Ұстаздарға және оқушыларға арналған порталдар тізімі

  1. "Clever Quizzes" пән олимпиадалары - http://w.zti.kz/4a623c
  2. "Clever Library" ата-аналар мен педагогтарға арналған кітапхана - http://w.zti.kz/crviy
  3. Лингвистикалық олимпиадалар - https://wonder.zti.kz
  4. Бастауыш білім беру негіздері бойынша 3 тілдік олимпиадалар - https://kokon.kz
  5. Итальяндық дойбы бойынша киберолимпиадасы - https://doiby.zti.kz
  6. Интеллектуалды шахмат киберолимпиадасы - https://chess.zti.kz
  7. Жарыстар, конференциялар, олимпиадалар - https://kzu.kz
  8. Республикалық конкурстар, курстар, конференциялар мен олимпиадалар мен курстар - https://ukz.kz
  9. Зияткерлік сайыстар, конференциялар мен олимпиадалар – https://tarim.kz
  10. Мұғалімдерге арналған әдістемелік журнал - https://adisteme.kz
  11. Республикалық қашықтық олимпиадалары – https://clever.zti.kz
  12. Жарыстар, конференциялар, олимпиадалар - https://talimger.kz
  13. Менің психологиям - http://w.zti.kz/oqvmc

Ескерту: Мақала сапасы туралы ақпараттарды, сертификат, анықтама және журналға тапсырыс беру батырмаларын мақала авторы немесе журнал тілшісі ғана көре алады.

Есептік сан есім

Қазақ тілі және әдебиеті
Есептік сан есім

Мақала авторы: Адракова Раушан Абайқызы
Жұмыс орны: СҚО Жамбыл ауданы "Жамбыл орта мектебі" КММ
Лауазымы: қазақ тілі және әдебиетінің мұғалімі
Порталға жариялану мерзімі: 17.04.2017
Журнал қорына жариялаған: А.


Сабақтың тақырыбы: Есептік сан есім
Сабақтың мақсаты:
Есептік сан есімді оқыту барысында логикалық , шығармашылық қабілеттерін дамыту;
а)Білімділік – сан есімнен алған білімдерін кеңейту, сан есімнің мағыналық түрлерінің бірі – есептік сан есімді меңгерту, басқа түрлерінен ажырата білу;
ә)Дамытушылық – есте сақтау және ойлау қабілетін дамыту, танымдық қызығушылықтарын дамыту;
б) Тәрбиелік – халқымыздың салт- дәстүрін қастерлей білуге, оны орынды қолдана білуге, кішіпейілділікке, адамгершілікке, ынтымақтыстыққа, тіл тазалығын сақтауға тәрбиелеу:
Сабақтың түрі: той сабақ
Сабақтың типі: жаңа білім беру
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, жеке жұмыс, салыстыру, түсіндіру, топтастыру т.б.
Көрнекілігі: «даналық» ағашы, кеспе қағаздар, кесте, слайдттар, сандық т.б.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: – Психологиялық даярлық. Оқушылармен амандасып, сабаққа дайындықтарын тексеру.
«Әдепті елдің баласы
Алыстан сәлем береді»,- демекші сыпайылық танытып, қонақтарымызбен амандасып алалық.
Жарқырап күн де ашылды
Айналаға нұр шашылды
Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз
Қайырлы күн! Сәлемдесіп аламыз.- жақсы, енді орнымызға отыра қоялық.
Балалар, қандай суреттер бейнеленген. Белгілі бір мерекелердің тойланып жатқаны байқалып тұр. Тойға үлкен, кішілердің бәрі барады. Қазақта әртүрлі себептерге байланысты тойлар көп болады, ия. (Мысалдар келтіру.) Тойға көрші ауылдардан да қонақтар келеді емес пе? Біздер бүгін үлкен тойға жиналып отырмыз. Тойдың себебі – қазақ тілі сабағы, тойдың иесі – мен, сіздер – менің қуанышымды бөлісуге келген құрметті қонағымсыздар. Бұл тойда сіздерден басқа қонаққа келген үлкен аға – апаларымыз бар. Сондықтан халқымыздың салт – дәстүрін қастерлей білетінімізді, үлкенге- құрмет, кішіге- ізет көрсете алатынымызды білдіруіміз керек.
ІІ. Шашу- Өткен тақырыптарды қайталау: – Халқымыздың салты бойынша тойға келген қонақтар үйге шашу шашып кіреді екен. Сендер бұл тойға біліммен шашу шашасыздар. Ендеше, «Даналық» ағашының тапсырмаларын орындайық. (Шарты: Ағаштағы алмалардың тапсырмаларын орындай отырып, себеттерге жинау).
1-алма: Морфология нені зерттейді? (Тіл білімінің сөз құрамын, сөз таптарын зерттейтін сала)
2-алма: Сөз таптары шешеге бөлінеді? (3-ке. Атауыш сөздер – Зат е., Сын е., Сан е., Есімдік, Етістік, Үстеу, Еліктеу сөз мағынасы бар. Көмекші сөздер – шылау жеке тұрғанда мағынасы жоқ, Одағай сөздер – одағай, толық мағынасы жоқ, сұраққа жауап бермейді)
3-алма: Деректі және дерексіз зат есімдерге анықтама беріп, мысал келтіріңіз. ( Деректі зат есім- көзбен көріп, қолмен ұстауға болатын зат есім. Кітап, дос, су т.б. Дерексіз зат есімдер- көзге көрінбей, адамның ойлауы нәтижесінде ғана танылатын құбылыс, ұғым атаулары. Ауа, ой, арман,сезім т.б.)
4-алма: Сапалық, қатыстық сын есімдерді ажырат.
Мысалдар Сапалық сын есім Қатыстық сын есім
Жасыл +
Кестелі +
Әдемі +
Көк +
сулы +

5-алма: Сан есім дегеніміз не? Сөз таптарында қай топқа жатады? (Заттың санын, мөлшерін, ретін білдіріп, қанша, неше?, нешеу? Нешінші? Тәрізді сұрақтарға жауап береді. Атауыш сөздер тобына жатады.)
137- жаттығуды тексеру. Ауызша
– Міне, құрметті қонақтар, білім шашуларыңызбен төрге шықтыңыздар.
ІІІ. Тойбастар – Жаңа сабақ. – Тойдың басы – тойбастар. Той дастарханынан дәм тату басталды. Ол үшін дәптерлеріңізді ашып, күн санын жазып қойыңыздар.
Салтымыз бойынша үй иесі қонақтарға ауылдың алты ауызын бастауы керек екен. Ауылдың алты ауызына мен сіздерге жаңа сабақты ұсынамын.
Қызықты шумақ.
10 бала қоршады Құрметті бұл қ10ақ
10ыншы вагонды, Ауылға қ10ады
Т10 әкеп қарсы алды С10арда ол болмақ
Ағайды пог10ды Аңшымен с10дағы. Біз өткен сабақтарда сөз таптарының қай түріне тоқталдық? (сан есімге) Мына шумақтарда сан есім қайсы?
Сан есім құрамына қарай, тұлғасына қарай нешеге бөлінеді?

Яғни, осыдан шығатын сабақтағы мақсатымыз: сан есім жайында алған білімімізді кеңейту, сан есімнің мағыналық түрлерінің бірішісі – есептік сан есімді меңгеру, және басқа түрлерінен ажырата білу;
– сан есімдер мағынасына қарай 6 түрге бөлінеді. . Бүгінгі сабағымызда 1-ші түрі есептік сан есімге тоқталамыз.

Анықтамасы: Есептік сан есім заттың нақтылы санын білдіріп, қанша? неше?
деген сұрақтарға жауап береді.
Есептік сан есімдер дара да
түрлерін жасауға негіз болады. күрделі болып, сан есімнің басқа
.
Мысалы: жүз, жиырмалаған, ондап, сезігінші, жетеу т.б. Мысалы: екі мың он екі, оннан бір, бес ондық, бір- бірден т.б.
IV Қонақ кәде (салтын айта кету). Құрметті қонақтар келесі кезек қонақ кәде де. Яғни жаңа сабақ бойынша жұмыстар. Кітабымыздағы 138- жаттығуға назар аударайық.
V. Ұлттық ойындар.
– Ал, енді, тойшы қауым, қонақ кәдені абыроймен орындап шықтық. Бұл тойды қыздыра түсетін ұлттық ойындар кезегі күтіп тұр. 1- ойынымыз-
«Орамал тастамақ» ойыны (ережесін айту). Ой толғау.
Қазақтың киелі «жеті» саны. Осыған байланысты сіздер
мағлұматтар жинақтап келу тапсырылған болатын.
-Қазақ халқының ұғымында жеті санының
қасиетті, киелі сан екендігін білесіңдер ме? Оқушылар жауабы. (жеті саны қазақта киелі сан. Жеті жасқа келген бала күрт өседі, яғни есейеді. Аптамыз жеті күннен, қайтыс болған адамның жеті күн садақасын береді. Мұсылмандар балаларына жеті атасын жаттады. Аспанымызда жеті жұлдыз қодарланып орналасқан жеті қарақшы бар.)
А) Қадір Мырза – Әлінің «Жеті» өлеңін жақта айту.
«Жеті»
Киелі сан жеті деген, Жеті Жарғы – заң жеті,
Байланысты жетімменен. Қазынамыз бар жеті.
Көп ұғымы халқымыздың, Жеті атамыз – жеті жұрт,
Белгісіндей салтымыздың. Ағайынды жеті құт.
Жеті қабат көк жер үсті
Жеті қабат жер асты.

Ә) «жеті жарғы» заңы. Сұрақтар:
1. «Жеті жарғы» заңын құрастырған кімдер? (билер, төрелер)
2.Қай ханның тұсында шыққан заң? (17-ғасырда Тәуке ханның тұсында шыққан)
3.»Жеті жарғы» заңын құрастыруға қатысқан билер кімдер? (Әйтеке, Қазыбек, Төле билер)
Б)1. «жеті ата», «жеті ұрпақ» туралы не білесіңдер? («Жеті ата» – бір кісіден тараған аталас қауым).
«Жеті ата» «Жеті ұрпақ»
1. Бала 1. Әке
2. Әке 2. Бала
3. Ата 3. Немере
4. Арғы ата 4. Шөбере
5. Тек ата 5. Шөпшек
6. Түп ата 6. Немене
7. Баба 7. Туажат
2. «Жеті атаңды» білесің бе? Атап айтыңдар.
3. Тағы қандай сандарды киелі деп санайды? (3 арсыз,5 парыз, 9 сөз табы, көжеге 7 түрлі тағам салады т.б.)
В) 1. Бұрынғы заманда елді , жерді кімдер биледі? (Хандар, болыстар)
2. Ал қазір кімдер билейді? (Мемлекетті президент басқарады)
3. Біздің презиентіміз кім? (Н. Ә. Назарбаев)
– Елбасымыз да қазақтың салтын, әдет- ғұрпын дәріптейтін адам. Сондықтан Н. Ә. Назарбаевтың 2030 бағдарламасынан да біз қасиетті «жеті санын» байқаймыз. Ол- жеті бағыты (ұстанымы).
1. Ұлттық қауіпсіздік.
2. Саяси тұрақтылық пен қоғамдық топтасу.
3. Шетел инвестициялары мен ішкі жинақталымдардың деңгейі жоғары ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсуі.
4. ҚР азаматтық денсаулығы, білімі мен әл- ауқаты.
5. Энергетика ресурстары.
6. Инфрақұрылым әсіресе көлік және байланыс.
7. Кәсіби мемлекет.
– Осы күдері біздің мектепте іс- шаралар өтіп жатыр. Ол іс- шаралар не үшін өтілуде? (1- желтоқсан ҚР тұңғыш Президенті күні болып аталып өтілуіне байланысты). Толығырақ мағлұмат беру.
– Ендеше, келесі ойынға да кезек келіп қалды. Басталғалы тұрған «теңге алу» ойынын да тамашалайық.
2. «Теңге алу» ойыны (ережесін таныстыра кету) . «Ғажайыптар алаңы» деп аталады.
1-ші Сан есімнің анықтамасы мен түрлерін атаңыз.
2-ші Дара сан есім мен күрделі сан есімді салыстырыңыз. (Венн диаграммасы).

3-ші Орхон – Енисей ескерткіштері тілінде кездесетін сан есімдер туралы айтыңыз. (Ескерткіште сан есімдер мағынасына қарай беске бөлінеді )
Орхон – Енисей ескерткіштері тілінде кездесетін сан есімдердің айтылуы Қазіргі қазақ тіліндегі сан есімдердің айтылуы
1. Есептік сан есімдер: секіз, йегірмі, бің, түмен т.б.
2. Реттік сан есімдер: екінті, .үчінч, онынч т.б.
3. Жинақтау сан есімдер: үчегүн т.б.

4. Болжалдық сан есімдер: елігче т.б.

5. Аралас сандар: йеті йегірме 1. Сегіз, жиырма, мың, он мың т.б.

2. Екінші, үшінші, оныншы т.б.

3. Үшеуін т.б.

4. Елудей т.б.

5. Он жеті т.б.

4-ші: берілген мақал- мәтелдерді оқып, көп нүктенің орнына тиісті сан есімдерді қойыңыз.
А) жеті рет өлшеп, бір рет кес. Ә) Ер жігіттің екі сөйлегені өлгені.
Б) Алты жасар бала алыстан келсе, алпыстағы қария сәлем берер.
В) Ел құлағы- елу. Г) Жүз теңген болғанша, жүз досың болсын.
5-ші:Есептік сан есімнің емлесіне мысал келтіріңіз.
1. 6-шы қыры: Талдаңыз (кеспе тарату): 1. сөйлемді сөйлем мүшесіне талдаңыз. Алты үшке қалдықсыз бөлінеді. 2. Он екі сөзіне фонетикалық талдау жасау.
3. Той сөзін септе
3. «Алтын сақа» ойыны – шығармашылық жұмыс.
Мына жақта балалар асық ойнап жатыр екен («Алтын сақа» ережесін айтып өту). Оны да тамашалайық. Шығармашылық жұмыс. Ұйқасын табу.
Қызықты той тойладық ретімен,
Көп болды ілгеніміз бұл жетіден.
Айлы кеш алтыбақан аясында
Ән салдық тербетіліп екі- екіден.- күрделі сан есім
VІ. Той иесінің ризашылығы «қалта тарату» – сабақты қорытындылау.
Сандықтағы бұйымдарда берілген сан есімдерді мысал келтіре отырып, өз конвертіне салу. ( он, жиырма, отыз, қырық үш, жетпіс бес, тоқсан тоғыз )

VІІ. Мүше беру – оқушы білімін бағалау. Той дастарханында отырған қонақтарға табақтан мүшелер таратады екен. Мен сіздерге бүгін сабақ барысында тапсырмаларды орындағандарыңа байланысты баға таратамын.

VІІІ. Той тарқар – үй тапсырмасын беру. 136- жаттығу, ережені жаттау, тойға байланысты мақал- мәтелдер жазып, жаттап келу.
ІХ. Той батасы – қорытынды сөз.
Той батасы
Көкірегі ояу, көзі ашық білімді болыңдар,
Үйреткенді ұғып алар ілімді болыңдар.
Ойларыңды іркілмей айтар батыл болыңдар,
Білімге құштар, ақылды болыңдар.
Тіліңде қандай заңдылықтар бар
Біліп алу- парыз, жақын болыңдар.
Ұлтыңды сүйер намысты болыңдар.
Білім жолында табысты болыңдар!

Ұстаздарға және оқушыларға арналған порталдар тізімі

  1. "Clever Quizzes" пән олимпиадалары - http://w.zti.kz/4a623c
  2. "Clever Library" ата-аналар мен педагогтарға арналған кітапхана - http://w.zti.kz/crviy
  3. Лингвистикалық олимпиадалар - https://wonder.zti.kz
  4. Бастауыш білім беру негіздері бойынша 3 тілдік олимпиадалар - https://kokon.kz
  5. Итальяндық дойбы бойынша киберолимпиадасы - https://doiby.zti.kz
  6. Интеллектуалды шахмат киберолимпиадасы - https://chess.zti.kz
  7. Жарыстар, конференциялар, олимпиадалар - https://kzu.kz
  8. Республикалық конкурстар, курстар, конференциялар мен олимпиадалар мен курстар - https://ukz.kz
  9. Зияткерлік сайыстар, конференциялар мен олимпиадалар – https://tarim.kz
  10. Мұғалімдерге арналған әдістемелік журнал - https://adisteme.kz
  11. Республикалық қашықтық олимпиадалары – https://clever.zti.kz
  12. Жарыстар, конференциялар, олимпиадалар - https://talimger.kz
  13. Менің психологиям - http://w.zti.kz/oqvmc