Сабақтың тақырыбы: Қосмекенділер-алғаш құрлыққа шыққан омыртқалы
жануарлар.
Сабақтың мақсаты:
Оқытушылық: Оқушыларға қосмекенділердің өзіне тән қандай белгілері бар екенін және қандай топтарға бөлінетінін түсіндіру және деңгейлік тапсырмалар беріп, алған білімдерін бағалау
Тәрбиелік: Шығармашылық ойлау қабілеті жоғары өз бетінше ізденіп,алған білімін өзін қоршаған ортада еркін қолдана алатын жеке тұлғаны тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқылған материалды сараптауда өзіндік ой пікірдің қалыптасуы, өз ойын шығармашылық тұрғыда жеткізу.
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың әдісі: Топпен, жеке жұмыс, баяндау, тест, сұрақ – жауап, суреттермен жұмыс, СТО технологиясының элементтері
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Пәнаралық байланыс: география, әдебиет
Көрнекі құралдар: интерактивті тақта , үлестірмелі қағаздар, суреттер,тірек-сызбалар.
Сабақтың құрылымы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
- Үй тапсырмасын тексеру.
А) «Миға шабуыл»
Б) Сәйкесін тап
- Үй тапсырмасын бекіту.
А) Кесте толтыру
Б) Қызығушылықты ояту
- «Мағынаны тану» бөлімі бойынша жаңа сабақ.
1-деңгей «Биологиялық диктант»
2-деңгей «Сұрақ-жауап»
3-деңгей «Тест жұмысы»
Сергіту сәті
- Жаңа сабақты бекіту.
А) Семантикалық карта
Б) Топтастыру
- Жаңа сабақты қорытындылау.
А) Сөзжұмбақ «Қосмекенділер»
- Бағалау.
- Үйге тапсырма.
- Ұйымдастыру кезеңі.
— Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.
— Оқушылардың сабаққа әзірліктерін тексеру.
- Үй тапсырмасын тексеру.
А) «Миға шабуыл»
- Омыртқалыларға тән белгілерді ата?
- Омыртқалылардың жақ сүйектерінің болу-болмауына байланысты нешеге бөлінеді?
- Омыртқалылардың дене температурасына байланысты неше топқа бөлінеді?
- Балықтар неше класқа бөлінеді?
- Шеміршекті балықтардың терісі неше қабаттан тұрады?
- Акуланың миы неше бөлімнен тұрады?
- Балықтардың асқорыту жүйесін ата?
- Балықтарға байланысты қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?
- Балықтарды зерттейтін ғылымды ата?
Б) Сәйкесін тап
Шеміршекті балықтардың Желбезек
денесін қаптайды
Тік ішектің кеңейген бөлігі Ихтиология
Балықтарды зерттейтін сала Плакоидты
қабыршақ
Балықтардың тынысалу Клоака
мүшесі
- Үй тапсырмасын бекіту.
А) Кесте толтыру
Шеміршекті балықтар | Сүйекті балықтар | ||||||||
- Қаңқасы шеміршектен тұрады.
- Торсылдақтары болады.
- Қаңқасы сүйектен тұрады.
- Тік ішектері клоакамен жалғасады.
- Тік ішек аналь тесігімен аяқталады.
- Бахтах, кета, қылқа, латимерия.
- Уылдырығының саны көп
- Акула, жұпбалық, тұтасбас
- Уылдырығының саны аз
- Торсылдағы болмайды.
Б) Қызығушылықты ояту. Балықтарға және қосмекенділерге қатысты жұмбақ жасыру.
- «Мағынаны тану» бөлімі бойынша жаңа сабақ.
Қосмекенділерге тән белгілер:
- Құрлыққа шығуына байланысты аяқтарының сүйектері бір-бірімен буын арқылы қозғалмалы байланысқан. Бес саусақты төрт аяқтардан тұрады.
- Қосмекенділер дернәсілдері желбезек арқылы, ал ересектері өкпе мен тері арқылы тыныс алады.
- Алдыңғы ми сыңарына айқын бөлінген. Баяу қозғалуына байланысты мишығы нашар, ал ортаңғы миы жақсы дамыған. Көзінің айналасында қозғалмалы, жұқа терілі қабаттары болады.
- Жүрегі дернәсілдерінде екі бөлікті, ересектерінде үш бөлікті (2 жүрекше, 1 қарынша) болады. Дернәсілдерінің қанайналым жүйесі- бір шеңберлі, ал ересектерінікі- екі шеңберлі.
- Жеке-жеке бұлшық еттер жақсы дамыған.
- Суда,құрлықта тіршілік етеді
- Суда көбейеді
- Дене тұрқы 3-180см
- Терісі жұқа, тегіс, безді
- Дара жынысты
Қосмекенділердің денесі: бас- тұлға-бес саусақта төртаяқ
Қосмекенділердің омыртқа жотасы: мойын- тұлға-сегізкөз-құйрық
Асқорыту жүйесінің құрылысы:Ауыз қуысы -өңеш-қарын-аш ішек -тоқ ішек-тік ішек.
Зәршығару жүйесінің құрылысы: Екі бүйрегі-екі несепағар түтігі-қуық-клоака
Қосмекенділердің отрядтары:
- Аяқсыз қосмекенділер /200-дей/
- Құйрықты қосмекенділер /500-дей/
- Құйрықсыз қосмекенділер /4000-дай/
Қосмекенділердің негізгі отрядтарына салыстырмалы сипаттама
Белгілері | Отрядтар | |
Құйрықтылар | Құйрықсыздар | |
Өкілдері | Кәдімгі тритон, Жетісу бақатісі, саламандралар | Көлбақа, тоған бақасы, кәдімгі құрбақа, жасыл құрбақа |
Түр саны | 500-дей | 4000-ға жуық |
Құрылысының ерекшелегі | Дене пішіні ұзынша, құйрығы ұзын, аяқтары қысқа, жарғақ қусы және дабыл жарғағы жоқ. | Денесі қысқа, басы қозғалыссыз (мойны айқын бөлінбейді).Ересектерінде құйрық жоқ. Артқы аяқтары алдыңғы аяқтарынан ұзын, әрі жақсы дамыған, терілі жарғақтары болады. |
Қозғалысы | Денесі мен құйрығының толқынды иілуінен | Секіру арқылы |
Ұрықтануы мен дамуы | Сырттай, метаморфозды |
Құйрықсыз ересек қосмекенділер мен оның дернәсіліне салыстырмалы сипаттама
Белгілері | Дәрнәсілі (итшабақ) | Ересек қосмекенділер |
Дене пішіні | Балық тәріздес, құйрығы жоқ. Саусақтарының арасында терілі жарғақтары бар. | Денесі қысқа, құйрығы жоқ. Екі жұп аяқтары жақсы жетілген. |
Қанайналым жүйесі | Бір қанайналым шеңбері бар. Жүрегі екі бөліктен тұрады. | Екі қанайналым шеңбері, жүрегі үш қуысты. |
Тыныс алу | Желбезек | Өкпе және тері |
Қозғалу тәсілі | Құйрық көмегімен жүзу | Секіру, артқы аяқтарымен жүзу |
Қорек | Балдырлар, қарапайымдар және басқа да ұсақ организмдер | Жәндіктер, былқылдақденелілер, құрттар, балық шабақтары |
Тіршілік ортасы | су | Құрылық, жартылай су ортасы |
1-деңгей «Биологиялық диктант»
- Бақаның тоқ ішегінің соңғы бөлігі ………… ішек деп аталады.
- Қосмекенділердің ……………… сезуі жақсы дамыған.
- ……………………….. қосмекенділер іштей ұрықтанады.
- Қажетсіз заттар ………………….. сыртқа шығарылады.
2-деңгей «Сұрақ-жауап»
1.Қосмекенділердің қаңқасы қандай бөлімдерге бөлінген?
- Қосмекенділердің тынысалу жүйесінің ерекшелігі неде?
- Қосмекенділердің дернәсілдері қалай дамып жетіледі.
3-деңгей Тест жұмысы
1.Итшабақ дегеніміз:
А/ Бақаның дернәсілі В/Жас балық С/ Уылдырық
- Бақаның бас миының қай бөлімі жақсы дамыған:
А/ Алдыңғы ми В/ ортаңғы ми С/ Мишық
- Құйрықсыз қосмекенділерге қайсысы жатады:
А/ тритон В/ көл бақа С/ саламандра
- Ересек қосмекенділер қандай мүшелер арқылы тыныс алады:
А/ өкпе және тері В/ Тек тері С/ тек желбезек
- Қосмекенділердің баяу қозғалуы қай миға байланысты
А) ортаңғы ми В) алдыңғы ми С) мишық
- Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелген құрбақа
А) жасыл құрбақа В)кәдімгі құрбақа С) даната құрбақасы
- Қосмекенділер неше отрядқа бөлінеді
А) 3 В) 4 С) 5
- Бақаның қан айналымы неше шеңберлі болады:
А/ бір В/ екі С/ үш
- Қосмекенділердің жүрегі неше қуысты:
А/ 3 В/ 2 С/ 4
- Құйрықтылар отрядына жатады:
А/ тритон В/ даната бақасы С/ сақиналы құртжылан
Сергіту сәті
1) 1.Қосмекенділер суда да, құрлықта да кездеседі?
- Омыртқа жотасы 3 бөлімнен тұрады?
2) 1.Қосмекенділердің жүрегі 3 қуысты?
- Қосмекенділердің мишығы жақсы дамыған?
3) 1.Қосмекенділер ауылшаруашылығына зиян келтіреді?
- Дернәсілдері итшабақ деп аталады?
4) 1.Қосмекенділер інде тіршілік етеді?
- Саусағында тырнақтары бар ?
5) 1.Даната құрбақасы Қызыл кітапқа тіркелген?
2.Қазақстанда қосмекенділердің 4 мың түрі бар ?
- Жаңа сабақты бекіту.
А) Семантикалық карта
Қосмекенділер | Аяқсыз
қосмекенділер |
Құйрықты қосмекенділер | Құйрықсыз
қосмекенділер |
Тритондар
|
|||
Сақиналы құртжылан
|
|||
Қүрбақа
|
|||
Шөп бақа
|
|||
Саламандра
|
|||
Жетісулық бақатіс
|
|||
Даната құрбақасы |
Б)«Топтастыру»
- Жаңа сабақты қорытындылау.
А) Сөзжұмбақ «Қосмекенділер»
«Сөзжұмбақ»
- Құйрықсыз қосмекендінің түрі
- Қосмекенділерде жақсы дамыған ми
- Қосмекенділер қандай қанды
- Құйрықтылар отрядына жататын қосмекенділер түрі
- Балық патшасы
- Басаяқты ұлудың бір түрі
- Қосмекенділер дернәсілдері суда немен тыныс алады
- Омыртқасы жоқ желілі жануар
- Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелген қосмекенді
- Аяқсыз қосмекенділер қалай ұрықтанады
- Бағалау.
- Үйге тапсырма.
- 56. Қосмекенділер- алғаш құрлыққа шыққан омыртқалы жануарлар.
- “Білемін, білдім, білгім келеді” стратегиясының 3 бағанын толтырып келу.
Білем | Білдім | Білгім келеді |
- Іздену жұмысы:
А) Эссе. “Қосмекенділердің пайдасы мен маңызы”.