Педагогикалық қызметке ынтасы жоғары, білім беру саласындағы үнемі жаңарып отыратын өзгерістерге икемді, жаңа технологияларды оқу – тәрбие үрдісінде қолдана алатын мұғалім ғана қоғамдағы өзгерістерге бейім оқушының жеке тұлғасын қалыптастыруда түйінді тұлға болып табылады.
12 жылдық білім беру жүйесінде, сонымен қатар жалпы білім беруде, мектеп ішілік ұйымдастырушылық құрылымдары, оқыту мен тәрбиелеудің жаңа әдістерін, түрлерін, мазмұнын және тағы басқа іздеу, мектептік білім беру мақсатын қайта қарау, білім беру үрдістерін жетілдіру мен ұйымдастыруда жаңа философиялық, психологиялық – педагогикалық тәсілдерді дайындау және жүзеге асыру талап етіледі.
Жаңашыл мұғалімдер педагогикалық қызметтің барлық түрлерін зерттеп, кез келген педагогикалық жағдайда өзінің білімділігі, парасаттылығы, ақылдылығы, мәдениеттілігі, іскерлігі, шеберлігі арқасында қандай мәселе болсын шеше алатын, педагогикалық үрдістін нәтижесін жақсартуға ұмтылатын жаңашыл әрі шығармашылықпен жұмыс істей алатын жеке тұлға болуы керек.
Білім берудің жеке тұлғаға қарай бағытталуы, білім мазмұнының демократиялылығы, заман талабына сай білім беру мен ұлттық тәрбие үрдісінің ізгіліктік сипаты ретінде 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу әлемдік білім кеңістігіне еркін енуді, дамыған елу елдің қатарына қосылуды міндеттейді.