Қысқы киімдер (Winter clothes)

Ағылшын тілі
Қысқы киімдер (Winter clothes)

Мақала авторы: Күреген Ажар Жұмажанқызы
Жұмыс орны: "Балауса" балабақшасы
Лауазымы: Шет тілі мұғалімі
Порталға жариялану мерзімі: 19.12.2016


Сабақтың тақырыбы: «Қысқы киімдер» (Winter clothes)
Мақсаты: тақырыптың атауына сай жаңа сөздерді жаттау. Ауызекі тілде қолдануға баулу. Сөздердің аудармасын беріп, дыбысталуын үйрету. Жаңа сөздерді қолданып, тапсырмаларды орындау.
Әдіс – тәсілдері: түсіндіру, сұрақ – жауап, ойын.
Көрнекілік: түрлі түсті қағаздар, киімдердің суреті салынған суреттер.
Жаңа сөздер: a coat, a hat, a scarf, boot, glove.
Сабақ барысы:
Мұғалім: Hello children, let’s greet our teachers! Сәлем, балалар, қанеки біздің тәрбиешілерімізді карсы алайық!
Балалар мұғаліммен қосылып тақпақ жолдарын айтып ашық сабаққа келген тәрбиешілермен амандасады.
Hello, hello
Hello to you.
Hello, hello
We are glad to see you.
Мұғалім: Thank you. Good job! Рахмет, жарайсыңдар! Let’s talk about the seasons of the year. What season is it now? Ал енді балалар, жыл мезгілдері туралы әңгіме қозғайық. Қазір қандай жыл мезгілі?
Балалар: Қыс.
Мұғалім: Дұрыс айтасыңдар. Ал қыс ағылшын тілінде қалай болады?
Балалар: Winter.
Мұғалім: That’s right! Керемет! What do you know about winter? What season is winter? Балалар, айтыңдаршы, қыс ол қандай мезгіл? Қыс мезгілі туралы не білесіңдер?
Балалардың жауабы.
Айым: Winter is cold.
Даниал: Winter is long.
Арман: Winter is grim..
Айсауле: Winter is white.
Алдияр: Winter is frosty.
Аяулым: Winter is blizzard.
Ерхан: Winter is snowy.
Мұғалім: Well done! Бәрекелді! Балалар қыс мезгілі туралы қандай тақпақтар білесіңдер?
Айым:
Snow is white
Day is bright.
Даниал:
I love winter
I love snow
which I can blow.
Аяулым:
New Year Tree is bright
Lightning in the night.
Айсауле:
Little snow
Falls low.
Арман:
I am happy boy
Who has many toy.
Ерхан:
We dance, we sing
And play with ping.
Алдияр:
Hello sunny day
And happy holiday!
Мұғалім:Children, what clothes do you wear in winter? Балалар, қыс мезгілінде қандай жылы киімдерді киесіңдер?
Балалар: Бас киім, қолғап, мойынорағыш, күртке, етік.
Мұғалім: Excellent! Бәрекелді, дұрыс айтасыңдар! Now we will try to translate these words. Ал енді сол сөздердің ағылшын тіліндегі баламасын тауып көрейікші. I’ll say the new words and you, my dear friends, should repeat after me. Мен сендерге жаңа сөздерді айтамын, сендер сол сөздерді қайталап, есте сақтап қалуға тырысыңдар.
Бас киім – a hat
Қолғап – gloves
Мойынорағыш – a scarf
Күртке – a coat
Етік — boots
Мұғалім: Good job. Енді мынадай тапсырма жасайық. Тапсырма бойынша біз тақтада тұрған баланы киіндіреміз.
Балалар тақтада тұрған баланың суретімен жұмыс істейді. Яғни оны берілген киімдермен киіндіріп, сол киімнің ағылшын тіліндегі аудармасын тауып, түсін айтады.

Айым: It is hat. It is white.
Әсел: It is coat. It is red.
Арман: It is scarf. It is brown.
Айсауле: It is glove. It is green.
Алдияр: It is boot. It is black.
Мұғалім: Ok. That’s right. Жақсы балалар, тапсырманы орындадық. Ал енді сергіп алайықшы.
Сергіту сәті
I have boots,
I have hat.
Which I wear
on my head.
Мұғалім: Let’s play the game “Dirty telephone”. Балалар, жаңа сөздерді жаттап алу үшін «Қате телефон» ойынын ойнайық. Мен жанымда отырғабаланың құлағына жаңа сөздердің бірін айтамын, ол сол сөзді келесі жанында отырған балаға сыбырлап айтады, қалғаны осы ретті жалғастырады. Сөзді соңғы отырған балаға айтқан соң, сол бала жасырын сөзді дауыстап айтуы тиіс. Егер дұрыс болса балалар «шапалақтайды», қате болса «еденді аяқтарымен соғады». Дұрыс табылған сөздің аудармасын айтады.
Ойын ойнатылады. Ойын барысында жаңа сөздер қолданылады.
Мұғалім: Керемет! Сонымен балалар бүгін қандай жаңа сөздер үйрендік? Балалар үйренген сөздерді хормен атап шығады. (a coat, a hat, a scarf, boots, gloves)
Біз қандай түстерді білеміз?
Балалардың жауабы (black, white, red, green, brown ).
Біз нешеге дейін санай аламыз?
Балалар:
One, two, three, four, five,
We say good bye.

Конкурстар мен олимпиадалар - https://talimger.kz

Республикалық қашықтық олимпиадалар — http://clever.zti.kz

Республикалық конкурстар, курстар, конференциялар мен олимпиадалар — https://ukz.kz

Конкурстар, конференциялар және олимпиадалар — https://tarim.kz

Халықаралық семинарлар, олимпиадалар мен конкурстар — https://mriks.ru

Халықаралық педагогтар ассоциациясы - https://iae.su

Конкурстар мен олимпиадалар - https://kzu.kz