Грамматика әлеміне саяхат

Ашық сабақтар
Грамматика әлеміне саяхат

Мақала авторы: Самаева Акку Шариповна
Жұмыс орны: И.П.Шухов атындағы Преснов орта мектеп-гимназиясы
Лауазымы: Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Порталға жариялану мерзімі: 22.11.2016


 

Самаева Акку Шариповна

И.П.Шухов атындағы Преснов орта мектеп-гимназиясының

қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі.

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Пресновка селосы

 

 

Сыныбы: 8 сынып

Пәні: қазақ тілі

Мұғалімі:  Самаева Акку Шариповна

Сабақтың тақырыбы: Грамматика әлеміне саяхат.

Сабақтың мақсаты: Грамматика саласы бойынша алған білімдерін жинақтап, жүйеге келтіру.

Міндеттері:

Білімділік: жиі кездесетін лексиканы, терминдерді, грамматикалық құрылымдарды дұрыс және орынды қолдануға үйрету, қазақ тілінің грамматикалық заңдылықтары бойынша теориялық және практикалық материалды қажетті деңгейде меңгерту.

Дамытушылық: оқушылардың ой-өрістерін кеңейте отырып, білім деңгейін анықтау, біліктіліктері мен дағдыларын дамыту, ауызекі сөйлеу тілін, сөздік қорын дамыту.

Тәрбиелік: рухани әлемінің ауқымын кеңейту, тілге құрмет сезімін ұялату, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақ түрі: бекіту сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, деңгейлеп оқыту, жобалау, сыни тұрғыдан оқыту технологиясының элементтері, СКТТ, интерактивті оқыту.

Пәнаралық байланыс: география, тарих, орыс тілі, жаратылыстану.

Көрнекілігі: суреттер, тірек сызба, видеокөрініс, презентация.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

— Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Грамматика әлеміне саяхат». Сабақтың мақсаты: грамматика саласы бойынша   алған білімдерімізді жинақтаймыз, жүйеге келтіреміз.

ІІ. Кіріспе.

Биыл жыл егеменді тәуелсіз еліміздің 25 жылдық мерейтойын атағалы отырмыз. Сабағымыздың мақсатын жүзеге асыру үшін тәуелсіздік символы Бәйтеректі құрастырамыз.

Құрылысымызды бастау үшін тәуелсіздіктің символы болып табылатын, өмір ағашы БӘЙТЕРЕК туралы мәтінді оқып алайық.

ІІІ. Жаңа сабақ.

  1. Жаңа сөздермен жұмыс.
  • биіктік
  • мұнара
  • сәулетші
  • салмақ
  • ескерткіш
  • айқын
  • әлем
  1. Мәтінмен жұмыс.

Бәйтерек – Астана символы

Астана қаласының рәмізі – Бәйтерек. Бәйтеректің биіктігі  97 метр. «Астана-Бәйтерек» монументін салу идеясы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтікі болып табылады.

Астананың символына айналған Бәйтерек халықтың демалыс жеріне айналды. Мұнараның салмағы 85 тонна. Бәйтеректің сәулетшісі – Ақмырза Рүстембеков. «Астана — Бәйтерек» монументі тек архитектуралық ескерткіш емес, біздің мемлекеттің өткенінің, қазіргі күнінің және болашағының айқын көрінісі.

«Астана-Бәйтерек» монументі барлық әлемдік бірлестік үшін тәуелсіз Қазақстанның  символы болып табылады.

  1. Бәйтерек туралы ассациограмма құрады.

 

 

БӘЙТЕРЕК

 

 

 

Астана символы, демалыс орны, Назарбаевтың идеясы, сәулетшісі – Ақмырза Рүстембеков, 97 метр, ел болашағы, ескерткіш,  монумент.

  1. Сұрақ-жауап.

Астана жас қала болғандықтан, онда құрылыс жақсы жұріп жатыр. Бізде өз үлесімізді қосу мақсатында, яғни Бәйтерегімізді салу үшін грамматика саласы бойынша алған білімімізді қолдану керек. Тілде грамматика заңдылықтары маңызды болса, құрылыстың маңызды құралы кірпіш, оларды алу үшін сұрақтарға жауап берейік.

  1. Қазақ тілінде неше әріп, неше дыбыс бар?
  2. Тәуелсіздіктің символы болып табылатын өмір ағашының биіктігі қанша?
  3. Үндестік заңы бойынша  сөздер қандай болып кетеді?
  4. Қазақ тілінде жалғаудың неше түрі бар?
  5. Сөз құрамы қандай бөліктерден тұрады?
  6. Қанша? Неше? Нешінші? Деген қай сөз табының сұрағы?
  7. Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай неше түрге бөлінеді?

— Рахмет, құрылысымыздың негізі бар. Ендеше құрылысымызды әрі қарай жалғастырайық.

  1. Пысықтау.
  2. Сөздік жұмыс. Пазл.

   Құрылысымызды жалғастыру үшін қазақ тілінің септік жалғауларын еске түсіруіміз керек, пазл ішіндегі сөздерді тауып, мәтіннен септік жалғауы бар сөздерді атап берейік.

  1. «Білгенге маржан» дей отыра құрылысымызда жалғастырамыз, ол дегенін сөз маржаны — мақал мәтелдерді еске түсіру, сөз  таптарын рет ретімен табу.

Ү. Сергіту сәті. «Бала тілі – бал» тақырыбына орындаған шағын көріністі тамашалап, бір көңілімізді көтерейік.

  1. Мұғалім: -Балалар, осы тоқсаннан бастап ана тілін оқимыз.

Дәулет: — Әке тілін қашан оқимыз?

  1. -Балам, неге жылайсың?

-Басымды есікке соғып алдым.

-Көрсетші, қашан соғып алдың?

-Кеше кешкісін.

-Ендеше ол үшін бүгін неге жылайсың?

-Кеше үйде ешкім болмады ғой!

ҮІ. Бекіту.

Енді құрылысымызды жалғастыру үшін тағы бір бөлігін орналастырайық. Ол үшін біз сіздермен синтаксис бойынша сатылай кешенді талдау үлгісін еске түсіріп, синтаксистік талдаудың сызбасына сүйене отырып жұмысымызды орындаймыз.

  1. Синтаксистік талдау.
  • Астана қаласының рәмізі – Бәйтерек.
  • Бәйтеректің биіктігі 97 метр.
  1. Құрылысымыздың ең маңызды бөлігі ол – шар. Шарды орнықтыру үшін деңгейлік тапсырмаларды орындауымыз керек.

I деңгей

1.Мына сөздермен сөз тіркестерін құрастырыңыз: рәміз, тәуелсіз, биік.

2.Отан туралы қандай мақал – мәтел білесіз?

II деңгей

1.Сөйлемдер құрастырыңыз: демалыс жері, Қазақстанның болашағы, ғимарат салу.

2.Мына сұрақтарға жауап беріңіз.

А) Астананың символына айналған монумент?

Ә)Бәйтеректің биіктігі неге 97 метр?

Б) «Астана — Бәйтерек» Монументі қандай символ?

III деңгей

1.Сөйлемдерді дұрыс құрастырыңыз.

А) Символына, айналған, Бәйтерек, Астананың.

Ә) «Астана — Бәйтерек», тек архитектуралық, монументі, емес, ескерткіш.

Б) Болашағының, біздің мемлекеттің, өткенінің, қазіргі күнінің, айқын көрінісі, және.

2.Мына сөздерге мәндес сөздер тауып жазыңыз: рәміз, болашақ, әсем.

ІҮ деңгей

  1. Баяндауышы зат есімнен, сан есімнен болатын сөйлемдер құрастыр.
  2. Сұрақтарға жауап бер.

Үндестік заңына бағынбайтын сөздер бар ма?

Сөз құрамына не жатады?

Құрмалас сөйлемнің неше түрі бар?

Ү деңгей

  1. Сызба бойынша сөйлем құрастыр.
  2. Сұрақтарға мақал-мәтелмен жауап беріңіз.Адамның қай мүшесі қорқақ, ал қай мүшесі батыр болып келеді?

ҮІІ. Қорытынды.

  1. Үйге тапсырма: Зәулім ғимарат – Бәйтерек туралы шағын әңгіме жазу.

2 сөйлемге талдау жаса.

  1. Бағалау.
  2. Рефлексия.

Осымен құрылысымыз аяқталды. Сонымен бүгін сабағымызда Бәйтерек ағашын салуға грамматика саласы бойынша алған біліміміз көмек болды. Сондықтан болашақта грамматика сендерге адал көмекші болады деп сенемін.

Сабағымызды аяқтай отыра:

Мемлекеттік тілімізді құрметтесек орнымыздан тұрайық,

Елордамыз көркейсің десек қолымызды көтерейік.

Тәуелсіз Қазақстан – бай десек қол соғайық.

Ынтымағы бірлігі жарасқан ел десек – қол ұстасайық.

Конкурстар мен олимпиадалар - https://talimger.kz

Республикалық қашықтық олимпиадалар — http://clever.zti.kz

Республикалық конкурстар, курстар, конференциялар мен олимпиадалар — https://ukz.kz

Конкурстар, конференциялар және олимпиадалар — https://tarim.kz

Халықаралық семинарлар, олимпиадалар мен конкурстар — https://mriks.ru

Халықаралық педагогтар ассоциациясы - https://iae.su

Атаулы ертегілер - https://hansunqar.kz