Информатика пәнін оқытуда жаңа педагогикалық, ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың мүмкіндіктерін қолдану

Информатика
Информатика пәнін оқытуда жаңа педагогикалық, ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың мүмкіндіктерін қолдану

Мақала авторы: Бедебаева Айзада Сапаргалиевна
Жұмыс орны: Павлодар облысы Баянауыл ауданы №1Майқайың жалпы орта білім беру мектебі
Лауазымы: Информатика пәні мұғалімі
Порталға жариялану мерзімі: 07.02.2018


Қазақстандық білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі мен жаңа мазмұндағы жүйесінің басты міндеті – қазіргі заманғы ғылым мен тәжірибенің жетістіктері негізінде алынған білімді қажет жағдайда пайдалану икемділігін меңгерген, өз бетінше дұрыс, тиімді шешімдер қабылдайтын, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Бұл міндетті жүзеге асыру оқушыны іс-әрекетті атқарушы объектіден нәтижесінде жеке тұлғаның өз ісін өзі басқаруға, орындауға қабілетті субьектіге көшіру арқылы мүмкін болады, демек нәтижелерге негізделген білім беру моделі жүзеге асырылады. Жас жеткіншектердің бойындағы ерекше қабілеттілікті, дарындылықты тани білу, оның одан әрі дамуына бағыт-бағдар беру, оны сол бағытта жетелеу — ұстаз парызы. Ұлы ойшыл Плутарх кезінде: «Көптеген табиғи талант дарынсыз ұстаздардың кесірінен жойылып кетеді. Сондықтан әрбір ұстаз бұған жол бермеуі керек», — деген екен. ХХI ғасыр – білімділер ғасыры. Сол себептен де білім сапасын арттыру, оқушылардың дарындылығын айқындап, біліміне, ойлау қабілетіне сай оқытудың тиімді стратегияларын қолдана отырып, ғылыми ізденіс қабілеттерін қалыптастыру — әрбір ұстаздың міндеті. Осы тұрғыда мұғалімге білім берудің нәтижелі жолдарын қарастыру,  тиімді стратегияларды таңдай білу еркіндігі тиіп отыр. Мұғалімнің тиімді стратегияларды таңдауы оқушылардың қызығушылығын арттырып, олардың жақсы оқуына, оқу материалын жақсы ұғып алуына ықпалы жасайды. Таңдаған әдісі шәкірт санасына дарып, оның білім алуына жағдай жасаса, оқытушының еңбегі нәтижелі болатыны сөзсіз.

Әр тұлғаны жоғары адамгершілік қасиетке бағытталған интеллектуалды қоғамдастық қалыптастыруға ынталандыру дағдыларын арттыруда тиімді әдіс тәсілдер қолдану барысында  оқыту техникасы туралы ғылым, сондықтан, оқыту ғылыми түрінде жүзеге асуы керек, яғни мұғалім қалай оқыту, неге олай оқыту керек деген түсінік болуы тиіс. Оқытудың тиімді стратегиясы арқылы қалай оқыту керек деген ғылыми тұжырымдамамен тығыз байланысты, яғни қандай үдерістер арқылы, қандай әдістер арқылы, қандай оқыту құралдары арқылы, оқытуды қалай ұйымдастыру керек, қандай  факторларды ескеру қажет  деген сұрақтарға жауап іздейді. Сонымен, тәжірибелер мен зерттеулер нәтижесі бізге  білім мазмұны мен оқыту әдістерін жаңалау керек екендігін көрсетті.

Қазіргі кезде оқытудың тиімді стратегияларына ерекше назар аударуда. Оқытудың тиімді стратегиялары тілдің коммуникативтік қызметін ескере отырып, оны коммуникативтік танымдық жағынан меңгертуді көздейді.

Бүгінгі тәуелсіз мемлекетімізде білімге деген көзқарас түбегейлі өзгеріп, оқытудың жаңа түрлері, әдістері, жаңа бағыттағы технологиялар пайда, болып, олар білім мазмұнының толығымен түбегейлі жаңаруына себепші болуда.

Әдіс шынайы жағдайда баланы қадағалау мен оны бар болмысымен қабылдауға негізделген. Баланы өзін өзі тәрбиелеуге, өз бетімен оқуға және өзін өзі дамытуға бағыттау.

Мұғалімдердің пайдаланатын оқытудың стратегиялары оқушыларды оқытудың ең жоғары стандарттарын қамтамасыз ету үшін маңызды. Хэтти [2011] білім беру шараларының оқушыларға әсерін талдау үшін жүргізілген 60155 педагогикалық зерттеу аясында 9000-нан аса меттаталдау әдісін пайдаланды. Олар мұғалімдердің педагогикалық шеберлігі алдында қол жеткізген жетістіктерден кейін оқушылардың алға жылжуын айтарлықтай септігін тигізетінін дәйекті түрде көрсетті. Мұғалімдер пайдаланатын әдіс оқудың тиімділігіне елеулі әсерін тигізеді.

Педагогиканың барлық осы аспектілері сындарлы оқыту теориясымен үйлеседі. Сындарлы оқыту тәсілдері білім берудің «дәстүрлі» әдістерімен салыстырғанда, оқыту кезінде жоғары нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. [Hattie, 2011]. Сын тұрғысынан ойлау, өз алдына мәселе қойып, әркез соған өз бетімен шешім іздеу, баламалар ұсыну, өз көзқарасын қорғай білу болып табылады. Сын тұрғысынан ойлау – ол алдымен оқытудың оқушыға бағытталған орталықталықтандырылған түрі, ол оқушының дамуына, соның ішінде сыни көзқарасы бар жеке тұлғаның дамуына, зерттеуші оқушының дамуына, оның өзіндік «Менін» жүзеге асыруға, оқушының шығармашылық мүмкіндігін ашуға, яғни, бір сөзбен айтқанда, коммуникативті қатынасқа үйрететін тәсіл. Өз сабағымда сын тұрғысынан ойлау стратегияларын пайдаланғанда, мен оқушылардың білімді өз бетінше  ізденіп, зерттеп, бірлесе отырып жаңа идеялар мен тұжырымдарды әр түрлі жолдармен ұсынатындарын, жаңа білімді белсенді түрде талдап, жинақтап, оларды күнделікті өмірдегі жағдайяттармен байланыстыратындарын, бір-біріне деген сенімділіктері мен түсінушіліктерінің дамитытын байқадым.

Ал топтық жұмыстар арқылы оқушылар бойында жауапкершілік, сыйластық, достық қасиеттерін қалыптастыруға мүмкіндіктің мол екендігін білдік. Өйткені, әр сабақтың соңында практикалық нәтижесі, яғни, қай оқушының материалды қалай меңгергені көрінеді.

«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» стратегиялары оқушылардың аналитикалық позитивті сыни және шығармашылықты ойлауын дамытуға, сыныпта демократиялық ақуалды тудыруға, мұғалім тек ақпарат беру көзі болуды тоқтатып, оқушыларға сұрақ қоя білуге бағытталған пікірлесуге, қатысуға мүмкіндік тудырушы тәсіл.

Әр тұлғаның жоғары адамгершілік қасиетке бағытталған интеллектуалды қоғамдастық қалыптастыруда  сындарлы оқыту тәсілдері оқушылардың алдыңғы білімдерін ұштастыра отырып, жаңа білім алуы туралы тұжырымдамаға негізделеді.  Бұл жерде ең маңыздысы: оқушылардың алдыңғы алған дағдылары жаңа дағдыларды меңгеруге үлкен ықпалын тигізеді, ал егер ол ескерілмесе, онда білім тереңге бармай, үстірт меңгеріледі. Мұндай үстірт білім оқушыға қазіргі әлемде жетістікке жету үшін қажетті жоғарыда аталған сын тұрғысынан ойлау, рефлексия  және басқа да дағдыларын, алған білімін қолдануына кері әсерін тигізеді.

Орта білім беру мазмұнын жаңарту  аясындағы педагогикалық тәсіл белсенді оқуды көздейтін сындарлы оқуға негізделеді.  Бұл тәсіл аясында оқушылар оқу үдерісіне белсенді атсалысады, сол арқылы өздері үшін оқудың маңызын өздері анықтайды.  Бұл мұғалім селқос қана тыңдап отырған оқушыларға өтіліп жатқан тақырыпты хабарлағанға қарағанда анағұрлым қуатты құрал болып табылады.

Мұғалімдер өз оқушыларының қызығушылықтары туралы білімдері мен  бүкіл білім беру бағдарламасын ескере отырып, орындалатын жаттығуларды өзі таңдауға ерікті. Жаттығуларды оқушылардың мүдделері негізінде жоспарлау «оқушылар туралы хабардарлықтың негізінде оқытуға» түрткі болады [Tomlinson], ал бұл өз алдында саралауды қолдануға жол ашады. Мұғалім оқушылардың оқу үлгерімін бақылап, оларға мақсаттарына жетуге қолдау көрсетеді.

Белсенді оқу оқушының мұғалімді енжар тыңдап қана қоймай, белсенді жұмысқа тартылуын көздейтін оқыту және оқу әдістерінің бірі болып табылады. Бұл тәсілдер оқу үдерісі жаттығудың алдында емес, оны орындау барысында жүзеге асырылатын құбылыс екендігін түсіндіреді. Сыныпта қолданылатын бұндай тәсілдерге топтық жұмыс, «ойын баламалары» және пән бойынша белгілі тақырыптағы ойындар кіреді. Бастауыш сыныптарда ойын шынайы өмірдің белгілі бір аспектілерін модельдеу және зерттеу үшін ұсынылған мүмкіндік болып табылады. Домино және карта сияқты дәстүрлі ойындар математика сабақтарындағы кездейсоқтық пен ықтималдық мәселені қарастыруда оңтайлы болмақ. Шарада, тақтада сөздерді біріктіру немесе сөздерді жіктеу ойындар- тіл үйренуді қамтамасыз етудің және оны көрсетудің бірден-бір қызықты әрі тартымды тәсілдерінің бірі. Көптеген стратегиялық ойындарды  (мысалы «Алға» деп аталатын ежелгі қытай ойыны) тұрғындар мен қоғамның өсуін модельдеу үшін пайдалануға болады.

Табиғаты бойынша оқу үдерісі ойлаудан тұруы керек және ми құрылымында өзгеріс жасауға жетелеуге тиіс. Ми неғұрлым белсенді жұмыс істеген сайын, оқу үдерісі соғұрлым қарқынды жүзеге асады. Хэтти (2014) адам миы ақпаратты өңдеп, оны түсінуге мүмкіндік беретінін, ал мұғалімнің тоқтаусыз сөйлеуі миға шамадан тыс аса көп ақпарат «жүктелмейтіні» және ол оқушылардың қызығушылығын жоғалтуға әкеліп соғатыны, сол сәтте оқудың нәтижелілігі айтарлықтай төмендейді. Ал белсенді оқу, керісінше, оқушылардың белсенді қызметпен айналысу арқылы мұғалім берген ақпараттың мәнін ұғынып, алған білімдерін есте сақтап, оны қолдана алуын қамтамасыз етуді көздейді.

Оқылым, жазылым, айтылым және тыңдалым- бастауыш сыныптардағы барлық пәндер үшін маңызды болып табылатын қарым-қатынас жасау дағдылары. Сондықтан да оқушыларға осы төрт дағдыны барынша жетілдіруге мүмкіндік берудің маңызы зор. Нақты белгілі бір дағдыны жақсарту тәсілдерінің бірі-осы дағдыға ерекше назар аудара отырып, содан кейін бірнеше тілдік дағдыны қамтитын жаттығуларды біртіндеп енгізу болып табылады. Мысалы, тақырыпты талқылау тиісті лексиканы қолдануды көздейді, сол арқылы оқылым бойынша тапсырмаға қызығушылық туғызады, осыдан кейін оқығанның негізінде жазбаша тапсырма орындаудың үлгісі ұсынылады. Дағдыларды осылайша біртіндеп енгізудің тағы бір жолы-аудио-мәтін тыңдап немесе бейнематериал немесе бейнематериал көрсетуге болады, содан кейін пікірталас жүргізуге немесе жазбаша тапсырма орындауға болады.

Білім беруде негізгі коммуникативті дағдыларды қалыптастыруда белсенді оқудың стратегияларының сипаттамасына тоқталатын болсам:

Белсенді оқу — оқушыларға эксперимент жасауға, мағына құрып, түсінік қалыптастыруға, жаңа білім мен бұрынғы меңгерілген білімнің арасында байланыс орнатады, қателік жіберу, барынша терең түсінуге жетелейді.

Бірлескен оқу -құрылымдалған топтық жұмыс. Тұлғааралық және қарым- қатынас дағдыларын жақсартады; оқушылардың арасындағы кедергілерді жояды.

Саралау — Әр оқушының оқудағы жеке қажеттіліктерін қанағаттандыру:

  • түсінік пен дағдыларының дамуын қамтамасыз етеді;
  • Өз күшіне сенім мен уәжді арттырады;
  • Оқушыларға идеяларды терең түсінуге көмектесе отырып шығармашылыққа ынталандырады;
  • Барлық оқушылар үшін пайдалы;
  • Барлық оқушылардан күтілетін нәтижені арттыра алады;

Моделдеу-сарапшы мысал келтіреді және оны көрнекі үдерістердің көмегімен түсіндіреді:

  • Оқушыларға пән мазмұнын зерделей отырып, сарапшы ретінде ойлануға жетелейді;
  • Оқушылардың барынша тәуелсіз болуына жағдай жасай отырып, тапсырманы кезеңдерге бөледі;
  • Үдеріс барысында рефлексия жасауға ынталандырады.

Электронды оқу және жаңа технологияларды пайдалану:
Белсенді оқудың қызықты құралдарын ұсынады;

  • Уәждеу құралы бола алады;
  • Зерттеу, қарым -қатынас жасау, бірлесу және жүзеге асыру үшін қолдана алады;
  • Оқушыларға ақпарат іздеуге және өздерінің жеке құралдарын табуға мүмкіндік бере отырып, тапсырманы орындауда өз үлесін сезінуіне мүмкіндік береді;
  • Сыныптан тыс оқуға мүмкіндік береді.

Оқу диалогтері -оқушылардың тапсырмаларды талқылауы

  • Тапсырмаға өз үлесі бар екенін сезіндіреді;
  • Оқушылардың өзара білімі мен дағдылар алмасуына жағдай жасайды;
  • Барынша терең түсінуге ынталандырады;
  • Оқушылардың өздерінің ілгерілеуі туралы рефлексия жасауына және әрі қарай не істеу керектігі туралы шешім қабылдауына мүмкіндік береді;
  • Оқушыларды қызықтырады және уәждейді.

Оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру

  • Оқудың дұрыс жүріп жатқанын білу мақсатында оқуды тексеру және кері байланыс ұсыну;
  • Уәждік және өзіндік бағасын арттырады;
  • Оқыту үдерісіне бағыт береді;
  • Оқушыларға оқу үдерісін жақсартуға мүмкіндік береді;
  • Оқушыларға барынша тиімді оқу жолдарын түсінуге көмектеседі.

Пәнаралық байланыс

Оқу пәндері арасында байланыс орнату

  • Білім беру бағдарламасына тереңдік пен тепе -теңдік береді;
  • Терең білім алуға мүмкіндік береді;
  • Көптеген дағдыларды ұсынады;
  • Түсінік пән дағдылардың дамуына көмектесе алады;
  • Оқу үдерісінің маңыздылығының барынша арттыруға көмектеседі;
  • Оқушыға деген уәжді барынша арттыра алады.

Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттар ағыны күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту  біздің алдымыздағы басты міндетіміз. Қорыта айтқанда, тиімді стратегияларды қолдану арқылы оқушылардың коммуникативтік дағдыларын қалыптастыра отырып белгілі бір жетістікке қол жеткізе аламыз. Болашақ ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуында білім беру жүйесін ізгілендіру, инновациялық үрдісте тиімді қолдану қазіргі заман талабы.

Конкурстар мен олимпиадалар - https://talimger.kz

Республикалық қашықтық олимпиадалар — http://clever.zti.kz

Республикалық конкурстар, курстар, конференциялар мен олимпиадалар — https://ukz.kz

Конкурстар, конференциялар және олимпиадалар — https://tarim.kz

Халықаралық семинарлар, олимпиадалар мен конкурстар — https://mriks.ru

Халықаралық педагогтар ассоциациясы - https://iae.su

Конкурстар мен олимпиадалар - https://kzu.kz