Қазіргі және Байырғы өлшем бірліктер

Бастауыш сынып
Қазіргі және Байырғы өлшем бірліктер

Мақала авторы: Жапахова Роза Қосақбаева
Жұмыс орны: ОҚО, Сарыағаш ауданы, Т. Бердияров жалпы орта мектебі
Лауазымы: бастауыш пәні мұғалімі
Порталға жариялану мерзімі: 19.10.2016


Математика            

Сыныбы:   4

Сабақтың тақырыбы:  Қазіргі және Байырғы өлшем бірліктер

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:     Оқушылардың өткен сабақтардан алған білімдерін пысықтап, қайталауға арналған есептер шығару. Оқушылардың білім деңгейін тексеру, алған білімдерін тиянақтау.

Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау, есептеу қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Ұжымдастыққа. бірізділікке. сыйластыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес

Сабақтың әдісі: сұрақ- жауап, көрнекілік, талдау, жинақтау, салыстыру.

Сабақтың көрнекілігі:  слайдтар,оқулық, қима қағаздар

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

  1. Оқушылардың оқу құралдарын түгелдеу.
  2. Психологиялық дайындық.
  3. Оқушылардың қызығушылығын ояту.

2.Сабақты хабарлау.

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

3.Үй тапсырмасын тексеру.

4.Өтілетін материалды пысықтау. Тез жауап беріңдер.

  • Қандай шамаларды білесіңдер?
  • Ең кішісінен бастап ұзындықтың өлшем бірліктерін атаңдар.
  • Ең үлкенінен бастап, массаның өлшем бірліктерін атаңдар.
  • Ғасырдан бастап, уақыттың өлшем бірліктерін атаңдар.
  • Көлемнің өлшем бірліктерін атаңыздар
  • Шаманы өлшеудің жүйесі қалай шығады?
  • Қазақтың байырғы өлшем біріктерін білесіңдер ме?

5.Математикалық  диктант.

  • 1 қатар-масса бірліктерін;
  • 2- қатар- уақыт бірліктерін,
  • 3 қатар- ұзындық бірліктерінің кестесін құрап тақтаға ілу.
  1. Қазақтың байырғы өлшем бірліктерімен танысайық:

Құлаш— иық деңгейінде көтерілген қолдың екі саусағының арасына тең өлшем.
1 құлаш = 8 қарыс = 2,5 шариат кезі = 167,5 см.

Елі –сұқ саусақтың екінші буынының еніне тең өлшем:1 елі ≈ 2 см
Қарыс – бас бармақ пен шынашақтың керіп ұстаған арасы. 1 қарыс ≈ 20 см
Шынтақ — ежелден бері қолданылып келе жатқан ≈ екі қарысқа тең өлшеуіш.
Аршын – метрге тең өлшем, кез. Аршын – заттың көлемін аршынмен өлшеу, мөлшерлеу.

Сүйем – бас бармақ пен сұқ саусақты керген кездегі ұзындық. 1 сүйем ≈15 см

 

1 қадақ  ≈ 9,47 кг,
1 жамбы ≈ 6 кг,
1 кез ≈ 62 см,
1 пітір ≈ 3 кг,
1 ширек ≈ 250 г,
1 әшімөңке ≈ 50 г,
1 таймөңке ≈ 25 г.
1 қайнатым ≈ 6,5 г,
1 шөкім ≈ 12,5 г,
1 қазық бойы ≈ 3 метрдей,
1 көген ≈ 25,5 м,
1 бұршақ ≈ 3 – 4 сүйем,
Адым ( қадам ) ≈1 метр
Таяқ тастам ≈1015 метр

Шақырым ≈ 1 километр

Мысқал 1 грамм
Қадақ 400 грамм
Келі 1 килограмм
Пұт 16 килограмм
Батпан 100 килограмм
Сүт пісірім 5 – 10 минут
Бие сауым 1,5 сағат
Ет пісірім 2,5 – 3 сағат
1 мүшел 13 жас
2 мүшел 25 жас
3 мүшел 37 жас
4 мүшел 49 жас

 

  1. Есеп шығару
  • 9 тәулік 8 сағ 58 мин + 18 тәулік 19 сағ 49 мин
  • 52 жыл 9 ай 25 күн + 15 жыл 4 ай 9 күн
  • 3 Ет пісірім 5 сүт пісірім + 8 бие сауым= ? сағ мин
  • 4 жамбы 17 таймөңке + пұт= ? кг және г
  • 9 батпан 5 пұт + 8 келі 15 қадақ= ? килограмм
  • 63 сағ 16 мин – 48 сағ 37 мин
  • 72 сағ 23 мин – 34 сағ 49 мин
  • 9 шынтақ 5 елі – 5 шынтақ 4 сүйем

Қазақтың байырғы есептері:

  1. «Балық» есебі. Балықтың ұзындығы 30 қарыс. Басының тұрқы кұйрығының ұзындығына тең. Егер басы екі есе ұзарса, онда басы мен құйрығының ұзындығының қосындысы қара кесек етінің ұзындығына тең болар еді. Балық басының құйрығының және қара етінің ұзындығын табу керек.
  2. « Қыңырдың жасы » есебі. Есепке құмар бір кісі қыңырдан жасың нешеде?- деп сұрапты. Сонда ол: Менің 3 жылдан кейінгі жасымды үш еселесеңіз, содан соң 3 жыл бұрынғы жасымды үш еселеңіз. Алғашқы көбейтіндіден соңғы нәтижені шегеріңіз. Сонда менің жасымды табасыз. Ол кісі нешеде? Жетесінде жоқ, Жете сыйламайды.
  3. «Шекпен киген қара мен қарқаралы хан» есебі. Мейірімді алдияр! Өз бағыңыздан бір алма алуға рұқсат етіңіз, — деді. Хан алуға рүқсат етті. Қара баққа келсе, бақ үш рет қоршауға алынған екен. Әрбір қоршау қақпасында жасауыл тұр.Қара бірінші жасауылға келіп: Хан маған бір алма алуға мейірімділік жасады, — деді. — Ал, бірақ шығарда алған алмаңның тең жартысын және бір алма бересің, — деді жасауыл. Қақпадағы екінші және үшінші жасауыл да оған осылай деді. Жасауылдарға сұраған алмаларын беру үшін, Қара бақтан наша алма алуы керек? Өзінің шарқын білген, Өзгенің нарқын біледі.

8.Қорытынды.

Сабақты қорыта келе сабақтың мақсаты не болды? Осы мақсатқа жету үшін қандай тапсырмалар орындадық? Сабақ ұнады ма? Қандай тапсырмалар қиыншылық тудырды?

9.Үйге тапсырма .№39,40.   10.Бағалау.

Конкурстар мен олимпиадалар - https://talimger.kz

Республикалық қашықтық олимпиадалар — http://clever.zti.kz

Республикалық конкурстар, курстар, конференциялар мен олимпиадалар — https://ukz.kz

Конкурстар, конференциялар және олимпиадалар — https://tarim.kz

Халықаралық семинарлар, олимпиадалар мен конкурстар — https://mriks.ru

Халықаралық педагогтар ассоциациясы - https://iae.su

Конкурстар мен олимпиадалар - https://kzu.kz