Ене мен келін

Көрініс
Ене мен келін

Мақала авторы: Ревшенов Шынгыс Айтбаевич
Жұмыс орны: Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Намазбай Ақшабаев атындағы орта мектебі
Лауазымы: Мұғалім
Порталға жариялану мерзімі: 18.02.2018


Ене мен келін (қарттық туралы көрініс)

(Қонаққа келген құрбылар)

Құрбысы:   -Сәлееееем!

Келін: -Сәлем! Қалайсыңдар-ей?

Құрбысы:

-Бізде жақсы ғой. Сол сенің жағдайыңды біліп кетейік деп келдік.

Келін: -Сұрама… Міне… (қолындағы жүзігін көрсетеді)

Құрбысы: -Мәәәәәәәә! М?

Келін: -Иә, күйеуім сыйлады. Сосын білесің бе не алдым?

Құрбысы: -Не алдың?

Келін: -258мың 930 тнг-ге өзім армандаған шубаны ақыры алдым…

Құрбысы:   -Мә, көрсетші-ей?

Келін: -Жоқ ? көрсетпеймін! Мен оны киіп шыққан кезде көресіңдер.

Құрбысы:-Ей, қойшы, сенде… Көрсетші енді?

Келін: -Әзірге ешкімге айтпаңдар-ей?

Құрбысы:  -Айтпақшы, құрбым? Өткенде сен енем ауырып жүр, соған ақша керек деп едің ғой? Сонда сонша ақшаны қайдан таптың?

Келін: -Е, жоқ! Енемді қаратуға әлі ақша табылмай жатыр…

Құрбысы: -Сонда сонша көөп ақша керек пе?

Келін: -Жоға, ары кетсе сол 100мың теңгедей шығар… Одан артық ақша шығарардай несі қалды дейсің?

Құрбысы:  Ей, анау 258 мың . . . ?

Келін: -930 тгн?

Құрбысы:  Иә, 258 мың 930 теңгеге шуба алғанша сол ақшаға емдетпедің бе?

Келін: -И, қой, қайдағыны айтпай! Енем ауырса осы жыл ғана ауырып жүр. Ал «шуба» ол менің ес білгелі арманым ғоой?

Құрбысы:  -Мәәә! Қатырасың сенде!

Құрбысы: -Күйеуің сені қатты жақсы көреді осы. Оның басын қалай айналдырасың осы? Үйретші бізге де?

Құрбысы: -Қойыңдаршы қыздар!!! Оданда шубаны көрейік те, қайтайық!

Құрбысы:  -Иә, жылдам көрсет, бізге де жұғысты болсын! Сосын біз қайтайық!

Келін: -Жә-жә! Көрсетемін… Ешкімге айтпаңдар әлі?

Құрбысы: -Әрине..

Келін: -Жүріңдер ,ендеше (сахна сыртына шығып кетеді)

2-көрініс. (сахнаға енесі шығады) (Ене сахнаға шығып орындыққа отырады.)

Енесі: Ай, келін? Әй, келінжан? Қайда өзі? Мына үйдің адамдары қайда кеткен? Бұлардың бәрін пенсия алғанда бір көресің. Осындай кезде таппай қаласың, шақырсаңда келмейді… Уф, діңкем құрып отыр… Келінжан, әй, келін?

Келін: Ой, ене!!! Не болды? Не болды сонша? Бір тыныш ұйқы да бермейді бұл…

Енесі: Әй, шырағым, қартайған сайын қимылдауым қиын боп бара жатыр. Сені еріккеннен шақырды дейсің бе? Тал түс болды ғой. Ең болмаса, бір таңғы шайымызды ішпейміз бе?

Келін: Сенде бір, шайға тоймайды екенсің. Шай! Шай! Шай ішпесең өлесің ба осы? (шығып кетіп тез келеді де)

— Шөлдесең, мә! Сарыағаш іште жатшы, қанды ішпей. Шақыра бермеш сосын! Шақырмаш мені! (айқайлап). Өліп те қоймады ғой, осы!(деп шығып кетеді жынданып)

Енесі: Келін, әййй келін! (ашу-ызамен) (музыка күшейтіледі)

 

Бала да келін де тіл алмайды. Мұндай өмірді сүргеннен сүрмеген жақсы еді ғой. (осы кезде немересі өтіп бара жатады)

Енесі: Әй, немерем, құлыным! Келші бері. Мені анау бөлмеме апаршы. Таяғым қайда тауып берші… Әжеңнен неге қашасың, балам?

Немересі: Мамам айтқан, әжеңнің қасына жақындама, ол ауру, ауруы жұғып кетеді деп айтқан. (деп сыртқа қаша жөнеледі)

Енесі: Әй, не дейді? Тоқта қайда барасың?  (музыка күшейтіледі)

Енесі: Қарттық деген осы екен ғой. Кеше ғана асырап баққан ұл-қызыңның тірлігі мынау болса, кімге не дей аламын? Келінде тыңдаудан қалды.

Марқұм шалым екеуміздің елде жоқ қора-қора қойларымыз болды. Жұртта жоқ жүйрік-жүйрік жылқыларымыз да болды.  Қартайғасын бәрінің…бәрінің бір тиындық құны қалмайды екен ғой…

Заманынан қалдырмай сәулетті, салтанатты үй салып та бердік. Кім үшін? Осы ұл, осы келін, осы немере үшін… Ал бүгін сол өз үйіме өзімді сыйғызбай отыр…

Қайран қазағым… Ұлың мен қызыңа дұрыс тәрбие бер. Қартайғанда қарызыңды өтеп бермесе оны өсіргенне не пайда?

Сезіп жүрмін… Менен құтыла алмай жүр. Қаншама жасты қыршыннан қырып жатқан ажалда келмеді ғой… Келмеді…

Ұлымның да, келінімнің де көздеріне күйік болмай кетейін. Кетейін! Мен өмірден осылайша-ақ өтейін. Қалған өмірім қарттар үйінде өтсін. Онда мұндай санасыз бала мен имансыз келін жоқ шығар…

(шығып бара жатып) :

Жолда құлап жатсам… көтеріп тұрғызатын бір қазақ бар шығар, сірә?! Бар шығар, бар шығар… (музыка күшейтіледі) .

Конкурстар мен олимпиадалар - https://talimger.kz

Республикалық қашықтық олимпиадалар — http://clever.zti.kz

Республикалық конкурстар, курстар, конференциялар мен олимпиадалар — https://ukz.kz

Конкурстар, конференциялар және олимпиадалар — https://tarim.kz

Халықаралық семинарлар, олимпиадалар мен конкурстар — https://mriks.ru

Халықаралық педагогтар ассоциациясы - https://iae.su

Атаулы ертегілер - https://hansunqar.kz