Мүмкіндік болса қандай кәсіпті бастар едіңіз?

Кәсіпкерлік
Мүмкіндік болса қандай кәсіпті бастар едіңіз?

Мақала авторы: Оскенбаев Азамат Жумабекович
Жұмыс орны: Зияткерлік технологиялар институты
Лауазымы: Студент
Порталға жариялану мерзімі: 06.08.2021
Журнал қорына жариялаған: Оскенбаев Азамат Жумабекович


Зияткерлік технологиялар институты мамандарының 2021 жылы шағын бизнес ашуға қатысты жүргізген әлеуметтік сауалнамаларының нәтижесінде Алматы облысының жергілікті тұрғындары азық-түлік саудасына қатысты кәсіпкерлікті таңдаған екен. Мұндай сауалдарды бізде қойып көрдік. Кездескен жастардан, «Мүмкіндік болса қандай кәсіпті бастар едіңіз?» — деп, сұрадық. Көпшіліктің таңдауы азық-түлік және әмбебап сауда орындарын ашу болды. Осы сұраққа тоқталатын жас кәсіпкерлердің басым көпшілігі шағын бизнесті ашу алдында көптеген кедергілермен кездесетіні сөзсіз. Өйткені ақпарат көп, бірақ нақты шешімі жоқ. Осыған орай, ғаламтордағы алуан ақпарат көздерін шолып, келесі ұсыныстарды жинақтадық.

Дүкеннің орналасуы

Егер сіз дүкен ашу туралы ойланып жүрсеңіз, ең алдымен дүкеннің орналасу орнына, сыртқы жарнамасына мән бергеніңіз абзал. Дүкеннің сыртқы келбетінің адам шақыруда алатын орны ерекше. Дүкен алдында вело және көлік тұрақтарының, мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған пандустың болуы қазіргі заманның басты талабы. Бір сөзбен айтқанда дүкенге келіп-кету адамдарға қолайлы болуы, түнгі уақытта дүкеннің алды қосымша жарықпен қамтамассыз етілуі де маңызды.

Ғаламтор мүмкіндігін қолдану

Дүкен ашқалы жүрген адамның білуі тиіс тағы бір мәселе, ол дүкенде міндетті түрде ғаламтордың болуын қамтамассыз ету. Қазіргі заманда ғаламторсыз өмірімізді елестету мүлде мүмкін емес.  Барлығымыз ұялы байланысты көп қолданамыз, сол себепті ғаламтор арқылы тапсырыс қабылдап азық-түлікті жеткізуге болады. Жеткізуді өз көлігіңізбен, я болмаса тасымалдау қызметтері сынды қосымшаларды пайдалансаңыз болады. Дүкен ішіне терминал аппараттарын орнатсаңыз ол да тұтынушылардың сіздің дүкенді таңдап  келуінің тағы бір себібі болмақ. Қазіргі заман адамдарды үйде отырып тапсырыс беруге, үйде отырып жұмыстарын бітіруге еріксіз мәжбүрлеп отыр. Ол айтып отырғанымыз елімізде орын алып отырған жалпы әлемде орын алып отырған пандемия мәселесі. Пандемия кезінде білесіздер қаншама мектептер мен оқу орындары жабылғанымен, шағын азық-түлік дүкендері жабылған емес. Сол себепті дүкен ашсаңыз шағын дүкен ашуыңызға кеңес беріледі.

Қызмет көрсету

Дүкен ашқанда тағы бір аса маңызды жайттың бірі, ол-қызмет көрсету, яғни келген адамды күліп қарсы алып, күліп шығарып салу. Кейбір кезде тек қана адами факторлардың кесірінен дүкеніңізге адам аз келуі мүмкін. Ол дегеніміз сіздің дүкеніңіз айналымы жақсы жерде тұрып, бірақ қызмет көрсету жағы ақсап тұрса, онда сіздің дүкеніңізге бірінші рет келген адам, екінші мәрте келмеуі мүмкін. Үйде қазіргі пандемия уақытында адамдарға қажетті сұранысқа басым қандай тоуарлар нарықта кеңінен тараған, соларды саралап, талдап, таңдап, содан кейін барып дүкен сөрелерін толтыруға кеңес беріледі.

Мына өмірде әр адам өз күш-жігеріне, қабілетіне қарай өзіне өмірлік азық болатындай, істеген ісін құштарлықпен қуанышпен жасайтын болса, қандай іс болмасын ол іс ол адамға тек бақыт пен байлық сыйлары сөзсіз. Бастаған істеріңізге табандылық пен табыс тілейміз.