Гимнастика – дене тәрбиесі құралы және әдісі [Физическое воспитание]

Автор статьи : Ерхат Т.
Организация : "Маяковский атындағы орта мектебі" КММ
Должность : Дене шынықтыру мұғалімі
Дата : 23.12.2019
Издатель : Индира Т., корреспондент
Редакционная коллегия: онлайн нұсқада ғана жариялауға рұқсат етілген

Гимнастика – жан-жақты дене тәрбиесінің негізгі құралдары мен әдістерінің бірі ретінде анықталатын кең ұғым. Гимнастика – адам ағзасына жан-жақты әсер ететін, оның негізгі функционалдық процестерін күшейтетін, үйлесімді, дамуына көмектесетін, көңіл күйін көтеретін арнайы іріктелген жаттығулар жүйесі. Гимнастикалық жаттығулар жасау арқылы өмірлік қажетті қозғағыш дағды, әсемдік пен қозғалыс дәлдігі қалыптасады, дененің негізгі қабілеті – ептілік, шапшаңдық, күш, төзімділік, икемділік дамиды. Гимнастика жасау барлық сәби кезден басталып, барлық жас кезеңдерінде жалғастырылады. Гимнастиканың міндеті денсаулықты күшейту, дене күшін жетілдіру және әр алуан іс-әрекетке адамның дене күшінің жан-жақты әзірлігін жүзеге асыру болып табылады. Оның үстіне гимнастиканың мынандай арнайы міндеттері бар: тұлғаны дұрыс қалыптастыру, дененің әртүрлі өзгеруінің алдын алу және оны түзету, жарақаттан кейін қимыл-қозғалыс апараттың жұмыс істеу қабілетін қалпына келтіру, өзіне тән қимылды меңгеруіне баулу. Гимнастика – дене тәрбиесі әдісі. Гимнастикада жан-жақты дене тірбиесінің міндеттерін шешуге жәрдемдесетін мейлінше әр алуан дене тәрбиесі жаттығуларын пайдаланылуы мүмкін. Онда педагогикалық міндеттер мен ағзаның анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес кез келген қимыл мен қозғағыш әрекетті қолдануға болады. Гимнастикада ағзаның құрылымы мен қызметіне біршама дәл талғамды ықпал жасауды жүзеге асыруға болады. Гимнастикаға тән әдістемелік тәсілдер дене тәрбиесі жаттығуларының көмегімен жекеленген мүшелер мен бұлшық ет топтарына, сондай-ақ дененің әр түрлі қасиеттерін дамытуға ерекше ықпал жасауға мүмкіндік береді. Гимнастикада денеге түсетін күшті біршама дәл мөлшерлеу мүмкіндігі бар: әр алуан жаттығулар гимнастикамен айналысатын адамның дайындығына сәйкес әрі ол жаттығулардың ағзаға әсері қатаң ескеріліп пайдалынады және белгіленеді. Жаттығу сабақтарының эмоциялығын арттыру, эстетикалық сезімге, ырғақтыққа, дәлдікке баулу және қимылдың мәнерлілігін арттыру мақсатында гимнастика жасау кезінде әуенді қолдану тиімді. Гимнастиканы үйрету процесі жалпы білім беру сипатына ие: өзінің қозғалыс мүмкіндіктерін бағалай білуге баулиды, қозғалыс әрекеттерінің жалпы заңдылықтарын ашып көрсетеді. Бұл оқу міндеттерін бөлу, қозғалыстың сараптамасы мен синтезін кеңінен қолдану, қозғалысты жаңа қозғағыш әрекетіне ұштастыру және әр алуан дене жаттығуларын зерттеп үйрену арқылы жүзеге асырылады. Гимнастикада тәрбие беру міндеттерін жүзеге асырудың ерекше құралдары бар. Ол қозғағыш әрекеттердің дәл, алдын ала келісіліп орындауын талап етеді, оның әрекет саналылығы мен дербес тәуелсіздігін талап ететін регламенті белгіленген сабақ кестесі, оқу процесін ұйымдастырудың ерекше стилі бар. Мұның бәрі тәртіпке, зерделілікке баулиды, ерік-жігер мен мінез-құлықтың нығаюына көмектеседі.

Сөйтіп гимнастика тәсілдері жалпы дененің жетілуін қалыптастыру міндеттерін шешуге, жаттығу жасаумен айналысатындардың жасы мен дайындығына сәйкес дене шынықтыру жаттығуларын қолдануға, дене тәрбиесінің сауықтыру және тәрбиелік-білім беру міндеттерін ойдағыдай жүзеге асыруға мүмкіндік береді.