Кіріктіріп оқыту технологиясының тиімділігі

Әдістемелік қоржын
Кіріктіріп оқыту технологиясының тиімділігі

Мақала авторы: Еңсепова Күнжамила Орынбасарқызы
Жұмыс орны: "№4 орта мектебі"мм
Лауазымы: Бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары
Порталға жариялану мерзімі: 22.03.2017


Аудандық семинар «Кіріктіріп оқыту технологиясының тиімділігі»
Ақтөбе облысы Шалқар қаласы «№ 4 орта мектебі» ММ Бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары К.О.Еңсепова
Аудандық әдістемелік құрылымдық бөлімшенің 2016 жылғы 5 сәуірдегі №2-163 бұйрығы негізінде «№ 4 орта мектебі» ММ-де «Жаратылыстану бағытындағы кіріктіріп оқыту тиімділігі» тақырыбындағы эксперименттік алаңның жұмысы бойынша «Кіріктіріп оқыту технологиясының тиімділігі»тақырыбында аудандық семинар жоспарланған болатын. Эксперимен тақырыбының өзектілігі- пәнаралық кіріктіру арқылы материал мазмұнының тереңдігін және оны саналы меңгеруді қамтамасыз ете отырып, оқушылардың өзіндік жұмыстарының орындалу деңгейін көтеруге қол жеткізу. Осы мақсатты жүзеге асыруда мектепте эксперимент алдындағы зерттеу шаралары,ұйымдастыру,жоспарлау,болжау жасау жұмыстары жүргізілді.Экспериментке негізінен,жоғары білімді,І санатты шығармашылықпен жұмыс жасайтын 5 мұғалім,психолог,әлеуметтік педагог қатыстырылды.
Эксперимент 2014-2017 жылдар аралығында жоспарланды.Жоспарға сай іс- шаралар жүзеге асырылуда. Семинар жоспары аудандық әдістемелік құрылымдық бөлімшеге бекітіліп,барлық мұғалімдерге таратылды.Семинардың ашылуында мектеп директоры А.Қ.Ізтлеуова эксперимент жұмысына тоқталды.Эксперимент бойынша география пәнінің мұғалімі К.Б.Бұрқан «Солтүстік Қазақстан ауданының шаруашылық географиясы» тақырыбында ашық сабақ, химия пәнінің мұғалімі С.З.Әлиманова «Азот,фосфор және олардың қосылыстары» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Биология пәнінің мұғалімі Д.И.Сулейменова «Өсімдіктер әлемінің таңғажайып сырлары» , бастауыш сынып мұғалімі Ғ.А.Сарина «Ажалдан құтқарған асыл сөз»тақырыбында шебер класс өткізсе, деңгейлік бағдарламаны бітірген мұғалімдер Л.Ә.Жиенбаева,Г.Т.Қоңырбаева,А.А.Садуақасова « Оқу мен оқытудың жаңа әдіс- тәсілдері арқылы ғылыми ұғымды қалыптастыру», А .Е.Есенқазақова, С.Н.Бижанов «Диалогтік оқыту»тақырыбында коучинг өткізді. «Жаратылыстану- математика бағытындағы пәндер бойынша оқушылардың жобалау- зерттеу қызметін ұйымдастыру ғылыми- әдістемелік негіздері» тақырыбында математика пәнінің мұғалімі А.Ә.Қалыбаева жобаны қалай қорғау керек екендігін түсіндіріп,оқушысы арқылы эксперимент жүзінде дәлелдеп көрсетті.Семинар соңында әлеуметтік педагог А.Е.Оразалина «Оқушылар мен жас өспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуда мектеп пен отбасы- серіктестер» тақырыбында келген мұғалімдермен дөңгелек үстел ұйымдастырды. Мектеп психологы А.О.Шанованың ұйымдастырумен өткізген ««Шуақты күн»тақырыбындағы психологиялық тренингі семинардың әсерлі өтіне ықпал жасады. Семинарға катысушылар № 3 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г.Жайылғанова: «Кіріктіріп оқыту технологиясының тиімділігі»тақырыбында өткен аудандық семинар өте жоғары деңгейде өтті өз пікірін білдірді. Мұғалімдер үлкен дайындықпен келгенін көрсетті.Эксперименттік алаң жұмысы әлі де өз жалғасын тауып,мектептегі білім беру үдерісіне толықтай енгізілсе,білім сапасын көтеруге өзіндік үлесін қосатыны сөзсіз екендігін айтты.
«№2 мектеп-гимназиясының биология пәнінің мұғалімі С.Төрежанова: Бүгінгі өткен семинардан аларымыз көп болды.Мектептерде жаратылыстану пәндерінің пәнаралық байланыстарын жүзеге асыруды ұтымды пайдалананып, оқу-тәрбие процесін осылайша ұйымдастырудың әдістемесі әзірленсе, онда оқушылардың жаратылыстану пәндерінің тиісті бөлімдерін игеруі жақсарады, олардың кіріктірілген пәндерге деген танымдық қызығушылығы артады,қатынастық және проблемаларды шешу білік-дағдылары шыңдалады, теориялық материалды іс-тәжірибеде қолдану шеберлігі артады деп өз пікірін білдірді.. Аудандық әдістемелік құрылымдық бөлімшенің әдіскері Г.Б.Аманова: Шынымен де семинар өте жақсы ұйымдастырылып,өтілген шаралардың барлығы да сәтті өтті. Менің ұсынысым бар:Жаратылыстану пәндерін кіріктіре оқытуға арнап электрондық оқулық пен әдістемелік құрал шығарылса. Дайындалған құралдар мектептерде дәріс беру үрдісіне енгізілсе екен деймін деп өз ойын ашық білдірді.Семинар өте жоғары деңгейде өтті.

Конкурстар мен олимпиадалар - https://talimger.kz

Республикалық қашықтық олимпиадалар — http://clever.zti.kz

Республикалық конкурстар, курстар, конференциялар мен олимпиадалар — https://ukz.kz

Конкурстар, конференциялар және олимпиадалар — https://tarim.kz

Халықаралық семинарлар, олимпиадалар мен конкурстар — https://mriks.ru

Халықаралық педагогтар ассоциациясы - https://iae.su

Конкурстар мен олимпиадалар - https://kzu.kz