Қазақстан кеше, бүгін, ертең

Эссе
Қазақстан кеше, бүгін, ертең

Мақала авторы: Казиева Салидат Сейткаликызы
Жұмыс орны: Костанай облысы Амангелді ауданы Амантоғай жалпы білім беретін орта мектебі
Лауазымы: Мектепке дейінгі ұйымның шағын орталық "Ботақан" тобының тәрбиешісі
Порталға жариялану мерзімі: 16.02.2017


        Қазақстанның кешегі күнін елестету өте қиын. Кешегі күні 1941-1945   жылдардағы алапат соғыс, 1986 жылғы » Желтоқсан оқиғасы» қазақ үшін ауыр болды. 1986 жылғы жастар ерлігі дүниені дүр сілкіндірді. Желтоқсан оқиғасын  білмейтін жан жоқ десе болады. Бұл 16-желтоқсан әрі жарқын, әрі ауыр, әрі қаралы күн еді. Желтоқсан жаңғырығы көзден де, көңілден де кетпейді. Ұзақ уақыт бойы армандаған тәуелсіздікке, желтоқсан көтерілісіне қатысқан ағаларымыз бен апаларымыз арқасында қол жеткіздік. Желтоқсан оқиғасында намыс үшін, халқы үшін, жанын қиып, қанын төккен боздақтарды мәңгі ұмытпауымыз керек. Иә, 1986 жылдағы «Желтоқсан оқиғасы» тарихта мәңгі қалмақ. 1991жыл — Тәуелсіздік алған жыл. Тәуелсіздіктің алып келген жетістігі еркіндік! Еліміздің еркін өміріндегі табыстарының бәрі Тәуелсіздіктің нәтижесі. Бүгінгі күні үлкен бақытқа кенеліп отырмыз. Бүгінгі таңда Тәуелсіздік біздің ең басты тілегіміз, баға жетпес құндылығымыз. Бүгінгі күні көрсең көз тоймас ел — Қазақстан. Қазақстан жарқын болашақ өміріміз, егемендігіміз, тарихымыз, халықтардың достығы, басқа елдермен қарым- қатынасы, еліміз, Отанымыз. Айта берсек, Тәуелсіздіктің берген сыйы мол. Байтақ еліміз — Қазақстан бүгінде дамудың даңғыл жолына түсті. Тәуелсіздік біздің жарқын болашағымызға жол ашып берді. Осы жарқын болашақта біліміміз бен біліктілігімізді, жанымыз бен қанымызды, күш жігерімізді аямай  жұмсауымыз керек. Ынтымақтастықпен достықты нығайту басты парызымыз. Тәуелсіздіктің арқасында көзіміз ашық, көкірегіміз ояу, еңсеміз биік.  Біз осы елдің азаматы ретінде Елбасының жыл сайынғы жолдауын тыңдап, соған байланысты өз саламыз бойынша жұмыстар атқарамыз. Еліміздің болашағы жарқын болуы үшін келешек ұрпағымыз білімді, жан- жақты, функционалды сауатты болуы шарт. Елбасының 2014 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. ХХІ ғасырдағы дамыған ел дегеніміз – белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар. Бұл үшін біз не істеуіміз керек? Біріншіден, барлық дамыған елдердің сапалы бірегей білім беру жүйесі бар. Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр. 2020 жылға қарай Қазақстандағы 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен 100 пайыз қамту жоспарлануда. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының  Президенті, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Нұрлы жол» Жолдауы – бұл тек экономикалық саясат қана емес, әлеуметтік салаға жасалған қолдау. Президент Қазақстан халқына Жолдауында: «Білім, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығын дамыту бағдарламаларының жұмысы жалғасын табады» деп атап өткен болатын. Елбасымыз жылдар бойы өзінің әрбір Жолдауы мен халық алдында жасаған баяндамаларында балабақшалардың дамуын басты назарда ұстап келеді. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2004 жылғы 19 наурыздағы «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін!» Жолдауында «балабақшалар жүйесін қалпына келтіру және толыққанды мектепке дейінгі білімді қалыптастыруға кірісуді» тапсырды. 2004 жылғы мамыр айындағы шетелдік инвесторлар мен ірі құрылыс компаниялары жетекшілерінің Астанада өткен кездесуінде Президент инвесторларға: «Муниципалды балабақшаларды көбірек салу керек және бұл жұмысқа бизнесмендерді тарту керек» деген үндеу тастады. 2004 жылғы қазан айында өткен Білім және ғылым қызметкерлерінің III съезінде Елбасы «Мектепке дейінгі білімді, әсіресе аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар үшін барынша қолжетімді етуіміз керек» деп атап өтті. 2010 жылғы қаңтар айында Президент үкімет пен әкімдерге балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту бойынша «Балапан» арнайы бағдарламасын жүзеге асыруға кірісуді тапсырды. «2020 жылға қарай қалалық және ауылдық жерлердегі балалардың бәрі мектепке дейінгі оқыту және тәрбиемен қамтылуы керек. Бізде ол үшін барлық мүмкіндік бар, әлеуетіміз жоғары, мемлекеттік-жеке меншік әріптестік – бәрі бар», — деп еске салды Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Заманға лайық тәрбие мен білім беру жүйесін кешенді ұйымдастыру жаңа технологияларды , тың идеялар мен шығармашылық, инновациялық жаңашылдықты қажет етеді.  Балабақшадағы балаларды мектепке даярлау біздің міндетіміз. Сондықтан жас ұрпаққа білім беруді үздіксіз жетілдіру күн сайын өзгеріп отырған әлеммен бірге жүрері анық. Балабақшада балалардың еркін өсіп,рухани танымдық тұрғыдан білім, тәрбие алуына барлық жағдай жасалған. Оқу мен тәрбиенің егіз екенін бір сәт те естен шығармаған жөн, соның нәтижесінде ғана сапалы білім мен саналы тәрбиеге қол жеткізуге болады. Балабақшада балалардың жас ерекшеліктеріне қарай  шағын орталықта , екі топ жұмыс жасайды. » Балапан» және «Ботақан» тобы. Мектепке дейінгі кіші жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқытудағы «Алғашқы қадам» бағдарламасындағы білім беру саласы: «Денсаулық», «Таным», «Коммуникация», «Шығармашылық» салаларымен жұмыс жүргізіп жатырмын.  Баланы жан-жақты тәрбиелеу мен білім беруде балабақшамызда ұйымдастырылған оқу қызметі және көптеген тәрбие іс-шаралар өтуде. Балабақшамызда түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, ата-аналармен жұмыс жүргізіп отырамыз.  Қараша айында балабақшада «Тәрбие — тал бесіктен басталады » атты апталық өтті. Апталықта тәрбиешілер ашық сабақтармен, тәрбие сағаттарын өткізді. Апталықтың қорытындысын әкімшілік өте жақсы деп баға берді. Қазіргі кезде білім, ғылым саласындағы инновациялық технологиялар қаншалықты маңызды болса, мектепке дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеуде кеңінен қолдануға айналды. Оқыту мен тәрбиелеудің әртүрлі технологиялары жасалып енгізілуде. Оқыту мен тәрбиелеу технологиялары төмендегідей.

  1. Ойын арқылы оқыту технологиясы: дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық, әлеуметттендірушілік мақсатқа жету.
  2. Дамыта оқыту технологиясы: еркіндік, мақсаткерлік, ар намыс, мақтаныш сезім, дербестік, адамгершілік, белсенділік. қасиеттерін дамыту. Сонымен қатар инновациялық білім беру құралдарын қолданудың маңызы зор. Инновациялық білім беру құралдарына: аудио, интернет, компьютер, интерактивті тақта, видеоқұралдар, электронды оқулықтар, мультимедиалық құрал жатады.Осылардың бәрі қазір қолданысқа енуде.
  3. Өздігінен даму технологиясы: Монтессори мектебі баланы жан жақты дамыту, дербестікке тәрбиелеу, бала санасында нәрселер әлемі мен ойлау әрекетінің бірігуі.
  4. Проблемалық оқыту технологиясы: баланы өз бетімен ізденуге үйрету, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту, оқу материалына баланы қызықтыратындай мәселе тудыру.
  5. Модульдік оқыту технологиясы: оқытудың тұтас технологиясын жобалау, алға қойған мақсатқа жетуді көздейтін педагогикалық үдерісті ұйымдастыру, тәрбиешіге нәтижені талдап, түсіндіріп бере алатындай жүйені таңдау және құру. Аталған педагогикалық технологиялар мен инновациялық құралдарды балабақшада балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, қабылдау мүмкіндіктеріне қарай пайдалану керек. Мен балабақшаның әрдайым биіктен көрініп, бүлдіршіндеріміздің үлкен жетістікке жетуін қалаймын. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тікелей тапсырысы бойынша қабылдаған «Балапан» бағдарламасы балабақшамызда іске асырылуда. Бүлдіршіндеріміз үш тілді меңгеруде. Үш тілді білу қазіргі заман талабы. Өркениет көшінен қалмай, соған сәйкес қадам жасауға толыққанды білім алуға үлесімізді қосуымыз керек. Өз елін, халқын, мәдениетін шетелге таныстыра алатындай, үш тілде еркін сөйлейтін азамат болып шығуымыз керек.  Қазақстан Республикасының  келешегі біз. Ертеңгікүні Отанымыздың арқасүйер білікті, білімді, жігерлі, зиялы азаматы болайық. Рәміздерімізді, Отанымызды құрметтейік. Туған жерімізді қастерлейік. ТәуелсізҚазақстанның мәртебесін өсіріп, жарқын істерге үлес қосайық. Сүйікті Отанымыз Қазақстан мәңгі құлпырып жайнай берсін, жарқырай берсін! Бейбітте, бақытты ғұмыр кешейік. Тәуелсіздіктің   25 жылдық мерейлі тойы құтты болсын. Еліміз тыныш, халқымыз аман болсын.

Тік ұстап туымызды, еңселі боп,

Орындайық бабалардың аманатын.

Қазақстан мәңгі жасасын!

Конкурстар мен олимпиадалар - https://talimger.kz

Республикалық қашықтық олимпиадалар — http://clever.zti.kz

Республикалық конкурстар, курстар, конференциялар мен олимпиадалар — https://ukz.kz

Конкурстар, конференциялар және олимпиадалар — https://tarim.kz

Халықаралық семинарлар, олимпиадалар мен конкурстар — https://mriks.ru

Халықаралық педагогтар ассоциациясы - https://iae.su

Конкурстар мен олимпиадалар - https://kzu.kz