Сабақтың тақырыбы: Құрақ құрау туралы түсінік беру.Құрақ құрау технологиясы.
Сабақтың мақсаты :
а) білімділік: Оқушыларға құрақ құрау өнері туралы түсінік беру,
құрақ түрлерін тігудің ерекшелігімен құрақ бөліктерін дұрыс орналастыру реттілігін және өңдеу технологиясын үйрету.
ә) тәрбиелік: Оқушылардың үнемділікке, икемділікке, ұқыптылыққа, тиянақты болуға тәрбиелеу, шапшаңдыққа, еңбек сүйгіштікке баулу.
б)дамытушылық: Оқушылардың теориялық білімдерін іс-жүзінде шығармашылықпен ұштастыру, өнерге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, нұсқау, сарамандық жұмыс
Пәнаралық байланыс:Тарих, Геометрия, Бейнелеу, Сызу.
Керекті құрал-жабдықтар: интерактивті тақта, қатты қағаз, үлгілер, сызғыш, ине, жіптер, қайшы,бор немесе қарындаш
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі: оқушыларды түгендеу, сынып тазалығына мән беру.
Оқушылар екі топқа бөлініп отырады
1-Топ «Ботакөз»
2-топ «Тырна»
- Үй тапсырмасын тексеру
1.Қолөнер түрлері
2.Сәндік қолданбалы өнер қандай материалдан жасалады?
Сөз жұмбақ шешу
ІІ.Жаңа сабақ
Жаңа сабақ құрақ түрлерін еске түсіріп, топтастыру әдісімен басталады.
Аққу Сегізжапырақ
|
Оюлы құрақ
Шахмат құрақ
Тырнақатар
Гүл құрақ
Құрақ, оның түрлері туралы мағлұмат:
Құрақты қандай мақсатта құраймыз?
-Біріншіден, мата қиындыларын іске асыру, кәдеге жарату.
-Екіншіден,әдемілікке,ұқыптылыққа, тәрбиелілікке мән беру.
Құрақ құрау-халқымыздың үй-тұрмысы бұйымдарында ұрпақтан-ұрпаққа ұласқан ұлттық тәсілдегі өнері.
Құрақ құрау үшін, қалған қиынды маталар қолданған. Құрақ құрау-мата қиындыларын іске асыру, кәдеге жарату және үлкен сәнділікпен матадан әр түрлі пішіндерді қиюластыра отырып келтіру.