынан ұру және жүрекке үздіксіз массаж жасау. Егер реакция байқалмаса өкпеге жасанды дем беру.

  1. Тамыр соғысының болмағандығына көз жеткізу, көкірек тұсынан соққысынан кейін жүрекке массаж жасау.
  2. Тамыр соғысының болмағандығына көз жеткізу және ішіне қарай бұрып жатқызу

ІІ. Жерде трамвайдың байланыс сымдары жатыр. Бірнеше метр жерде зардап шегуші жатыр, өмір белгілерін көрсетпейді. Дұрыс жауаптарды таңдап, оларды дұрыс орналастырыңыз

  1. Сырт жақтан адамдарды көмекке шақыру.

2.Жәбірленушіге қалыпты қадаммен бару және жағдайын бақылау.

  1. «Жедел жәрдем» шақыру.

4.Қасында бос жатқан пластик бөтелкесін алып сымдарды шетке алу. 5.Жәбірленушіге кішкене қарға адым арқылы жақындау

  1. Тамыр соғуының болуына көз жеткізу және ішіне қарай бұрып жатқызу.
  2. Тамыр соғуының болуына көз жеткізу, зардап

шегушінің көкірек тұсынан ұру және жүрекке үздіксіз массаж жасау. Егер реакция байқалмаса өкпеге жасанды дем беру.

  1. Тамыр соғысының болмағандығына көз жеткізу, көкірек тұсынан соққысынан кейін жүрекке массаж жасау
  2. Тамыр соғысының болмағандығына көз жеткізу және ішіне қарай бұрып жатқызу
  3. Тамыр соғуының болуына көз жеткізу және ішіне қарай бұрып жатқызу.
  4. ІІІ. Үй тапсырмасын беру Сабақты қорыту және бағалау

Баллды есептеу. Жауап берген көрермендерге сыйлық таратылады. Топтарды мадақтау қағазымен марапаттады