Қыпшақтар дәуірі

Тарих
Қыпшақтар дәуірі

Мақала авторы: Билялова Гулжанат Рахымовна
Жұмыс орны: №31 орта мектеп. Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Абай ауылы
Лауазымы: тарих пәні мұғалімі
Порталға жариялану мерзімі: 14.11.2017


                                                                     Кіріспе

Ғасырлар құшағында құндақталып жатқан көне тирыхтың беттерін  парақтап, шындық бетіне сәуле түсіріп қарағанда көзге түсер  сөз «ғұн» болса, қазір көңілімде «қазақ» сөзі, тұрады. Аралық кеңістікті топтастырар тарих беттері тармақталып кете барады …..

Ерте күнде отты Күннен Ғұн туған ,

Отты ғұннан  от боп ойнап мен туғам

Жүзімде де, қысық қара көзімді

Туа сала жалынымен мен туғам.

Қапаланба, соқыр сорлы, шекпе зар,

Мен –күн ұлы,

өзінде Күн нұры бар.

Мен келемін, мен келемін, мен келем –

Күннен туған, Ғұннан туған пайғамбар, — деп М. Жұмабаев шабыттана жырлаған «ғұндар» тарихы сөз басы болса, «қазақ» сөзі соңғы нүкте болса керек қой!

Кеңес дәуірі кезінде «түркі тайпалары» сөзі түркідей тиіп, арғы тегімізге көз жүгіртуге тырысқандарға «ұлтшыл-уклон» деген кінә тағылып көне тарих беті жабылып, халықтың өткен өмірінің жарқын беттері жабулы қазан астында қалған еді.

Қазақ жерінде ХІ-ХІІІ басы аралығында қыпшақ хандығы атымен басы біріккен түркі тайпаларының тарихы – Қазақстан тарихында ойып алған орны бөлек, ерекше тарих болып қала береді. Сол дәуір тарихынының сарғайған  беттерін санамызбен саралап көрейік.

                                                     

                                                               Мақсаты: 

Қолда бар әдебиеттерді пайдалана отырып, «Қыпшақтар дәуірі» тақырыбына жазылған зерттеу әдісті жобада қыпшақтардың  қоныстанған жерлері, этникалық құрамы, қоғамдық құрылысы және қыпшақ хандығының саяси жағдайын  зарделей қортындылауға тырысып, төмендегі міндеттерді шешу көзделеді.

                                                         Міндеттер:

 1. Жалпы түркітанудың тарихи-этногенезистік зерттеулерінде қазіргі қазақтарды көне түріктердің тікелей ұрпақтары демей, тек «қыпшақ дәуірі мен шектеп» түсіндіріп келуінің сыры бұрынғы саяси – идеология себептерге байланысты болғандықтан көне түркі-қыпшақ дәуірі қазақ байланыстарына шолу жасау.

  1. «Тұранға жер жүзінде жер жеткен бе?

Түрікке адамзатта ел жеткен бе?

Кең ақыл, отты қайрат, жүйрік қиял!

Тұранның ерлеріне ер жеткен бе ? ..» — деп

М. Жұмабаев жырлағандай көне түріктің заңды мұрагері – Детті Қыпшақ хандарының сыртқы елдермен қатынасын, саяси дамуын ашып көрсетуге талпыну.

 

  1. «Анық түрік затты хылық тілі біздің қазақта» -деп Әлихан Бөкейханұлы атамыз айтқандай, түрік бітік-түрік этносының төл жазуы екендігін дерек көздері арқылы ашып көрсетуге тырысу.

 

Болжам:

  1. Көрсетілген міндеттерді шешуге реферат көлемі толық ашуға мумкіндік берілмейтінін біле отырып, келешекте «Орыс – қыпшақ қарым-қатынасы», « Қыпшақтардың этникалық қалыптасуы» және «Көне түркі – қыпшақтар дәуірі – қазақ байланысы» тақырыптарына зерттеу жасау.
  2. Мысыр зерттеушісі Амин әл-Холидің, Батырына-ұлы  т.б.  авторлардың еңбектерінің  негізінде  «Мысыр елінің  Дәшті-Қыпшақпен байланысты», «Қыпшақ мемлекетінің  басқа елдермен қарым – қатынасы» тақырыбында зерттеу жүргізу.
  3. Қыпшақ этникалық  қалыптасуын  зерттеу негізінде  Дешті-Қыпшақ  территориясын мекендеген жайпалардың қазақ халқының қалыптасуына тікелей әсер еткенін, моңгол-татар шапқын-шығының халық болып қалыптасуға кедергілік әсерін талдау жасау- келешектегі шығармашылық жұмыстың міндеті болуы мүмкін.

                                                             Күтілетін  нәтиже:

 1.Зерттеу жұмыстарының негізінде мақсаты мен міндеттері толық ашылып,көрсетілуі тиісті.

2.Қолда бар әдебиеттердегі материалдар жүйелі негізде

пайдаланылып, «Қыпшақтар дәуірі»тақырыбы белгілі бір арнада зерделенуі тиіс.

                                                               Қыпшақтар дәуірі

         Зерттеу   жоспары:

  1. Қоныстанған  жерлері, этникалық құрамы.
  2. Қоғамдық  құрылысы.
  3. Саяси  жағдайы  ХІ-ХІІІ ғғ.

Қыпшақтардың қоныстанған  жерлері және этникалық   құрамы.

   Тарихшы ғалымдар қыпшақ этникалық қалыптасуын кезеңге бөледі:

  1. VII-VIII ғасырлардағы  Қимақ  қағанатының құрамындағы  қыпшақтар.
  2. VIII-IХ ғасырлардағы Алтай тауларынан батыстағы Еділ өзеніне дейінгі территорияға қоныстанып,саяси үстемдік алған қыпшақтар.
  3. ХI- ХШғасырлардағы Шығыс ұлыстағы айбынды қыпшақтар.[6]

ХІ ғасырда қыпшақт ар  Қараһан мемлекеті  орналасқан жерге дейін барып,Тараздың маңына Қаржақ-Сеңгір бекінісін салады.ХІ-ХІІІ ғасырларда Орта Азиядағы Түркі тілдес тайпалардың ішінде қыпшақтар халқы ең көбі болды.

ХІ ғасырда сыртқы жаулардың соққысынан құлаған қимақ қағанатының жері жаңа құрылған  қыпшақ хандығының қолына толығымен көшеді.ХІ ғасыр ортасында қыпшақ хандығы күшейді.Ал қыпшақтардың батысқа қарай көшкен тобы орыс жерлеріне жақындалана  атырапқа қоныстанып,половецтер деп аталды. Орыс жылнамаларында «Половецтердің Шеруһан(Сарыхан) әулетінен шыққан Отрок хан» деп аталған Артық Сары ханұлы  қыпшақ ханы,әйгілі қолбасшы,батыр.Ержүрек қыпшақ жауынгерлерін әлем патшалары өздерінің таңдаулы әскері жасағына айналдыру дәстүрі әбден орныққан заманда Мысыр,Византия,Венгрия,Европа мен Азия елдерінің билеушілері қыпшақтарды қалқан етіп ұстап,қаһарлы күш ретінде пайдаланды.

Киев князі Владимир Мономахтың әскерінен кескілескен ұрыс жүргізілді.1118 жылы Грузия патшасы Давид(Дәуіт) W-нің арнайы шақыруымен қыпшақ ханы Артық 45 мың атты әскерімен Қап тауына келіп ,басқыншылардан азат етті.Дидгори айқасында Артықтың 45 мың сарбазы Дәуіттің 15 мың әскерімен бірігіп,300мыңдық Парсы қолына соққы берді.Грузиндер тарихында айрықша орын алған осы шайқастың нәтижесінде Грузия ұлттық тәуелсіздік алды.Артық Тұран тоқты атты  қызын Дәуітке берді. Артық хан Қап тауында 8 жыл тұрып,Дешті қыпшаққа қайтты.Артықтың баласы Қоешақ орыстың «Игорь полкі»туралы жырында басты тұлғалардың бірі. Қазақстан жеріндегі қыпшақтардың мекені Дешті-Қыпшақ даласы деп атала бастады.

Жент пен Фараб арасындағы қыпшақтар  тұттық дінді ұстанды.

1.Батыс қыпшақ тайпалары қоныстанған өңірі: Еділ, Жайық алабы,половецтер даласы.

Тайпалар: печенек,оғыз,башқұрт т.б.

  1. Шығыс қыпшақ тайпалары қоныстанған өңірі :

Дешті-қыпшақ даласы.

Тайпалар: қыпшақтар,қаралұқтар мен қимақтар.

Қыпшақ хандығы күшейе бастаған кезеңде оңтүстік жағындағы шекараны кеңейтіп,Сырдарияның орта және төмендегі бөлігін,Арал мен Каспий өңірі далаларын өздеріне қаратқан.

Қыпшақ  шонжарлары Сыр бойындағы қалалардың билеушілеріне айналды.

Қыпшақтар Есіл мен Тобыл,Нұра,Елек пен Сары су өңірінде көшіп-қонып жүрген.Олар Маңғыстау мен Үстіртте қыстап,жаз айларында Жем,Сағыз ,Ойыл,Қобда,Жайық өзендерінің аңғарларын жәйлаған.Араб деректеріне(Ибн Баттутта «Дешті-Қыпшақ») қарағанда ,қыпшақтардың тарихы қалыптасқан көшу бағыттары болған.

Қыпшақтардың этникалық құрамы YII-YIII ғасырларда құрыла бастаған.Бірақ этногенезистік және генетикалық жалғастық тақырыбы әлі жөнді зерттелмеген.Осы жерде академик Оразақ Смағұлұлының мына сөздерін ойға алсақ : «Қазақ даласында ешқандай этногенезистік және генетикалық жалғастықтарын нақтылы зерттемей ,оның орнын бос сөз тізбектерімен толықтыруға тырысқандар бар.Қазақ даласын 40 ғасырлық тарихындағы этногенис және расогенис проблемаларының нақтылы және дәйекті шншу әдістемелеріне тарихшылар тиісті бет-бұрыс жасамаса,бұл мәселенің шешуі дәл бүгінгі Қазақстан тарихшыларының қолынан келетін іс деп айта алмаймыз.» [8]

Жалпы қыпшақтардың этникалық құрамы 2 бөліктен тұрған.

1.Қыпшақтардың Батыс бірлестігі,бұлардың тайпалық құрамы 11 тайпадан тұрады.Елбөрілі,Тоқсоба,йетноба,дурут т.б.

  1. Қыпшақтардың Шығыс бірлестігі 16 тайпадан тұрған: олардың 8 негізгі тайпалар,ал қалған 8 ұсақ тайпалық бөлімшелер.

Тайпалардың ішіндегі ең беделдісі бөрелер болған.

Бұл ел бөрілілер болып табылады.Қыпшақ хандары осы тайпадан шығып отырған.Тайпаның бөрілілер аталуы қасқырға табынуды көрсетеді.Ал мұндай салт ертедегі түрік тайпаларынан бері қарай белгілі.Тоқсобада «9 тайпалы» деген ұғымды білдіретін беделді тайпалардың қатарына жатқан. «Дурут» 4 тайпа «йетнобо» 7 тайпа дегенді білдіріп,олардың біріккен тайпалар екендігін аңғартады.Жалпы  қыпшақ бірлестігіне түрік тілдес қимақ,оғыз,құман,ежелгі башқұрт тайпалары да енген.ХІІ ғасырдан бастап қыпшақтар Арал маңына билік жүргізген кезде олардың құрамында қаңлылар,қараұқтар,жікілдер де болған. ХІ-ХІІ ғасырларда Орталық Азия аумағында тұратын

Халықтардың шаруашылық-мәдени  тіршілік тұрпатының ортақтығы,тілдік және тұрмыстық жақындығы, көшпелі және жартылай көшпелі мал шарушылығымен отырықшы егін шаруашылығының бір бірімен байланысты болуы, мемлекеттіліктің қалыптасуы мен тайпалық бірлестіктердің этностық тұрғыдан ықпалдасу үрдісі жүріп жатты.[5]Сонымен қыпшақтардың этникалық құрамына көрген тайпалардан қыпшақ халқы қалыптаса бастады.Бұл тайпалардың тіл, наным-сенім, қоғамдық құрылыстары шаруашылықты жүргізу жағы бір-біріне ұқсас болды.Әрине, тіл жағынан кеәбір жергілікті диалектілер сақталған. Академик Смағұловтың  пікірінше түрік лингвистикасында бізге белгілі деректер борйынша көне түрік тілінің 40 тан астам  тіл сөйленісі ғылыми түрде қыпшақ,оғыз,қараұқ,булғар деп аталатын 4 ірі топ бойынша қарастырылады.Бұдан прото (баба) түрік.,ата түрік тілі алғашқы кезеңде бір ғана тіл болған, одан 4 ірі топқа бөлініп,одан кейін 40-тан астам тіл -сөйленіске жетті деген қорытынды шығады.[8]

Тіл сөйленіске бөліну бірыңғай қыпшақ халқы болып қалыптасуына кедергі болмаған.Оны Плано Карпенидің «қаңлылар қыпшақша сөйлейді екен» дегені толық дәлелдейді. .[11] Қыпшақ халқының толық қалыптасуына моңғол-татар шапқыншылығы үлкен нұқсан келтіріп,Қазақстанда бірыңғай халық болып қалыптасу құбылысы ХY ғасырға дейін  кешеуілдеді. Екі ғасырлық кешеуілдету тарихы келешек шығармашылық жұмысы болғандықтан ашық қалдыруға тура келеді.

  1.     ҚОҒАМДЫҚ   ҚҰРЫЛЫСЫ.

Қыпшақ хандығының қоғамдық құрылысы тікелей Қимақ қағанатының қоғамдық құрылысының жалғасы болды. Қыпшақ хандығында да өкімет билігі мұралық жолмен берілді.

Хандар шығатын әулеттік ру ел-бөрілі болды.Әскери-әкімшілік жағынан Қыпшақ хандығы көне түркі дәстүрлерін сақтап,екі қанатқа бөлінген.Оң қанат қосынымен Жайық өзені

бойында,Сарайшық қаласының орнында,сол қанат қосынымен Сығанақ қаласында тұрған .Оң қанат екіншісінен күштірек болған.Хандықтың  орталығы Торғай  даласында болса керек.Билеуші ақ сүйек топтың (хандар,тархан,басқақ,бек мен байлар ) қатал иерархиялық жүйесі айқын көрініп отырған.Ру мен тайпалардың өзі де әлеуметтік маңызына қарай бөлінген.

Қыпшақ қоғамы әлеуметтік және жіктік жағынан да тең болмады.Малға  жекеменшік,сондай-ақ жайлым   жерлерде ақ сүйектер меншігінде болған. «Сыртқы қауіп-қатерден қорғануды ұйымдастырып, «тайпаның ішкі өмірін сақтаушы , әрі ырқына көндіруші» ретінде көріне отырып,қыпшақ ақ сүйектері өз қол астындағылардан ерікті сый-сыяпат және басқа заттай алым алушы құқығына ие болды» .[5] Қоғамның қатардағы ерікті мүшелері малшылар болды.Құлдар соғыс тұтқындарынан құралды.Қыпшақ хандығында құлдықтың болғандығын Махмұд Қашғаридің қыпшақ тілінде құлды «Яланкуг» деп атағандығынан анық байқауға болады. .[11]

Хандықтағы халықтық мүлік теңсіздігін олардың зираттарына жүргізілген археологиялық зерттеу жұмыстары байқатады.Мәселен,кейбір қабірлерден адам денесімен бірге қойылған бағалы бұйымдар көптеп табылса,ал кейбір мүрделерден адам сүйегінен басқа еш нәрсе кездеспейді.Жер астында жатқан деректер көпшіліктің білетін дерегіне айналатынына бір мысал ретінде, 2004-2006 жылдарға арналған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жүргізілген археологиялық дала экспедициясының жұмысын айтуға болады.

3 . Саяси жағдайы ХІ – ХІІІ ғғ.

ХІ ғасырдан бастап Қазақстаның Жетусудан бастап жерлерінің барлығына қыпшақтар ие болды. Хандықтың әлеуметтік –экономикалық  жағының нығаюы жерін кеңейтуді талап етті. Әсірісе қыпшақтарға Қазақстандағы Оңтүстігіндегі қалаларға, Орта Азияның базарына Орыс елінің Оңтүстік даласы аудандарына шығу қажет болды.

Х –шы ғасырдың аяғы – ХІ ғасырдың басында Оғыз хандығының жағдайының нашарлауын пайдаланып, қыпшақтар өздерінің шекарасын Сырдарияның орталық ағысынан Арал теңізіне дейін кеңейтеді. Батыстағы территориясын ұлағайтқан Шығыс ұлыстағы айбынды қыпшақтар мемлекетті тарих сахнасынан  өз орнын айтып алған болатын. 1065 ж. салжықтардың билеушісі Әли Арслан қыпшақтарға қарсы Маңғыстауға жорық жасайды. Нәтижесінде қыпшақтардың бір бөлігі хорасан сажықтарына  тәуелді болып қалды.

ХІ ғасыр сонымен ХІІ ғасыр басында Жент, Әғникент төменгі Сырдың тағы басқа қалалары да қыпшақ көсемдерінің қолына қараған. Қыпшақтар хорезім елімен де қатынасты жақсартуға әректтенді. Алайда хорезім шахы қыпшақтардың күшейюінен және олардың өз шекарасына жақындауынан қауіптене бастаған болатын. Сондықтан да шах әр түрлі саяси құлық әрекеттер жасауға әректтенеді. 1133 жылы Жент қаласынан Дешті қыпшақ қаласына тереңдетінп соқы жасаған Хорезім шахы Атсыз қыпшақтарды талқандайды. Осы жеңістен соң қыпшақтар екіге бөлініп, әлсірей бастаған оған себеб болған басты жайттар қыпшақ тайпаларының ақсүйектерінің арасында Хорезмге бейімделушілер  қатарының молаюы қаңлылардың  аса ірі бірлестігінің құрылуы,өзара әулеттік қырқыс күшеюінен болды.ХІІ ғасырдың 2-ші жартысынан әсіресе Текеш(1172-1212) билеген  дәуірден бастап Хорезм  Қыпшақ ақсүйектерімен жақындасуды мақсат етті.Қыпшақ хандарымен Хорезм шах әулеті өз ара туысқандық неке байланысын орнатуға көшті.Қыпшақ ханы  Жанкеші қызы Теркен-хатынды Хорезм  шахы  Текешке береді.Дегенмен Хорезм  шахы қыпшақтар арасына іріткі салып,өздеріне тәуелді етуге әрекет жасады.Қыпшақ ханы Қадыр- Бүке ханмен оның жиені Алып Деректің арасындағы билік үшін таласты пайдаланып,Сығанақ қаласын басып алуды ойластырады.Текеш өз ойын іске асыру үшін 1195 жылы Сығанақты басқарып отырған Қыдыр Бүке ханға қарсы жорыққа аттанады.Бұл жорықта Текеш Отырарды билеп отырған Алып-Деректің әскерін өз жағына шығарып қаланы жаулап алады.Бүкіл мұсылман Азиясы ішінде  І ші орын алуға ұмтылған Хорезм шахы Мұаммед (1200-1220 ж.ж.)мемлекеттің құрамына ХІІІ ғасыр басында Сығанақ  облысы да кіреді.Сығанақтан айрылып қалса да,қыпшақтар күресті жалғастыра береді. Жент қаласынан солтүстікке қарай  Дешті-Қыпшақ еліне Мұхаммед шах көп рет жорық жасайды.1216 жылы Қадыр ханға қарсы аттанған әскери жорықтарының бірінде ол Ырғызға дейін жетіп,Торғай даласында Қыпшақтар еліне қашып кірген меркіттерді қуып келе жатқан Шыңғыс хан қолымен кездесіп қалды. Моңғолдар түн жамылып шегініп кетеді.Бұл моңғолдардың Қазақстан жерінде алғаш рет болуы еді.Билік үшін бәсеке тек моңғолдар екі елді де жаулап алғаннан кейін ғана  біржолата тынады.Қыпшақ хандығы құлағанмен,оның халқы мүлде жойылып кеткен жоқ.Олар өздерінің тарихи дамуын жалғастырумен болды. Ақыр соңында олар қазақ халқының басты  этникалық құрамының біріне айналды.

 

 

Қ  О  Р  Ы  Т  Ы  Н  Д  Ы.

Орта ғасырдағы Қазақстан тарихында орны ерекше күрделі тақырып-Қыпшақтар дәуірі туралы зерттеу жұмысын жүргізгенде белгілісінен белгісізі көп тарих тұңғиық  түбіне тарта беретінін байқауға болады.Зерттеу жұмысының негізгі  міндеттерін шешуде  тұрған үйді бұзбай,оның әр қабырғасын әдемілеп ,жөндеп көргенде көз тоятындай –көздің құртына айналдырғандай Қыпшақ тарихының жоспарда көрсетілген тақырыптарын толық тыруға тырыстым.

Дүниежүзілік өркениетке Қыпшақ әлемінің қосқан үлесі туралы зерттеу қырық есекке жүк болатындай өте ауқымды жұмыс.Бұл жұмысты жазғанда Түркі әлемінің маңдайына біткен азамат Мандоки Иштван Қоңыр марқұмды айналып өту мүмкін емес.Қазіргі Европа қыпшақтары қоғамымен Қазақстан  байланысын тасада қалдырып секіріп  өтуге болмайды. Бұл сұрақтар келешек зерттеу жұмысы болмақ.. Ойды он саққа жүгіртіп шығарсақ, орнымен жазылар сөз,орнықты ой тарихтың таразысына  тартылары хақ..

Болжамда көрсетілген 3 міндет негізінде жұмыс жүргізе отырып,А.Байтұрсынұлының «Түріктің тұнық таза тілі –түзу елесі –қазақта» деген қағидалы сөзін негізге ала отырып,әсіресе тіл мәселесін түрік дәуірінен бүгінгі күнге дейін  зерделеуде көңілдегі көп ойдың бірі.

Тарихтың тұңғиығы тым-ақ терең,

Қалтылдаған қайықпен жүзіп келем.

Тарихқа әркімніңде бар ма таласы,

Ойламаймын мен жаздым елден ерең.

Р.S.      Көне араб жазбасынан табылған қыпшақтың бір аңызы былай дейді:

             « Қара жолдың үстінде екі жылан жатыпты.Бірінің бір басы және мың құйрығы бар екен.Ал екіншісінің мың басы,бір құйрығы бар екен.Күнге қыздырынып рахаттанып жатқан екеуі жақындап қалған ат арбаны көргенде,жол жиегіндегі індеріне ұмтылады.Бір басты жылан  ініне тез кіріп кетеді де,мың басты жыланның әр басы бірінші кіруге таласып,ақыры арбаның дөңгелегіне жаншылып қалады.»

       Расында да осындай ұлағатты аңыз қалдырып,біржағадан бас,бір жеңнен қол шығара білген қыпшақтар тарихы қызықты емес деп кім айта алар.?…

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН       ӘДЕБИЕТТЕР :

1.Батыршаұлы Бақытты.Мысыр Мамлүк мемелекетінің Дешті-Қыпшақпен байланыстары.ХІІІ-ХV ғ. Алматы 2005 .25-39 бетке дейін.

2.Ежелгі Қазақсатн балар энциклопедиясы.2004.208-209 бет.

3.Н.Жұмабаев. Алматы.Ғылым.1992 ж.89 бет.

4.Қазақстан тарихы. Алматы.Жалын.1997 ж.173 бет.

5.Н.Назарбаев. Тарих толқынында. 113-204 бет.

6.Оқушы анықтамасы І кітап.Атамұра.85 бет.

7.Сматаев С. Қобыланды батыр.Дәуір.183-296 бет.

8.Ұ.Смағұлов. Алтай қазақтары. Тарихи антропологиялық зерттеу. Астана .2003. 53 бет.

9.О.Сүлейменов. Азия.(Игорь туралы жыр)

10.Хазанов А.Н. Кочевники и внешний мир. Алматы .2002.297 бет.

11.Хрестоматия. І-ІІ тақырыптар. 4-18 бетке дейін.

Конкурстар мен олимпиадалар - https://talimger.kz

Республикалық қашықтық олимпиадалар — http://clever.zti.kz

Республикалық конкурстар, курстар, конференциялар мен олимпиадалар — https://ukz.kz

Конкурстар, конференциялар және олимпиадалар — https://tarim.kz

Халықаралық семинарлар, олимпиадалар мен конкурстар — https://mriks.ru

Халықаралық педагогтар ассоциациясы - https://iae.su

Конкурстар мен олимпиадалар - https://kzu.kz