Сабақтың тақырыбы: Көшпелі және отырықшы мәдениеттердің өзара байланысы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қазақстан тарихы жайлы оқушылардың білімдерін жақсарту, отан тариханан мол мәліметтерді саралап білуіне үйрету. Көшпелілер мен отырықшы мәдениеттің арасындағы сабақтастық пен байналыстың бар екендігін түсіндіру.
Дамытушылық: Отырықшы мен көшпелілер арасындағы байланысты туралығ, Ұлы Жібек жолының мәдени байланыс жолы туралы білімдерін дамыту.
Тәрбиелік: «Мәңгілік Ел» жасаудағы ерте Қазақстан тарихының алатын орнын айта отырып, оқушылардың отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты игеру.
Қолданылатын технология: БжС технологиясы
Сабақтың әдісі: Баяндау,тірек-сызбалар,сұрақ-жауап,ой қозғау,сөзжұмбақ, АКТ.
Сабақтың көрнекілігі: Карта,тірек-сызбалар,суреттер
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі (оқушылармен амандасу, түгендеу)
І. Кезең.
Үй тапсырмасын тексеру
Тест тапсырмасы арқылы: EasyQuizzy бағдарламасы арқылы 10 тест тапсырмасы.
Жаңа сабақ түсіндіру.
ІІ. Кезең. Жаңа сабақтың тірек сөздері:
- Көшпелілер
- Отырықшы
3-4. Қала мәдениеті
- Төрткүлдер
- Араб
- Зороастризм
- Будда —
- Манихей – Орта ғасырларда Месопотамия жерінен шыққан дін.
- Синкретизм – күрделі араластық деген мағына білдіретін сөз.
Жаңа тақырыпты оқуға оқушыларға белгілі бір уақыт беріледі (7 минут)
ІІІ кезең. Бетпе-бет сұрақтар.
- Отырықшы елдерге жылқы малы, оны мініске, жегуге үйрету қандай тайпалар келді? (көшпелі малшы)
- Көшпелілерде б.з.д 1 мыңжылдықта пайда болған өнердегі «аң стилі» қай аймақтағы отырықшы елдерге де кең таралды? (Қытайдан Дунайға)
- «Оңтүстік Қазақстан жеріндегі түркілер тек көшпелі ел, ал соғдылықтар отырықшы ел» деп пікір айтқан тарихшы? (А.Н.Бернштам)
- Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуда жергілікті көшпелі түркі және ортаазиялық отырықшы соғдылық мәдениеттердің араласуымен қала мәдениеті нешінші ғасырда қалыптасты? (VII-XIIІ ғасырларда)
- Қарахандар дәуірінде көшплілердің кей бөлігі отырықшылыққа өтті. Осы кезеңде көп пайда болған қоныстар мен қалалардың ерекше түрі қалай аталады? (Төрткүлдер)
- Қазақстан аумағында исламды таратушылар кімдер? (саманидтер)
- Араб мәдениетімен бірге тағы арабтың қандай өнерлері келді? (араб жазуы, араб сәулет өнері, қыштан жасалған бұйымдар, эпиграфика)
- Қазақстанда мұсылман дінін таратушы топтар пайда болды. Оларды кімдер? (хатибтар, мутавварлар, молдалар, имамдар)
- Жібек жолы Қазақстанның қай жерлері арқылы өтті? (Оңтүстігі мен Жетісу)
- Будда храмдары Қазақстанның қай қалаларынан табылды? (Ақмешіт, Красноречинск, Испиджаб (Сайрам)
ІV кезең. Сыни тұрғыдан сұрақтар:
- Қалалардың қирауына сыртқы, көшпелі иеліктердің өзара қақтығыстары да себеп болды. (Жоқ, ішкі, көшпелі)
- Аралдың батыс маңы, Сырдарияның жоғарғы ағысы, Шу, Балхаш өңірі, Жетісу көшпелілер мен отырышқылардың ежелден және ұзақ уақыт тоғысқан аймағы болды. (шығыс, төменгі, Талас)
- Шығыс Азияның соғды-қарлұқ халықтары бұл саудаға қатысып, болат, мыс әшекей заттар, түрлі түсті шыны, дәрі-дәрмек, түрлі боялар, кілем әкеліп отырды. (Орталық, түрік, күміс, алтын, әйнек)
- Жібек жолы арқылы тасымалданатын заттардың біразын түркі шонжарлары Испиджаб, Отырар, Тараз, Суябта ұйымдастырылатын жәрмеңкелерде сатып алып тұрды.
- VII ғасырды Шығыс Түрік қағандары батыстан келген будда дініне қолдау жасады. Будда дінінің Түркістандағы орталығы Жамбыл ауылы болды. (VIIІ, Батыс, шығыс, манихей, манихей, Қазақстандағы, Тараз, қаласы)
- Б.з. V ғасырында Қазақстан жерінде VII- VIIІ ғасырларда кең тараған несториандық сарындағы христиан діні ене бастады. Несториандар қасиетті Мария құдайды емес, адам бейнесіндегі Христосты туды деп мәлімдеді.
- Жаңа ғасырларда бұл өңір халқы жаңа шамандық-тәңірлік дінмен қатар әр жерде иудаизм, католик, правслав діндерді ұстанды. (Орта, көне, буддизм, манихейлік, христиандық)
V кезең. Сабақты қорытындылау:
5 минут «Отырықшылар мен көшпелілердің рухани жақындасуы» атты эссе жазылады. Эссе кем дегенде 63 сөзден тұру керек. Ең көп және ең аз сөз жазған оқушы оқиды.
Бағалау. 4-5 ұпай – «5»
3 ұпай – «4»
2 ұпай – «3»
Үй тапсырмасы: §21. Тақырып соңындағы 4, 6 сұрақтарға жазбаша жауап беру.