Құжатқа диаграммаларды және математикалық формулаларды кірістіру

Информатика
Құжатқа диаграммаларды және математикалық формулаларды кірістіру

Мақала авторы: Имангазинова Кундыз Сериковна
Жұмыс орны: Абай атындағы қазақ орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Лауазымы: информатика пәнінің мұғалімі
Порталға жариялану мерзімі: 30.01.2017


КӨШБАСШЫ-2017   /интелектуалды шоу/

Мақсаты: оқушылардың информатика пәніне қызығушылығын арттыру, ой — өрісін және танымдық қабілеттерін дамыту, шығармашылыққа баулу, өз ойын еркін жеткізе білу және өткенді шапшаң еске түсіру дағдыларын қалыптастыру.

Ойынның жүру барысы

Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң арқалан.

Сен де бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тап та бар қалан.

  • 1 кезең БӘЙГЕ
  • 2 кезең ПОЛИГЛОТ
  • 3 кезең ҒАЖАЙЫП ЖЕТІЛІК
  • 4 кезең ЖОРҒА 
  • 1 кезең Бәйгеде  сұрақтар берілген оған оқушылар бірінші болып бағдаршамды көтерген оқушы жауап береді. Егер де ал жауап бере алмаса келесі оқушы бағдаршамды көтере алады. Әр жауап 3 баллдан есептеледі. Ұпайы аз екі оқушы ойыннан шығарылады.

    2 кезең «Полиглотта» әртүрлі түсте сөздер жасырылады, түсті  таңдай отырып, оқушылар қазақ-орыс-ағылшын тілінде жауап беруге тиіс. Қазақ және орыс тілдерінің жауаптарына бір-бір балдан беріледі, ағылшын тілінде жауап берілген жауапқа 3 бал беріледі. Толық жауапқа 5 бал. 1 кезеңде балы аз 2 оқушы келесі 2 кезеңге өте алмайды.

    3 кезең  «Ғажайып жетілікте» оқушылар әр тор көзден өзі білем деген тор көзді таңдап, егерде жауап берген жағдайда сол балдық жүйе беріледі. 2 кезеңде қалған 6 оқушыдан балы аз екеуі ойыннан шығады.

    4 кезең «Жорғада» балы жоғары 2 оқушы қалып сайысқа түседі. «Жорға» ережесі бойынша оқушылар жеке-жеке сұрақтарға жауап беруге тиіс.

    Қарап тұрмай бәйгеге кеп еніңіз,
    Шәкірттерге әділ шешім беріңіз,
    Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар,
    Бәйге, бәйге, бәйгені бір көріңіз.

    1 кезең  Бәйге

    1. Дербес компьютердің сәулеті        Жауабы: Компьютердің құрылымы мен жұмыс принциптерінің сипаттамасы

     

    1. Санау жүйесі дегеніміз не? Жауабы: Сандарды жазу тәсілі

     

    1. Позициялық санау жүйесі деген не? Жауабы: Сандағы цифрлардың мәндері оның орнына тәуелді болатын санау жүйелерін позициялық деп атайды.

     

    1. Екілік санау жүйесі дегеніміз не? Жауабы: Негізі 2 болатын санау жүйесі

     

    1. Шеткері құрылғылардың топтары  Жауабы:енгізу, шығару, сақтау және желілік құрылғылары

    Келді  кезек полиглотты шешуге,
    Жауаптарды аударуға үш тілде.
    Қазақ, орыс, ағылшынды білсеңіз,
    5 ұпай, шәкірт саған несібе.

    2 кезең Полиглот /түстерді таңдай отырып жасырылған сөздерге орысша, ағылшынша жауап береді/ 

    Ақпарат , Жүйелік блок , Тінтуір, Бағдарлама, Пернетақта, Ғаламдық желі, Пікір ,

    Ақиқат, Жалған

    Ғажайып  жетілік

    ҒАЛЫМДАР — 10

     Аристотель деген кім? Дәстүрлі формалды логиканың негізін салушы. Б.з.б. 384-322жж

    ҒАЛЫМДАР – 20

    Ең алғаш болып математикалық логиканы құру идеясын қай ғалым ұсынды?

    Неміс ғалымы Готфрид Вильгельм Лейбниц 1646-1716

    ҒАЛЫМДАР – 30

    “1946 жылы үш ғалым -Артур Беркс, Герман Голдстайн және Джон фон Нейман қандай мақала жариялады?

    «Электрондық есептеу құрылғысын, логикалық құруды алдын ала қарастыру»

    Алгоритмдеу және  программалау – 10

    Графикалық режім-төртбұрыш Rectangle

    Алгоритмдеу және  программалау – 20

    Графикалық режім-шеңбер Circle

    Алгоритмдеу және  программалау – 30

    Графикалық режім-сызықтардың түсі SetColor

     ОПЕРАТОРЛАР – 10

    While…do  егер бір әрекетті бірнеше рет қайталау қажет болса….

    ОПЕРАТОРЛАР – 20

    Repeat..until алдын ала қайталау саны белгісіз болса және шартты соңында тексеру қажет болса

    ОПЕРАТОРЛАР – 30

    For алдын ала қайталаулардың саны белгілі болса және параметрдің өзгеру қадамы 1-ге тең болса

     Логикалық амалдар– 10

    Конъюнкция деген не? Логикалық көбейту амалының нәтижесінде ЖӘНЕ біріктіру жалғаулығымен күрделі пікір

    Логикалық амалдар- 20

    Дизъюнкция деген не? Логикалық қосу амалының нәтижесінде НЕМЕСЕ біріктіру жалғаулығымен күрделі пікір

    Логикалық амалдар- 30

    Инверсия деген не? Теріске шығару пікірдің мағынасын қарама-қарсы мәнге ауыстырады, табиғи тілде ЕМЕС жалғаулығына сәйкес

     

    Ең қиыны жарыстың “Жорға” келді,
    Мықтылары қалыпты жеңсін енді.
    Тез жауап бер ойланып тұрып қалмай,
    Осы ойыннан көреміз ерен ерді.

    4 кезең жорға

    1.Компьютердің миы. (Процессор).

    2.Компьютердің ішкі жады. (Жедел жад)

    3.Компьтердің экранына ақпарат қандай құрылғының көмегімен шығады? (Монитор)

    4.Принтердің неше түрі бар? (3 түрі)

    5.Қағаздағы кескінді түсіріп дисплей экранына шығаруға арналған құрылғы. (Сканер)

    6.Іске қосу- батырмасын ата. (Пуск)

    7.Әр түрлі графикалық кескіндерді салуға, редакциялауға мүмкіндік беретін бағдарлама. (Paint)

    1. Графикалық режім – түзу сызық (Line)
    2. Графикалық режім — нүкте (PutPixel)
    3. Графикалық режім-жабық контурлардың толтыру стилі (SetFillStyle)

     

     

     

    1. Графикалық режім-боялған төртбұрыш (Bar)
    2. Графикалық режім- боялған элиппс (FillEllipse)
    3. Графикалық режім-сызықтардың түсі (SetColor)
    4. Графикалық драйвердің атауы (gd)
    5. Графикалық режім командасын жабу (CloseGraph)
    6. Компьютер іске қосылған кезде жүктелетін және оның барлық құрылғыларының жұмысын басқаратын арнайы программа. (Операциялық жүйе)
    7. Қайталанатын әрекет (Серия)
    8. Вирустарды жоюға және табуға мүмкіндік беретін программа. (Антивирустық программа)
    9. Компьютерге мәтін енгізу құрылғысы. (Пернетақта)
    10. Интернетке телефон арқылы шығу құрылғысы. (Модем).

     

     

Конкурстар мен олимпиадалар - https://talimger.kz

Республикалық қашықтық олимпиадалар — http://clever.zti.kz

Республикалық конкурстар, курстар, конференциялар мен олимпиадалар — https://ukz.kz

Конкурстар, конференциялар және олимпиадалар — https://tarim.kz

Халықаралық семинарлар, олимпиадалар мен конкурстар — https://mriks.ru

Халықаралық педагогтар ассоциациясы - https://iae.su

Атаулы ертегілер - https://hansunqar.kz