Жаңартылған білім - болашақ кепілі [Эссе]
Организация : "Сарыбел орта мектебі "КММ
Должность : қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Дата : 24.05.2021
Номер журнала : 02-12-2021
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында “Қазақстан-2030” Стратегиясы- барлық саланы қамтамасыз ететін жаңғыру жолы делінген. Елдігіміз бен бірлігіміз, ерлігімізбен еңбегіміз сыналатын, сынала жүріп шыңдалатын үлкен емтихан екендігі айтылған. Қазіргі таңда қазақ тілі - мемлекеттік тіл, қарым-қатынас тілі – орыс тілі және ағылшын тілі – әлемдік кеңістікті тану тілін оқытуда жаңа идеяларды әр сабақта жан-жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қолдану - заман талабы болып отыр. Оқытудың парадигмасы өзгерді. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. Жаңартылған білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты – оқушыларды сындарлы оқытуға үйрету, әлемдік білім кеңістігіне қол жеткізу, инновациялық білім негіздерін терең меңгерту. Ғылым мен технологияның дамыған заманында білім беру саласы да қарқынды дамуда. Ендеше заманына қарай амалы, демекші бұрыңғы кездегідей қарапайым дәстүрлі сабақтың мәні де сәні де кеткен уақыт. «Білімді ұрпақ – болашақтың кепілі», -деп дана халқымыз айтқандай, бүгінгідей ел болашағы – жас буынды заманына сай лайықты жеке тұлға ретінде қалыптастыру ісі мемлекетіміз үшін маңызды болса, мұғалімдер қауымына артылар жүк ауыр екені баршаға мәлім. Қоғамның дамуындағы ең маңызды мәселе білім беру жүйесі. Қазіргі таңдағы негізгі мақсат – жан-жақты білімді, өмір сүруге бейім, ой-тұлғасы бар, адамгершілігі жоғары, қабілетті жеке тұлғаны яғни еліміздің патриотын қалыптастыру. Оқып үйрену мен тәрбие ісінде оқу орындарының жаппай заманауи технологияларды қолдануға көшу процесінде мұғалімнің кәсіби шеберлігін арттыру - қоғамның басты мәселесі. Мұғалімдердің кәсіби даму үдерісін дамыту барысында мектептің даму жоспарында желілік қоғамдастық, тәлімгерлік инновациялық, интерактивті әдістерді пайдалану арқылы білім сапасын арттыру, интернет жүйесімен байланысты жандандыру, жаңа ақпаратты технологияны меңгеру, жан-жақты ұстаздар қауымымен пікір алмасу қарастырылған. Осыған байланысты ұстаздар алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті тұр. Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы – заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың бағдарлама. Қай елдін болсын өсіп-өркендеуі, ғаламдық дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты. «Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей, жас ұрпаққа сапалы, мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру – бүгінгі күннің басты талабы. Қай кезеңде, қай қоғамда болмасын жеке тұлғаның қалыптасуы ұстаздан басталады. Білім саласында түбегейлі өзгерістер ұстазға үлкен жауапкершілікті талап етеді. Өздігінен білім алатын, жан-жақты ізденетін алдағы өмір жолын өзі болжай алатын тұлға тәрбиелеу – ұстаз қолында. Заманауи қоғамның білім саласындағы ұстаздарға қоятын негізгі талабы- сана әлеуеті жоғары дамыған, сын тұрғысынан жаңаша ойлай білетін, рухы мықты, өз білімін қоғамның алға басуына жұмсай алатын адам тәрбиелеу болып табылады. «Оқу инемен құдық қазғандай» демекші, шығармашыл, ізденімпаз ұстаз ғана табысты болады. Қазіргі уақыттағы жаңа педагогика ғылымындағы проблема ол - оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру болып табылады. Жаңа технологияның әдіс - тәсілдері оқушылардың білімін толықтыруға көмектеседі. Осыған орай озық тәжірибе, жаңа технологияның тиімді әдістерін таңдап алып, оларды үйлесімді, тиімді және шығармашылықпен пайдалану - ұстаз шеберлігінің белгісі. Ұстаз ретінде оқытып жүрген оқушыларымның ерекшеліктерін зерттеп, біліп алған соң ғана, оларды даму деңгейіне орай әдіс-тәсілдерді іріктеп, талдап қолдануға, жетілдіруге ерекше назар аударып келемін. Оқушыларды жұппен, топпен жұмыстандыру арқылы ұйымдастырылған сабақтар оқушылардың дарындылығын дамытудың бір әдісі болып табылады. Олардың арасында ынтымақтастық пен серіктестікті тудыру, басқа адамның ойымен де есептесу қажет екенін де түсіндіреді, уақыт үнемделеді. Жұппен және шағын топпен жұмыс тез, жаңа идеяларды ұсынумен қатар белгілі бір жағдайды нәтижелі шешім табуға да мүмкіндік береді. Сабақ барысында оқушылардың ізденуін қадағалап, білім дағдысын толықтыруға бағытталған сабақ өткізу әдістерінің бірі - «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан оқу» жобасының стратегиялары. Бұл жобаның стратегияларын сабақ барысында қолдану жаңа оқу материалдарындағы оқиға мен құбылыстарды оқушылардың өздері байқап, талдауына жағдай жасайды. Демек, білім оқушыларға даяр күйінде берілмейді, өзінің ой еңбегін қажет ететін тапсырмаларды орындауы арқылы қол жеткізеді. Әр оқушы өз ойына шек келтірмей жауап беруге дағдыланады. Оқушы бойындағы танымдық қабілетінің шығармашылық ойлау жүйесінің дамуына жол ашады. Практика кезінде өз сабақтарымда қолданып жүрген әдіс - тәсілдер: түртіп алу, күнделік жазу, рөлдік ойындар, диалог түрінде әңгіме жүргізу, топтастыру, семантикалық карта, Венн диаграммасын толтыру, Джиксо, сұрақ - жауап. Оқытуды диалогтік тәсілмен дамытудағы сұрақ қою арқылы байқағаным: оқушылар тақырып бойынша және сындарлы сөйлеуге ынталанды, пәнге деген қызығушылықты көрсетті, зерттеуге ынталанды, оқушылар сыни тұрғыдан ойлауға көмектесті, оқушылар бір – біріна қарап үйренді, басқа оқушылардың идеяларын құрметтеуіне және бағалауына ықпалын тигізді, оқытудағы қиындықтар мен түсінбестіктерді анықтады. «Блум таксономиясы» бойынша сабақты қорытынды жасағанда қойылған сұрақтарға топтар білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау аясында жауап берді. Үйренгеніміз де, үйренеріміз де көп Үнді халқының тарихи тұлғасы Махатма Гандидің «Егер сен болашақтағы өзгерісті байқағың келсе, сол өзгерісті қазір жаса» деген ілімін негізге ала отырып, оқушы бойындағы қабілетті жетілдіріп, оқушыларды болашаққа жетелеп, жақсы істерге бастама болды. Жаңартылған білім – болашақтың кепілі. Ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсыновтың «Ұстаз үздіксіз ізденгенде ғана, шәкірт жанына нұр құя алады», – деген сөзі ізденімпаз, жаңаша ұстаздарға арналғандай. Мұны әрбір мұғалім жадында сақтауы тиіс.
Қолданылған әдебиеттер:
- Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан жолы- 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»,17.01.2014 ж.
- «Білім технологиялары» № 3, 2016 ж.
- «Жаңартылған білім беру мазмұны аясында критериалды бағалауды жоспарлау және ұйымдастыру» 2017ж.