Курс туралы ой

Эссе, Қашықтықтан білім беру
Курс туралы ой

Мақала авторы: Сейтханова Жумабике Каримхановна
Жұмыс орны: Қостанай облысы Жангелдин ауданы Ш. Уәлиханов атындағы Торғай орта мектебі
Лауазымы: Биология пәнінің мұғалімі
Порталға жариялану мерзімі: 27.02.2016


«Ғылымды сүйген және жақсы меңгере білген мұғалім ғана оқушыларына терең де мағыналы білім бере алады»деп  ұлы ғалым Д.И. Менделеев айтып кеткендей, өз шәкірттеріміздің қазіргі заман талаптарына сай болуын қаласақ, біз өзіміз де білімімізді жетілдіріп отыруымыз керек. Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін басты орынға қойылып отыр. Педагогикалық қызметімде теориялық білімді тәжірибемен байланыстыра отырып, жан-жақты мүмкіндіктерімді ашуға, оқытудағы Кембридж университеті тәсілінің теориялық негіздерін енгізген «Үшінші деңгейлі мұғалімдерді даярлау жөніндегі біліктілікті арттыру курстарының» маңызы зор. Осы білім жетілдіру курсына баруға ұсыныс айтылғанда ықыласыммен келістім, себебі бұл жаңаны білу үшін алған білімімді өз қызметімде  қолдану үшін  табылмас  мүмкіндік  екенін білдім.

Бағдарламада қазіргі заманғы оқыту әдістері негізгі жеті модуль түрінде ұсынылды. Алғашқы «бетпе-бет» кезеңінде сыңдарлы оқытудың теориялық негіздері тиімді оқыту тәсілдері, мінсіз оқушы, болашақ мектеп, табысты оқыту мен  құзырлы мұғалімге  қойылатын талаптар жан-жақты зерделенді.  Педагогтар курс барысында жұппен және топпен жасалған жұмыстарда пікір алмасу, сыни тұрғыдан ойлану, қызу талқылаулар орын алды. Курс кезінде ұжымдық ынтымақтастық атмосфераның арқасында облысымыздың барлық аудандарынан келген  әріптестерімізбен жақын танысып, тәжірибе алмасудамыз. Осы алған білімді қолданып зерттеу жасауға мектептегі тәжірибе кезеңінде мүмкіндік болды. Зерттеу барысында осы жаңа форматтағы оқу үдерісі арқылы оқушының өз ойын еркін айтатын, өзіндік дәлелдерін нақты айтатын, өзіне сенімділігі берік, сыни тұрғысынан ойлау қабілеті дамыған, бірнеше тілдерді меңгерген, ақпараттық коммуникациялық технологияларды меңгерген оқушы ретінде нәтижеге қол жеткізетініме қашықтықтан оқыту кезеңіндегі мектепте өткізген өз сабақтарымнан да көріп, оған толық сенім арта алатыныма тағы да көзім жетті десем қателеспеймін. Олай дейтінім, бұл әдістер оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттырып, өз бетімен жұмыс істеуге, қорытынды жасауға, жүйелі білім алуға жетелейді. Курс басталғаннан бастап  өмірлік қағидат  ретінде мына сөзді естен шығармадым: «Мұғалім әрдайым ізденісте болса ғана шәкірт жанына нұр құя алады». Дамуға ұмтылған ,жаңаға талпынған кез келген педагогте бұл ұстаным болу керек деп есептеймін. Себебі, мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға- мұғалім. Ал заманауи мұғалім жаңашыл идеяларды қабылдауға дәстүрлі оқыту әдістерін өзгертуге, кәсіби біліктілігін көтеруге дайын болуы керек. Тренирлеріміз Балқадиша Кәрімқызы мен Жұмабике Кәдімханқызының мол тәжірибесінің арқасында, қазіргі таңдағы мұғалімнің балаға сапалы білім мен саналы тәрбие берудегі білімімізді жетілдіре түскенімізге сенімдімін. Осы курстан әрбір ұстаз жақсы оймен кететіні күмәнсіз! Өйткені қанша жаңа ақпарат алып, сабақ жүргізудің жаңа әдіс-тәсілдерін меңгердік. Алдағы уақытта осы бағытпен жұмысымды жалғастырамын.Осы курстың ұйымдастырушыларына біздерге жасаған қамқорлығы үшін ризашылығымды білдіргім келеді. Жаңарған Қазақстанға- жаңа білім беру үрдісін жетілдіретін, қиындығы мен қызығы мол жаңа жұмыста әріптестеріме табыс тілеймін.

Конкурстар мен олимпиадалар - https://talimger.kz

Республикалық қашықтық олимпиадалар — http://clever.zti.kz

Республикалық конкурстар, курстар, конференциялар мен олимпиадалар — https://ukz.kz

Конкурстар, конференциялар және олимпиадалар — https://tarim.kz

Халықаралық семинарлар, олимпиадалар мен конкурстар — https://mriks.ru

Халықаралық педагогтар ассоциациясы - https://iae.su

Конкурстар мен олимпиадалар - https://kzu.kz