Халық дәстүрі — асыл қазына

Өзін-өзі тану
Халық дәстүрі — асыл қазына

Мақала авторы: Тандыбаева Гульмира Толкуновна
Жұмыс орны: "Зырян қаласы №9 орта мектеп "КММ
Лауазымы: өзін-өзі тану пәні мұғалімі
Порталға жариялану мерзімі: 09.05.2017


Халық дәстүрі- асыл қазына      

27-сабақ 

Сынып: 7

Құндылығы : ақиқат.

Қасиеттері: Адамгершілік, инабаттылық, ізеттілік

Мақсаты: Оқушылардың халық дәстүрі ұғымдарын кеңейту.

Міндеттері:

-Халық  дәстүрінің  маңыздылығы   туралы  түсінік беру;

-Халық   дәстүрінің   мәнін түсініп,  оны қадірлеп, бағалай білуге баулу.

-Сүйіспеншілікке, ізгілікке   тәрбиелеу.

Тыныштық сәті.

Оқушылардың отыру талаптарын қадағалап, денелерін тік ұстау, дұрыс дем алу әдеттерін қалыптастыру.

Үй тапсырмасын тексеру.

Қызыққа толы қас қағым. Мәтіннің желісі бойынша сұрақтар.

  1. Мәтіннің авторы Ганс Христиан Андерсен мәтінде қандай ойды жеткізгізі келді?
  2. Өмір сүрудың мәні неде деп ойлайсыңдар?
  3. Ағаштың демлатын уақыты бар ма екен?

Жаңа сабақпен таныстыру.

Хормен өлең айту.

Елім менің. Сөзі: НӘ Назарбаев; әні: Б.Тілеуханов. Өлең видео ретінде қосылып бірге айту ұсынылады.

Миға шабуыл

  1. Салт-дәстүр деген ұғымды қалай түсінесіңдер?

Дәстүр- ұрпақтан- ұрпаққа ауысатын, тарихи қалыптасқан үрдістер.Ол- қоғамдық ұйымдар мен халықтың мінез- құлқының, іс- әрекетінің рухани негізі. Дәстүр мәдениетпен тығыз байланысты, сондықтан мәдениеті дамыған ел дәстүрге де бай. Ата- ананы құрметтеу, үлкенді сыйлау, адалдық, әдептілік, мейірімділік сезімдері озық дәстүрлерге жатады.Қазақ «Ат тұяғын тай басар» деп кейінгі ұрпақтың ата салтын бұзбауын, ұмытпауын талап етеді.

  1. Халықтың игі дәстүрінің рухани азық екендігін қалай түсіндіре аласыңдар?

Жаңа ақпарат.

Оқушылар ақпаратты өз беттерімен оқып ой түйеді.132бет.

Дәйексөз. Халық даналығы.

Дәстүрін ел –жұртымның ардақтаймын, Ежелгі ата-баба салтын сақтап.

Дәйексөзді дәптерге жазып, мағынасын түсндіреді.

Мұғалім сыйы.АҢЫЗ ӘҢГІМЕ
Баяғыда тасы өрге домалап тұрған бір хан жанына нөкерлерін ертіп, аң аулауға шығады. Орман кезіп, қыр асып келе жатса, алдынан екі көзі ботадай мөлдіреген, сауыры жез құмандай жылт-жылт еткен сұлу киік қаша жөнеліпті. Хан садақтан оқ атып, киіктің артқы аяғын жаралайды. Бір жағы құлама жар, екінші бүйірден хан нөкерлері қиқу салып, қыспаққа алғанда, жаны қысылған бейшара киік жан далбасамен сонадайдан көз тартқан ақбоз үйдің ашық тұрған есігінен ішке қойып кетіпті. Үй иелері жайылған дастарқаннан түскі тамақ ішіп отыр екен. Есіктен енген киік жаюлы дастарқаннан бір-ақ ырғып, төрдегі керегеге тұмсығын тіреп, солығын баса алмай тұрып қалыпты.
– Шығар киікті! – деп дауыстайды хан ат үстінде тұрып, төрде тамақ ішіп отырған қарияға. – Бұл тау тағысын түстік жерден қуалап келіп, сенің үйіңде қолға түсіріп тұрмын. Мұның менің олжам екеніне ешкімнің дауы жоқ шығар?
Сонда қария:
– Сөзің орынды, хан ием. Киік сенің олжаң екені де рас. Бұл сорлы жаны қысылған сәтте менің төріме шығып кетті. Ортада дастарқан жаюлы жатқанын өзің көріп тұрсың. Ата салтымыз бойынша, дастарқанды аттап өте алмайсың. Көздеріне қан толып, бір-біріне өлердей жауыққан екі адамды татуластырарда дастарқан басына алып келмеуші ме еді? Тіпті хан болсаң да, дәстүрден үлкен емессің. Ал дәстүрді, қалыптасқан ата салтты бұзсаң, қалың елдің табасына қаласың, жолың болмайды, – депті.
Хан аталы сөзден жеңіліп, ат басын кері бұрыпты.
Аңыз әңгімедегі дәстүрге назар аударып, оны талқылау. Оқушылар өздері оқыған аңыз әңгімелерден осыға ұқсас мысалдар келтіреді.
 Топтық тапсырма. Оқушылар үштен бөлініп сұраққа жауап береді.

  1. Қырқынан шығару – бөбек дүниеге келген соң 40 күннен соң оның алғаш рет шашы мен тырнағы алынып, бесікке салу рәсімі орындалады
  2. Бесікке салу – бұл кішігірім той ретінде өтеді. Келушілер тарту, шашу, жоралғыларын алып келеді, бесікке салу немесе бөлеу тәжірибелі әжеге немесе анаға жүктеледі Осы жерде жиналған аналар бесік жырларын айтады,ананың мейір-шапағатын арттырады
  3. Тұсау кесер – бір жасқа толып еркін жүре бастаған бал бөбектің басқан қадамы құтты болып, одан әрі жаны жамандық көрмей жақсы жүріп кетуіне тілек білдіру салтанаты ретінде өтеді. Бөбектің тұсауын ата-ананың қалауы кеседі. Тұсауы кесілген баланы «Ақ жол болсын» деп ақ орамалдың үстімен немесе жұмсақ болсын деп кілем үстімен жүргізеді.
  4. Бата.

Келесі тапсырма өмірмен байланыстыру мақсатында беріледі.

  1. Мектептегі салт-дәстүр
  2. Қонаққа барғанда сақталатын дәстүр
  3. Сыныптағы дәстүр

Асықпа ,пысықта!

Оқушылардың ойын жинақтау, сергіту.

  1. Ұлттық бас киімді ата? ( сәукеле, тақия, бөрік)
  2. Табиғи жүнді неден алады? ( қой, ешкі)
  3. Қамырдың негізгі шикізаты (ұн)
  4. Малдың сүтінен алынып ұзақ уақыт сақтауға арналған тағам (құрт)
  5. Шілдехана тойы қай кезде тойланады? (кішкене нәресте дүниеге келгенде)
  6. Көрімдік сұрау дегеніміз не? ( бұрын көрмеген адамды біреуге көрсеткен кезде)
  7. Қойдың басы қандай қонақтарға беріледі?(үлкен,жасы келген қарияларға)
  8. Тұсау кесерді қалай түсінесің? ( жаңа тәй –тәй басқан баланың тұсауын кесу)
  9. Наурыз көже қай мезгілде дайындалады? ( наурызда)
  10. Наурыз көжеге неше түрлі тағам  салынады ( 7 түрлі)
  11. Түйе сүтінен не алынады? ( шұбат)
  12. Қазақтың ұлттық тағамы?  (ет)
  13. Жармадан  қандай тағам түрлері жасалады? ( жент)
  14. Ауруға ем, сауға қуат беретін қандай сусын? ( қымыз)
  15. Оңынан да, солынан да оқысаң өзгерісі жоқ  ұлттың атауы? (қазақ)
  16. Қандай қаланың атауын білесіңдер басы сан, ортасы адам мүшесі, аяғы астың дәмін келтіретін  дәмнің бір түрі? (Екібастұз)

Үй тапсырмасы.

132бет. Қара шаңырақ. Мәтінді мазмұндау.

Ата-баба дәстүрін,әдет ғұрпын,ырым тыйымдарды дәріптейтін мақал
мәтел құрастырыңдар (кемінде бесеу Мысалы: Жеті рет өлшеп ,бір рет кес.

Тыныштық сәті. Оқушыларды мадақтау.

Оқушылар ,қолдарыңды тізелеріңе қойып,терең дем алыңдар. Көздеріңді жұмыңдар,жап-жасыл табиғаи әлеміне еніп барасыздар.Біреуіміз қып-қызыл  гүл  секілді жайнап тұрмыз.Біреуіміз тұп-тұнық мөлдір су тәрізді таза жанбыз.Енді бірулеріміз көк аспанда еркін ұшып жүрген құстар сияқтымыз ,ойымызды еркін айта аламыз. Қыздар болса, көк аспанда еркін үшып жүрген сан алуан құстар, ал, ұлдар  болса қыран бүркіттей биіктерге самғап барады. Алдымыз жарық нұрын шашқан күн  сияқты аналарымыз  бен әжелеріміз бізге мейірлене қарайды, әкелерімізбен аталарымыз асқақтаған асқар тау болып,ақ батасын беріп ,бізге қол бұлғайды.Біз өзіміздің табиғатпен үйлесіп тұрғанымызға айрықша қуанып тұрмыз.Осы сезімімізбен сыныбымызға оралайық.  Рахмет оқушылар.

Конкурстар мен олимпиадалар - https://talimger.kz

Республикалық қашықтық олимпиадалар — http://clever.zti.kz

Республикалық конкурстар, курстар, конференциялар мен олимпиадалар — https://ukz.kz

Конкурстар, конференциялар және олимпиадалар — https://tarim.kz

Халықаралық семинарлар, олимпиадалар мен конкурстар — https://mriks.ru

Халықаралық педагогтар ассоциациясы - https://iae.su

Атаулы ертегілер - https://hansunqar.kz