Қонжыққа қонаққа барамыз

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту
Қонжыққа қонаққа барамыз

Мақала авторы: Курегенова Гульнар Рахишовна
Жұмыс орны: "Балауса" балабақшасы, Қорғалжын ауылы
Лауазымы: педагог - психолог
Порталға жариялану мерзімі: 19.11.2016


Кіріктірілген сабақ

«Қонжыққа қонаққа барамыз»

Курегенова Г.А.,

«Балауса» балабақшасының педагог – психологы

Қорғалжын ауылы, Ақмола облысы

 

Білім беру салалары: «Шығармашылық», «Қатынас»

Салааралық сабақ түрі: «Тактильді – қозғалысты қабылдауды дамыту»

Өткізу формасы: ойын

Мақсаты: дамытушылық бағыттағы ойындар арқылы балаларға қуаныш пен жақсы көңіл сыйлау; балалардың қызығушылығын зияткерлік іс — әрекетке арттыру.

Міндеттері: сурет салу қабілеттерін дәстүрлі емес тәсілдермен және ОТТШ технологиясымен дамытуды жалғастыру; ұсақ қол моторикасының дағдыларын дамыту; тактильді – қимылды қабылдауды жетілдіру.

Құрал-жабдықтар: картоннан жасалған түрлі-түсті іздері, аю ойыншықтар,  көк және қызыл түсті дөңгелек – эмблемалар, мақта, су және құм толтырылған легендер,  шырша бүршігі, ұсақ пластмасса ойыншықтар, шелек, дымқыл майлықтар, магнитофон, жазық ағаштар.

Әдістемелік тәсілдер: ойын, таңқалдыратын сәттер, балаларға арналған сұрақтар, нәтижелі балалардың іс — қызметі.

Сабақ барысы:

«Бұрқап тұрған боранның» дыбысы шығады. Балалар топқа кіреді.

Педагог — психолог(балалардың назарын еденде жатқан іздерге аударады): Балалар,  бұл кімнің іздері? Бұл іздер қай жаққа бағытталған? Қанеки іздердің артынан барайық! Қарандар, біз ертегі орманына келдік. Қанеки таза ауадан дем алайық (балалар таза демалады  — ароматерапия). Қарандаршы, жан жақ қандай әдемі! Барлық ағаштар күміс сынды қарбен жамылған. Не деген үлкен омбы қар! Балалар, омбы қардың жанына жақындап, онда кім жатқанын көрейік. Бұл аю ғой. Сәлем, аю!  Балалар, аю менің құлағыма бірдене айтпақшы. (педагог — психолог аюға құлағын тосады).  Аюдың айтуы бойынша оның бізге дайындап қойған тапсырмасы бар екен.

Бірінші тапсырма: үстелдің үстінде үш қонжық бар, олардың жанында жеке жеке шелек қойылған, тапсырма бойынша құмның ішінен шырша бүршіктерін тауып, әр шелекке салу керек.

Екінші тапсырма: сумен толтырылған легенде балықтар жүзіп жүр, оларды ұстап алып, шелекке салу керек.

Үшінші тапсырма «Ізін тап»: балалар іздерді қарап, оның тоқтап қалған, аяқталмаған жерін әрі қарай іздердің суретін салып жалғастырады және тығылып қалған жануарды тауып алуы керек. Осы тапсырманы жасамас бұрын балалар карандашпен саусақтарына массаж жасайды. Массаждан соң барлығы үстелдің жанына педагог — психолог пен балалар келіп, ақ қағазға ОТТШ технологиясы арқылы картоп және паралонмен қалған іздерді салады.

Тапсырма аяқталған соң демалу гимнастикасын жасайды. Бұл тапсырма бойынша балалар мақтанын кішкентай бөлігін үзіп, алақандарына қойып  үрлейді: мұрынмен демалады, ауаызбен дем шығарады.  

Демалу гимнастикасынан кейін «Үш аю» логоритымдық жаттығуы жасалады.

Үш қонжық үйге бара жатты. (балалар педагог – психологтың артынан қайталап жүреді).

Аю әке үлкен болды! (балалар тоқтап, қолдарын жоғарыға созады)

Аю анасы кіші болды (балалар жартылай отырады),

Ал олардың қонжықы өте кішкентай болды (балалар толығымен отырады).

Қонжық кішкентай болып шылдырмақпенен жүрді (балалар шеңберде кішкентай қонжық сияқты жүріп, шылдырмақпен шылдырлайды).

Осы тапсырмалардан соң таңғажайып сәттің кезі келеді.  

Педагог – психолог: Ал балалар, біздің қонжық өте қуанышты себебі сендер барлық тапсырмаларды бұлжытпай орындадындар. Сол себепті ол сендерге сыйлықтар беріп, ризашылығын білдіреді.  Енді қонжықпен қоштасып, сау бол айтайық.

Педагог — психолог мен балалар қонжықпен қоштасады.

 

 

 

   

Конкурстар мен олимпиадалар - https://talimger.kz

Республикалық қашықтық олимпиадалар — http://clever.zti.kz

Республикалық конкурстар, курстар, конференциялар мен олимпиадалар — https://ukz.kz

Конкурстар, конференциялар және олимпиадалар — https://tarim.kz

Халықаралық семинарлар, олимпиадалар мен конкурстар — https://mriks.ru

Халықаралық педагогтар ассоциациясы - https://iae.su

Конкурстар мен олимпиадалар - https://kzu.kz