Әдебиеттік оқу. 3 сынып
Сабақтың тақырыбы: . Е.Салықов. Күзгі орманның көріністері
Сабақтың мақсаты:
1.Шығармадағы негізгі ойды анықтау , сауатты оқуға үйрету.
2.Оқушылардың сөздік қорын молайта отырып,ауызекі сөйлеу тілін қалыптастыру, ойлау қабілеттерін жетілдіру.
3.Жан-жануарларға деген сүйіспеншілік сезімдерін қалыптастыру. Оқушыларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа материалды меңгерту.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сыни тұрғысынан ойлау. Ой шақыру, пікірлесу, «INSERT» түртіп алу, еркін жазу, Венн диаграммасы, топтастыру стратегиясы, «ДЖИК-СО» әдісі.
Сабақтың көрнекілігі: Жануарлардың суреті, «Күз» атты буклет, сызбалар.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық ахуал
ІІ. Үй тапсырмасы.
- «Ыстық орындық»әдісі.
- «Берекелі күз» тақырыбына жазған әңгімелерін оқыту.
ІІІ. Қызығушылықты ояту.
Ой шақыру.
- Балалар, кешегі өткен әңгімемізде адамдардың қысқа дайындығы жайлы әңгімеледік.
- Адамдар ғана қысқа дайындалады ма?
- Тиін, қоян, борсық, аю қысқа дайындалады.
- Қалай ойлайсыңдар, балалар, тиін, борсық, аю, т.б.жануарлар қысқа қалай дайындалады?
- «Күзгі орманның көріністері» атты мәтінді оқиық.
ІҮ.Мағынаны тану.
- Е.Салықов туралы мәлімет беру.
- Оқулықпен жұмыс.
а/ Мәтінді мәнерлеп оқу.
ә/ Оқушылардың тізбектей оқуы.
б/ Сөздік жұмыс.
в/ Мәтінді бөліктерге бөлу, әр бөлімге ат қою.
- Орман ағаштарының көрінісі.
- Тиіннің қысқа дайындығы.
- Борсықтың қысқа дайындығы.
г) «ДЖИК-СО» әдісі бойынша мәтінді оқу.
1 – топқа – 1 бөлімі
2 – топқа – 2 бөлімі
3 – топқа – 3 бөлімі
(Осы бөлімдер бойынша мәтіннің мазмұнын айтады).
Ү. Ой толғаныс. Венн диаграммасы.Борсық пен тиіннің қысқа дайындығын салыстыру.
Дәптермен жұмыс.
а) Борсық жайлы әңгіме жазу.
ә) Тиін жайлы әңгіме жазу.
«Топтастыру» стратегиясы сызбасы бойынша .
Қысқа дайындалатын жан –жануарларды топтастыру.
Қыста ұйықтайтын жануарлар
Сергіту сәті.
ҮІ. Сабақты қорыту. «Бес жолды өлең».
Не? Тиін Борсық
Қандай? Әдемі, сұрғылт. Қара ала
Не істейді? Қысқы азықты ағаш Денесіне май жинайды.
қуысына жинайды.
Не үшін? Қыста тамақ іздемеу үшін. Қыста тамақ іздемеу үшін.
Ой түйіндеу. Денесіне май жинап, Қыста азық аз болады.
оны қыс бойы қорек етеді. Сондықтан ініне
Қыста ұйықтап, денесіндегі азығын кептіріп
майды қорек ету үшін. жинайды.
Эссе жазу : Әр бала өз ойларын жазып оқиды.
ҮІІ. Үйге тапсырма.
1-топ: Мәтінді оқып мазмұндау.
2 –топ: Борсық жайлы мағлұмат жинау.
3- топ: Тиін жайлы мағлұмат жинау.
ҮІІІ. Бағалау.