Жемқорлыққа қарсы күресу – әрбір азаматтың міндеті [Эссе]
Бүгінде сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мемлекеттің одан әрі табысты дамуы үшін сөзсіз басымдық. Сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністері қоғамның мүддесіне зардабын тигізіп және мемлекеттің экономикалық өсуіне көп кедергі келтіреді. Сондықтан да біздің еліміз сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерінде халықаралық тәжірибелерге сүйеніп, әртүрлі шаралар мен модельдерді үйлестіріп отыруымыз қажет. 2014 жылғы тамызда құрылған Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бірегей орган. Мүмкіндігінше, ол мемлекеттік қызмет саласындағы менеджмент, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалап және бақылап, сыбайлас жемқорлықты ескерту мен оның алдын-алу, құқық қорғау қызметі секілді жұмыс бағыттарын үйлестіріп отыруы қажет. Түркістан облысы,Бәйдібек ауданы «О.Орманов атындағы жалпы орта мектеп» мемлекеттік коммуналдық мекемесі бойынша 2018-2019 оқу жылында 06.05.2019 жылғы №05/1746 санды хатына сәйкес «Жемқорлықты қалай жеңуге болады?» тақырыбында 7-8 сынып оқушыларының аралығында эссе жазу байқауы өткізілді. Мақсаты: жастар арасында жас ұрпақтың бойына жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, жан - жақты меңгерту, батыр болуға шақыру, сана - сезімдерін дамыта түсу, жемқорлық туралы айтылып, олардан алдын алу болды. Ақпараттық техногияларды қолдана отырып, жемқорлық аясында бейнефильмдер көрсетілді. 7-сынып бойынша Серікбай Салтанат,Қызмет Аяжан,Шаяхмет Шұғыла,8- сынып бойынша Рысқұлбек Мереке,Жолшыбек Әйгерім,Амалова Қарақат есімді оқушылардың жұмысы жоғары деңгейде жазылғаны байқалады. Байқауда ерекше деп танылған оқушылардың эссе жазуына әр сынып бойынша қазақ тілі пәнінің мұғалімдері мұрындық болды. Үздік жұмыстар анықталып, ең жақсы эссе жазған оқушылар марапатталғанын айтуға болады. Эссе жазу байқауына жоғарғы сынып 7-8 сынып оқушылары толығымен қатысып, өздерінің эссе жазу барысындағы тақырып аясында білетінін барынша көрсете білді. Оқушылар осы тақырыпта көптеген деректер келтіре біле білді. Эссе жұмыстарынан жемқорлықтың қазіргі таңда кең етек алуы туралы жазба мына төмендегі жазылған эссе жұмыстарынан көруге болады. Қазіргі кезде сыбайлас жемқорлық әлемнің кез келген елінде оның саяси дамуына байланыссыз, оның ішінде Қазақстанда да, әлеуметтік құбылыс ретінде өмірін жалғастырып келеді, ол тек ауқымдылығымен ғана ерекшеленеді. Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму үдерісін, нарықтық экономиканың құрылуын, инвестициялар тарту процесін тежейді, елдің болашақ дамуына елеулі қауіп төндіреді. Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі сыбайлас жемқорлықпен күрес болып табылады. Студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарастарын қалыптастыру мақсатында жастармен кездесулер өткізу және оларға жемқорлыққа қарсы заңнаманы, сыбайлас жемқорлық туралы ұғымды түсіндіру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар бойынша шараларды жетілдіру, студенттер арасында заңдылық пен жемқорлыққа қарсы тәртіп орнату, сыбайлас жемқорлық құбылыстарына қарсы әрекет ете білуге тәрбиелеу.Жастардың алған білімдері оларды өмірде туындаған кез келген жемқорлық атаулымен кездестірмейтіндігіне сенгіміз келеді.Жас жеткіншек сыбайлас жемқорлыққа қарсы! Елдің болашағы – жас ұрпақтың қолында!